Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 323 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3846. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 8 журналында жарияланған):
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3571 тіркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 5 (17) журналында жарияланған):

      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Оқу орталықтары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады