"Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3821. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексінің 236 және  242-баптарына сәйкес, арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2272 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 16 тамызда N 33 (138) болып жарияланған) 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      барлық мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Комитет" деген сөзбен ауыстырылсын, "кедендік бақылау" деген сөздерден кейін "Қаржы министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік режимінде кедендік ресімдеу ережесі:

      6-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "Астана - жаңа қала" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақта:
      бірінші абзацта "ЕЭА туралы ережеде көзделген жеңілдіктерді алмастан," деген сөздер алынып тасталсын;
      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Декларациялаудың оңайлатылған нысанын қолдана отырып ЕЭА аумағына бұрын әкелінген тауарларды ЕКА кедендік режимімен орналастыруға ЕЭА туралы ережеде көзделген жеңілдіктерді алу үшін қажетті талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес есепті тоқсан ішінде жол беріледі.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қазақстан Республикасы заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, кеден органы Кеден кодексінің  441-бабында көзделген кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға, сондай-ақ Кеден кодексінің  432-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған сәттен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

       Қаржы вице-министрі -
      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады