"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының "Сапа саласында конкурстар өткізудің кейбір ережелерін бекіту" туралы N 1526-мен тіркелген 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылдың 28 маусымда № 2919 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 16, 125 құжат);
2) "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы № 171 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 27 шілдедегі № 3754 болып тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 8 қыркүйекте № 164 жарияланған);
3) "Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 18 тамыздағы N 226 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2005 жылдың 22 тамызында № 3799 болып тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 18 қарашада № 214-215 (948-949) жарияланған);
4) "Сапа саласындағы конкурстарды өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 24 тамыздағы № 232 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізімінде 2005 жылдың 12 қыркүйегінде № 3829 болып тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 22 қыркүйекте № 174 жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мұхамбетов Ғ.М.) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә. Исекешев