Толық емес кедендік декларацияны толтыру және оны пайдалану жағдайларының ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 296 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3800. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Толық емес кедендік декларацияны пайдалана отырып тауарларды кедендік ресімдеудің ерекше рәсімін енгізу жолымен кедендік формалдылықтарды оңайлату мен жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 388-1 бабының негізінде  БҰЙЫРАМЫН:Қараңыз.K100296

      1. Қоса беріліп отырған Толық емес кедендік декларацияны толтыру және оны пайдалану жағдайларының ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы вице-министрі -     
Қаржы министрлігі Кедендік   
бақылау комитеті төрағасының  
2005 жылғы 9 тамыздағы     
N 296 бұйрығымен бекітілген  

Толық емес кедендік декларацияны толтыру
және оны пайдалану жағдайларының ережесі

      1. Осы Толық емес кедендік декларацияны толтыру және оны пайдалану жағдайларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 388-1 бабының негізінде әзірленген және толық емес кедендік декларацияны толтыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды еркін айналысқа шығару режимінде әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде оны пайдалану жағдайларын айқындайды.Қараңыз.K100296

      2. Егер декларант кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi бүкiл ақпаратқа өзiне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарларды декларациялау кезінде толық емес кедендік декларацияны пайдалануға жол беріледі.
      Декларанттың мәлімдемесі бойынша толық емес кедендік декларация мынадай жағдайларда пайдалануы мүмкін:
      1) әкелінетін тауарлар ашық көлік құралдарымен аудару арқылы өткізу, декларациялау сәтінде тауарлардың нақты салмағын мәлімдеу мүмкіндігі болмаған кезде;
      2) әкелінген тауарларды арнайы контейнерлер мен көлік құралдарында өткізу, тауарлармен технологиялық операциялардың өткізуінсіз тауардың нақты санын мәлімдеу мүмкіндігі болмаған кезде қарастырылуы мүмкін.

      3. Бұл ретте, онда тауарды шығаруға, кедендiк төлемдердi есептеу мен төлеуге қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай-ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер болған жағдайда толық емес кедендiк декларацияны беруге рұқсат етіледі.
      Толық емес кедендік декларацияны беру Кеден кодексінің 382,  383-баптарында көзделген құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүргізілуі қажет. Қараңыз.K100296
      Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде Ереженің қосымшасына сәйкес ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.

      4. Толық емес кедендік декларация жүктің кедендік декларацияларының бланкілерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне (бұдан әрі - Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесі) сәйкес мынадай ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады:
      1) Жүктің кедендік декларациясының (бұдан әрі - ЖКД) "Декларацияның түрі" деген 1-бағанының үшінші шағын бөлімінде "ТЕД" (толық емес декларация) қойылады.
      2) "Жүктік орындар және тауарды сипаттау" деген 31-бағанда тауарларды олардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бірдейлендіруге жеткілікті жалпы сипаттамамен декларацияланатын тауарларды көрсетуге жол беріледі.
      3) "Жалпы салмағы" деген 35-бағанда және "Таза салмағы" деген 38-бағанда тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес мәліметтер көрсетіледі.
      4) ЖКД-ның "Қосымша ақпарат/ұсынылатын құжаттар" деген 44-бағанында 9-номерімен декларант кеден органына жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы туралы міндеттеменің тіркеу номерін көрсетеді.
      5) ЖКД-ның "Сенімхат беруші" деген 50-бағанында декларант мынадай жазбаны жасайды:
      "Толық емес кедендік декларация тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кеден органына жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге міндеттенемін".
 

      5. Кедендік төлемдер мен салықтар толық емес декларация тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні төленеді.
 

      6. Тауарларды толық емес декларациялауды пайдалана отырып кедендік ресімдеу кезінде кеден органы толық емес кедендік декларацияны ресімдеген күні әрекет ететін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолданылады.
 

      7. Толық емес кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап отыз күнтізбелік күн өткенге дейін декларант кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      Бұл ретте, толық емес кедендік декларация ресімдеуді жүргізген кеден органының ЖКД электронды көшірмелерінің деректер базасында қалады және толық ЖКД берілгенге дейін жұмыстық бақылауда тұрады.
 

      8. Декларант кеден органына жетіспейтін мәліметтерді түзетілген және нақтыланған мәліметтерді есепке ала отырып толтыру тәртібі Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесінде айқындалған толық жүктің кедендік декларациясы және оның электронды көшірмесі түрінде ұсынады.
      Бұл ретте, толық ЖКД-ның "Жүктік орындар және тауарды сипаттау" деген 31-бағанында 6-номерімен "ТЕД" белгісі көрсетіледі. Толық ЖКД-ға толық емес кедендік декларацияның анықтамалық номері беріледі.
 

      9. Толық емес кедендік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді кеден органы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
 

      10. Бұл ретте, толық емес кедендік декларацияны қабылдағанға дейін немесе қабылдануымен бірге төленген кедендік баждар мен салықтар алдағы кедендік төлемдердің есебіне жатқызылуы мүмкін.

                                           Толық емес кедендік
                                           декларацияны толтыру
                                            және оны пайдалану
                                          жағдайларының ережесіне
                                                  1-қосымша

                                        _________________ бастығына
                                        (кеден органының атауы) 

                ________________ жылғы тіркеу N_____
                    (кеден органы толтырады)

            Қажетті құжаттар мен мәліметтерді беру туралы
                         МІНДЕТТЕМЕ

______________________________________________________________тұлға
              (аты-жөнінің бастапқы әріптері, тегі)

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(декларанттың толық және қысқартылған атауы, ТҚБО коды, орналасқан
жері, телефонының, телексінің, факсінің номері, осы шоттар ашылған
банк мекемелерін көрсете отырып банктік шоттарының номерлері)

___________________________________________________________________
(тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ
Міндеттемеге қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының
заңнамасында тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын дәлелдейтін
құжаттардың атаулары, күндері және номерлері көрсетіледі)

_________________ негізінде кедендік декларация ұсынылғанға дейін
осы Міндеттемеге қосымшада көрсетілген тауарлардың шығарылуын
жүзеге асыруды сұрайды

және ______________________________________________________________
                        (кеден органының атауы)

алдында Сіздер көрсеткен мерзімде толық кеден декларациясын беруге
және қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.
_______________ сомада тиесілі кедендік төлемдерді төлеу жүргізілді
(қамтамасыз етілді),
___________________________________________________________________
(тиесілі кедендік төлемдердің төленуін растайтын немесе егер
тауарларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік
төлемдер салуға жататын болса және олардың төленуін қамтамасыз ету
талап етілсе олардың төленуін қамтамасыз ететін құжаттың түрі,
номері, күні көрсетіледі.)

________________________________________________ қоса беріліп отыр.

200____ жылғы "____" ________________

______________________  ___________________________________________
(декларанттың атауы)   (аты-жөнінің бастапқы әріптері, тегі, қолы)

      М.О. (декларанттың)

___________________________________________________________________

Кедендік төлемдер төленгені
туралы кеден органының белгісі

Тауарлардың шығарылуына рұқсат беремін.
Кедендік декларацияны, құжаттарды, мәліметтерді беру мерзімі ______

_______________________ бастығы
(кеден органының атауы)

___________________________________________    ________________ ЛНП
(кеден органы бастығының аты-жөнінің                 (қолы)
      бастапқы әріптері, тегі)

200____ жылғы "____" ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады