Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.12.14 N 432 Бұйрығымен.
Сапа саласындағы конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің талаптарын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сапа саласындағы конкурсты өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 1526 тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқару және өзге органдарының бюллетенінде 2001 жылғы,
N 27, 457 бабында жарияланған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31-мамырдағы N 138; 2004 жылғы 31-мамырдағы N 139 бұйрықтарымен) өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығына алу материалдарын ресімдеу, ұсыну және сараптау ережесінде:
тақырыптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алу материалдарын рәсімдеу, ұсыну және сараптау ережелері";
барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін Сыйлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасында "Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "(1-қосымша)" деген сөзден кейін "түптеп тігілген" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сыйлық алуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың жиынтығы:
1) бекітілген нысанда (2-қосымша) толтырылған сауалнама-декларациясы 2 беттен кем емес;
2) конкурсанттың қызмет деңгейін өзіндік бағалауды көрсететін және сапа саласындағы нақты нәтижелердің есебі - 36 беттен кем емес;
3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмесі және тағы басқалары) - 30 беттен кем емес;
4) сапа саласында мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 2918 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 139 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктер үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесінде жазылған әдістемелік ұсынымдардың 1а-дан 9б-ға дейінгі көрсеткіштер өлшемдерінің негізінде конкурсанттың қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі сауалнама (3-қосымша) - 2 беттен кем емес;
5) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі.";
10-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"10-1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім бір данада жіберіледі, ал жиынтық құжаттар бес данада (құжаттардың үш данасы өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберіледі, ал екі данасы конкурсқа қатысушыға сарапшылық топтың есебімен бірге жергілікті жерлерде тексеру жүргізгеннен кейін Комиссияның жұмыс органына жіберіледі).
Конкурсқа қатысуға арналған материалдарды ұсыну мерзімі - конкурсты өткізетін ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Есеп А4 форматты қағазда басылуы тиіс. Мәтін қағаздың екі жағынан да мәтін редакторы "Word" N 14 шрифтінде терілуі тиіс. Есеп 36 беттен аспауы тиіс. Есептің мейлінше қажетті ережесін бөліп көрсету ұсынылады.
Көлемі 30 беттен кем емес диаграммалар, графиктер, сызбалар, кестелер және басқа да материалдар қосымша қоса беріледі.";
1-қосымшада:
"тіркеу нөмері" деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті - Конкурстық комиссияның Жұмыс органы" деген сөздермен толықтырылсын;
"кәсіпорынның атауы" деген сөзден кейін "(мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Есеп" деген сөз "Құжаттар жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын";
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстанның үздік тауарлары" Республикалық конкурсына ұсынылған өнімдерді сараптап бағалау ісін ұйымдастыру және жүргізу Ережесінде:
4-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тұтынушылық және азық-түлік тауарлары өндірісін жүзеге асырады;";
барлық мәтін бойынша "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетімен" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
"Мемлекеттік бақылау басқармасының" деген сөздер "аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде" деген сөздер "Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Төртінші кезең қорытындылаушы.
Қыркүйектен қарашаға дейін жүргізіледі және мынадай мәселелерді қамтиды:
Республикалық Конкурсқа қатысушылардың тізімі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетімен бекітілген;
Конкурсқа қатысушылардың материалдарын сараптау топтарының қарауы;
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-жарнама жұмыстары;
Дүниежүзілік көрме күні аясында Конкурс өткізу;
Конкурсқа қатысушы сараптау топтың сараптық бағалауы және конкурстық комиссияның Конкурстық қортындысын шығару (лауреаттарды және дипломанттарды анықтау және оларды құттықтау);
Конкурс жеңімпаздарының тізімін жариялау;
"Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсы лауреаттарының каталогын шығару.".
12-тармақта 3) тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"3) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер (3-қосымша)";
13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Конкурстың әр номинациясы қосымша көрермендер көзайымы жүлдесімен белгіленуі мүмкін".
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік қадағалау мониторинг, іс жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің Төрағасы
"Сапа саласындағы
конкурсты өткізудің кейбір
Ережелерін бекіту туралы"
Экономика және сауда
министрлігінің
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі
Комитеті Төрағасының
2001 жылғы 2 мамырдағы
N 128 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда
министрлігі
Техникалық реттеу және
метрология комитеті
Төрағасының бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
"Сапа саласындағы
жетістіктері үшін"
сыйақысына ізденуге
конкурсқа
қатысушыларды бағалау
Ережесіне 3 қосымша
Сапа саласындағы конкурсанттың қызметін
бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі
САУАЛНАМА
Сыйақы |
Балы |
Өлшем- |
Бал бойынша бағалау |
Ес- |
||
Өлшем- |
Өзін- |
Са- |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Басшылықтың |
100 |
1 а |
25 |
|||
1 б |
25 |
|||||
1 в |
25 |
|||||
1 г |
25 |
|||||
Сапа |
100 |
2 а |
25 |
|||
2 б |
25 |
|||||
2 в |
25 |
|||||
2 г |
25 |
|||||
Персонал |
100 |
3 а |
20 |
|||
3 б |
20 |
|||||
3 в |
20 |
|||||
3 г |
20 |
|||||
3 д |
20 |
|||||
Әріптестік |
8 |
4 а |
16 |
|||
4 б |
16 |
|||||
4 в |
16 |
|||||
4 г |
16 |
|||||
4 д |
16 |
|||||
Ұйымдар |
120 |
5 а |
24 |
|||
5 б |
24 |
|||||
5 в |
24 |
|||||
5 г |
24 |
|||||
5 д |
24 |
|||||
Мүмкіндікті |
бар- |
max |
500 бал |
|||
Тұтынушының |
200 |
6 а |
150 |
|||
6 б |
50 |
|||||
Персонал |
90 |
7 а |
67,5 |
|||
7 б |
22,5 |
|||||
Ұйымның |
70 |
8 а |
40 |
|||
8 б |
30 |
|||||
Ұйымның |
140 |
9 а |
70 |
|||
9 б |
70 |
|||||
Нәтиженің |
бар- |
max |
500 бал |
|||
Барлық көрсеткіш бойынша жалпы саны |