Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.29 N 563 бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін:
1) "Электр поездары мен дизелді поездардың сапарға дайындығына және жол бойында күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
2) "Локомотив бригадаларының демалыс үйлерін, бөлмелерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ";
3) "Темір жол вокзалдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрі
2005 жылғы 31 тамыз
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрінің м.а.
2005 жылғы 15 тамыздағы
N 401 бұйрығымен бекітілген
"Электр поездары мен дизелді поездардың сапарға
дайындығына және жол бойында күтіп ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. "Электр поездары мен дизелді поездардың сапарға дайындығына және жол бойында күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ережелер) іс-әрекеті қала маңындық қатынастағы темір жол электрлі поездарын, дизелді поездарды жобалаумен, құрылыспен, қайта құрастырумен, жөндеу және пайдаланумен байланысты меншік нысаны мен жеке тұлғаларға тәуелсіз ұйымдарға арналған.
2. Ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар осы санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етуі керек.
3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды:
моторвагонды қозғалыс құрамы (бұдан әрі - МВҚҚ) - бұл жолаушыларды тасымалдауға арналған моторвагонды поездардан құрастырылған (электрлі поезд, дизелді поезд және автомотристер) моторлы және тіркемелі вагондар.
2. Сумен жабдықтауға, канализацияға,
жылуға, желдеткішке, жарыққа қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Сумен жабдықтаудың құрылымдық жүйесі ондағы судың ластануын болдырмауды, резервуарлар мен тарату құбыр желілерінен судың толық төгілуін қамтамасыз етуі және тазалау, жуу, залалсыздандыру үшін ыңғайлы болуы керек. Ауызсумен байланыста болатын сумен жабдықтау жүйесінің жабдықтары мен сыйымдылықтары үшін қолданылатын материал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен рұқсат етілген материалдар мен реагенттердің тізбесіне сәйкес болуы керек.
5. Резервуарларда су деңгейінің көрсеткіші және қайта жобаланатын вагондарда-судың таусылғанын білдіретін сигналы бар құрылғы болуы қажет.
6. Сумен жабдықтау жүйесінің резервуарлары және құбыр желілері жылумен оқшауланған болуы керек.
7. Вагонның сумен жабдықтау жүйесінің су құю құбырының басы ластанудан қорғалуы қажет. Сумен толтыру шлангілерінің басын жерге сүйретуге рұқсат етілмейді.
8. Вагонның резервуарлары мен су тарату крандарындағы судың сапасы, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығына сай болуы қажет.
9. Вагонның сумен жабдықтау жүйесін залалсыздандыру деполық және күрделі жөндеуден кейін және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, вагондарды техникалық тексеру мерзімі кезінде жүргізілуі керек.
10. Жолаушылар вагондарының жылыту жүйесі орындық астына орналасқан электрлі пештердің және желдеткіш жүйесінен келетін жылытылған ауаның электрокалориферлердің есебімен салонды бірқалыпты жылытуды қамтамасыз етуі керек.
11. Жылыту құралдары бетінің температурасы Цельсий (бұдан әрі - о С) бойынша плюс 55 градустан, жылытылатын беті (жақтаулары, панельдер) - 45 о С, аяқты орналастыру аймағында берілетін жылытылған ауа - плюс 35 о С-тан жоғарыламауы керек.
12. Желдеткіш жүйесі жазғы мерзімде секундына 1,67 текше метр (бұдан әрі - м 3 /с), және қыста - 0,55 м 3 /с сырттан берілетін ауаны қамтамасыз етуге арналған үзіліссіз жұмысқа есептелген болуы керек.
13. Салон ауасындағы екі оксиді көміртегінің құрамы қысқы мерзімде жолаушылары бар орындарда секундына 0,2 метр (бұдан әрі - м/с) ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 %-дан аспауы қажет. Ауа баптағышы жоқ вагондарда жазғы мезгілде - 0,4 м/с ауа жылдамдығына рұқсат етіледі.
14. Желдеткіш каналдары герметикалық мықты болуы және вагонның қуыс үй-жайларында орналасуы керек.
15. Жасанды жарық осы санитарлық ережелер мен Мемлекеттік стандарттар, құрылыстық нормалар мен ережелер талаптарына сай болуы керек. Жасанды жарық үшін спектор бойынша күндізгі жарыққа жақын қызу және люминесцентті шамдар пайдаланылуы керек.
16. Вагон салонының жасанды жарық деңгейі еденнен 800 миллиметр (бұдан әрі - мм) деңгейде және орындық арқалығынан 600 мм қашықтықта 150 люкстен кем болмауы қажет.
17. Дәретханаларды жарықтандыру - 50 люкс, кіреберістерде - 30 люксті құрауы керек.
3. Шу, діріл, инфрадыбыс және электромагнитті
сәулелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
18. Салондағы шудың деңгейі 75 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек.
19. Жолаушылар вагондарындағы дірілдің деңгейі (8 сағаттық әсер кезінде) 8000 Герц (бұдан әрі - Гц) жиілікте нормаланған қисығы 64 дБА тең болуы керек.
20. МВҚҚ машинистерінің салондары мен кабиналарындағы инфрадыбыстың шекті рұқсат етілген деңгейі 2 және 4 Гц октавты жолағының жиілігі кезінде - 102 дБА; 8 және 16 Гц октавты жолағының жиілігі кезінде - 99 дБА құрауы керек.
21. Машинист кабинасы мен салонындағы шекті рұқсат етілген электрлі магнитті сәулелердің деңгейі осы санитарлық ереженің қосымшасындағы талаптарға сай болуы керек.
4. МВҚҚ сапарға дайындауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
22. Құрастыру пункттерінде МВҚҚ толық дайындау мен жабдықтау жүгізілуі керек. Айналым пункттерінде біртіндеп дайындық жүргізілуі керек.
23. Құрастыру пункттеріндегі вагондарды толық дайындау мен жабдықтауға енуі керек:
1) сыртқы жинау;
2) дәретханаларды, қоқыс жәшіктерін залалсыздандырып өңдеу;
3) ішкі жөндеу және санитарлық-техникалық жабдықтау;
4) желдеткішті, электрлі пешті, шатыр үй-жайларын айына бір рет жиілікпен жел қақтыру және тазалау;
5) ішкі бөлмежайларды күрделі жинау;
6) жинау құралдарының заттарымен жабдықтау;
7) ауызсумен толтыру.
24. Айналым пункттерінде біртіндеп дайындауға енуі керек:
1) дәретханалар мен қоқыс жәшіктерін залалсыздандырып өңдеу;
2) салондар мен кіреберістерді ағымдық жинау;
3) вагондарды ауызсумен толтыру.
25. Құрастыру пунктінде вагондардың сыртын жуу әр сапардан кейін орындалуы керек.
26. Ұйымдастыру контингенттерін тасымалдауға арналған вагондар сапарға жөнелтілу алдында және ол аяқталған соң дезинфекцияға және дезинсекцияға жіберілуі керек.
27. Вагондарды сапарға дайындау пункттерінде жүргізілуі керек:
1) (құрылымда қарастырылған) құрастыру мен айналым пункттеріне келуі бойынша - дәретханаларды, қоқыс жәшіктерін залалсыздандырып өңдеу;
2) дезинсекциялық өңдеу - айына бір реттен кем емес (қолданылатын инсектицидтерге байланысты);
3) дератизациялық өңдеу - көрсеткіш және тапсырыс бойынша;
4) жоспардан тыс дезинфекция және дезинсекция эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
28. Дезинфекция және дезинсекция жүргізілгеннен кейін вагондардың ішкі үй-жайларын жинау залалсыздандыру құралдарын қолдануға байланысты қарастырылған нұсқаулықтардың мерзімінде және темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдардың арнайы рұқсатымен жүргізілуі керек.
29. Жолсеріктердің арнайы киімінің жиынына енуі керек: екі қалат, таңбалануға сәйкес (салон және дәретхана жинауға арналған бөлек) резеңкелі қолғап.
30. Ылғалды жинау вагонды залалсыздандырып өңдеу аяқталғаннан кейін жуу құралдарын қолдану арқылы жүргізілуі керек. Жинау аяқталған соң, жинау құралы мен шүберектер бір сағаттық экспозициямен 3% гипохлорид кальций ерітіндісінде немесе 60-120 минутқа сәйкес экспозицямен 0,1-0,2% екі хлор ерітіндісінде залалсыздануы қажет. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен қолдануға рұқсат етілген басқа да заттарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жинау аяқталғаннан кейін жинау құралдары жуылады және кептіріледі.
31. МВҚҚ тоқтап тұру орындарында темір жолды және жоларалықты қоқыстармен және басқа да қалдықтармен ластауға, дәретхананы пайдалануға рұқсат етілмейді. Вагондардан шыққан қоқыс МВҚҚ-ның бетондалған алаңша саябағының тоқтау орнында қондырылған қоқыссалғышқа шығарылады.
32. Вагондардың биологиялық дәретханаларынан сұйық қоқысты шығару техникалық қызмет көрсету пунктінің арнайы құрылғысымен жүргізілуі керек.
33. Вагонның сыртқы және ішкі өңдеуі аяқталған соң, алмалы-салмалы жинау құралымен, жабдықпен, медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен, сабынмен, дәретхана қағазымен жабдықталуы керек. МВҚҚ сапарға жөнелту алдында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен қолдануға рұқсат етілген жуу залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
34. Вагондарға қысқы және жылдың ауыспалы мезгілінде сыртқы ауа температурасы 10 о С және одан төмен кезде от жағылады. Құрамды отырғызар алдында (қысқы және жылдың ауыспалы мезгілінде) вагондардағы ауаның температурасы плюс 11-15 о С деңгейді ұстап тұруы қажет.
35. МВҚҚ құрамына енуге рұқсат етілмейтін және құрастыру пунктерінде тіркемеден ажыратуға жататын вагондар:
1) сумен жабдықтау, жылу, желдеткіш, канализация, электрлі жарық жүйелерінің жұмысы жарамсыз;
2) бөлмежайлары лас, әйнектері сынған немесе жоқ, жылдың салқын және ауыспалы мезгілінде терезе жақтаулары бекітілмеген, есіктері жарамсыз;
3) тұрмыстық паразиттер мен кеміргіштер анықталған.
36. Вагон салонының есігі қозғалмалы, бұлыңғыр материалдан немесе оның 1/2 биіктігінде әйнектелген болуы, еркін жабылуы және ашық жағдайда фиксерленуі керек.
37. Вагондардың терезелері анық көріну мен табиғи жарықты қамтамасыз етуі, қауіпсіз екі қабатты әйнекпен әйнектелген болуы, дыбыс және жылу оқшауландыруы, оның 1/3 биіктігінде ашылуы керек. Терезенің нығыздығы вагон ішіне шаң, қар және ылғалдың енуінен жақсы қорғауды қамтамасыз етуі, тозған жағдайына байланысты уақытылы ауыстырылуы қажет.
38. Дәретханалардағы терезе бұлыңғыр немесе бір түспен әйнектелуі керек.
39. Дәретханалардағы унитаздарда қақпақты пластмассалы орындық, дәретхана қағазына арналған ұстағыш, жуу және залалсыздану құралдары бар сыйымдылық, унитазды тазалауға арналған щетка, қолданылған дәретхана қағазына арналған сыйымдылық ыдыс болуы керек. Унитаздың орындығы көтерілген жағдайда фиксерленген болуы керек.
40. Дәретханалардың едені су өткізбейтін болуы, жиналған судың ағып кетуіне арналған тығынмен жабылатын еңіс болуы керек. Жиналған суға арналған құбыр желілері вагон асты жабдықтарынан алшақ орналасуы, ал қайта жобаланатын вагондар мен жоғарғы ыңғайлы МВҚҚ вагондарында жылыту құралдарымен жабдықталуы қажет.
41. Дәретханадағы қолжуғыш салқын су кранымен, айнамен, жоғарғы ыңғайлы вагондарда қосымша - сұйық сабын құтысымен, бір рет қолданылатын сүлгілерге арналған сүлгі ұстағыштармен жабдықталуы керек. Су тарату крандарының үстінде таңба немесе "Ішуге жарамайтын су" деген жазу болуы керек.
42. Вагонның барлық санитарлық-техникалық жабдықтары жарамды жағдайда болуы қажет.
43. Жолсеріктер жұмысқа түсер алдында медициналық тексерістен нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2556 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" N 766 бұйрығына сай өтулері керек.
44. Әр жолсерікте медициналық тексерістің және зертханалық тексерістің нәтижесі, сол сияқты гигиеналық оқытудан өткені туралы мәліметі жазылатын белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы керек. Сапар уақытында жеке медициналық кітапша әр жолсерікте сақталады. Ауру белгілері бар жолсерік бригадасын енгізуге рұқсат етілмейді.
45. МВҚҚ сапарға жөнелер алдында, отырғызуға дейінгі 2 сағат ішінде темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен үнемі қолданыстағы комиссиямен қабылданады. Комиссиялық қабылдау, ол да МВҚҚ техникалық қызмет көрсетуі мен күрделі жөндеуі аяқталған соң жүргізіледі.
5. Жол бойындағы МВҚҚ күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
46. Вагондардағы еріксіз желдеткіші автоматты режимде үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Вагон салонында жұмыс істеп тұрған желдеткіштің дефлекторы ашық болуы керек.
47. Жол бойындағы МВҚҚ вагонының жарығын (тәуліктің қараңғы уақытында) сөндіруге рұқсат етілмейді.
48. Жол бойында ашық болатын дәретхананы пайдалану режимі сақталуы керек, МВҚҚ тұрақтарда тоқтаған кезде, темір жол станцияларынан, санитарлық-курорттық және қала маңындық аймақтан, тоннельдерден, көпірлерден өту кезінде дәретханаларды пайдалануға рұқсат етілмейді, олар жабық болуы керек. Әр вагонда поезд жүретін барлық темір жолға байланысты санитарлық аймақ шекарасы туралы ақпарат болуы керек.
49. МВҚҚ вагондарын биологиялық дәретханалармен жабдықтау кезінде оларды барлық жол бойында және тұрақтарда пайдалануға рұқсат етіледі.
"Электр поездары мен дизелді
поездардың сапарға дайындығына
және жол бойында күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормаларына
қосымша
МВҚҚ салоны мен машинистерінің кабинасына электрлі
магнитті сәулелердің шекті рұқсат етілген деңгейі
Көрсеткіш атауы, өлшем бірлігі |
Шекті рұқсат |
1. МВҚҚ машинисінің кабинасында |
|
Өнеркәсіп жиілігінің ауыспалы магниттік сызығы (50 Гц): |
|
магниттік сызықтың кернеулігі, Н,А/м |
80 |
магниттік индукция, В, мк Тл |
100 |
Өнеркәсіп жиілігінің электрлі сызығы (50 Гц): |
|
электр сызығының кернеулігі, Е, кВ/м |
5 |
Тұрақты магниттік сызық: |
|
тұрақты магниттік сызықтың кернеулігі, Н, кА/м |
8 |
Электрстатикалық сызық: |
|
Электрстатика сызығының кернеулігі, кВ/м |
20 |
ЖЭАМҚ операторының жұмыс орындарында: |
|
электр сызығы |
25 В/м |
магниттік сызық |
250 нТл |
Электрстатика сызығы (ЭСС) (экраннан 10 см) |
500 В |
2. МВҚҚ салонында |
|
Электр сызығы: |
|
0,3-300 кГц жиілігі |
25,0 |
0,3-3 МГц жиілігі |
15,0 |
3-30 МГц жиілігі |
10,0 |
30-300 МГц жиілігі |
3,0 |
өнеркәсіп жиілігі (50 Гц) |
0,5 |
Энергия ағысының күші (0,3-30 ГГц), мк Вт/см 2 |
10,0 |
Электрстатикалық сызық: |
|
Электрстатика сызығының кернеулігі, кВ/м |
15 |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрінің м.а.
2005 жылғы 15 тамыздағы
N 401 бұйрығымен бекітілген
"Локомотив бригадаларының демалыс үйлерін, бөлмелерін
күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. "Локомотив бригадаларының демалыс үйлерін, бөлмелерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) іс-әрекеті қолданыстағы локомотив бригадаларының демалыс үйлерін (бұдан әрі - демалыс үйі), локомотив бригадаларының демалыс бөлмелерін (бұдан әрі - демалыс бөлмесі) жобалау, тұрғызу, қайта құрастыру және пайдаланумен байланысты меншік нысанына және жеке тұлғаларға тәуелсіз ұйымдар үшін арналған.
2. Ұйымның басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды:
1) локомотив бригадасы - локомотивті пайдалануды қамтамасыз ететін машинист және машинистің көмекшісі;
2) депо припискасы - локомотивтердің тіркелу саябағы бар локомотивтік депо.
2. Жер учаскесін таңдауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Жер учаскесі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелердің (бұдан әрі - ҚНжЕ) талаптарына жауап беруі қажет. Құрылыс және қайта құрастыру, тұрғызылған және бөлек тұрған объектілерді орналастыру, пайдалануға берудің сметалық-жоба құжаттарын бекіту санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алғаннан кейін рұқсат етіледі.
5. Демалыс үйлерінің құрылысының жер учаскесін жалпы қыдыру, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, кинотеатрларға жақын жерлерден алуға рұқсат етілмейді.
6. Локомотив бригадаларының демалыс уақытын арттыру және өту жолының уақытын қысқарту мақсатында демалыс үйінен депо немесе пункт бойынша кезекші үй-жайларға дейінгі қашықтық 1000 метрден (бұдан әрі - м) артық болмауы қажет.
7. Аумақта автокөлік жүру жолы және беті қатты жаяу жүргін жолы болуы қажет.
8. Демалыс үйін өндірістік кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағына орналастыруға рұқсат етілмейді.
Демалыс үйінен теміржол полотносына және өндірістік ғимараттарға дейінгі қашықтық тұрғын үй ғимараттарына арналған қолданыстағы ҚНжЕ сәйкес қабылдауы қажет.
9. Теміржол полотносы мен өндірістік ғимараттан қажетті санитарлық-қорғау аймағы демалыс үйі ғимараты құрылымын қоршап тұратын жоспарланған дыбыс дірілінің және қолданыстағы жергілікті релефінің дәлелді шу деңгейі көзінің есебі бойынша жобалаумен байланыстыру кезінде қабылдануы керек. Санитарлық-қорғау аумағының есебі негізіне үй-жайға рұқсат етілетін шудың эквивалентті деңгейі алынуы қажет. Санитарлық-қорғау аумағының төменгі мөлшері теміржол полотносынан 100 м кем емес құрауы қажет.
10. Аумақ көркейтілген, көгалдандырылған болуы және жиналған су мен жауын суынан тазарту үшін, отырғызылған көктерді, машина және жаяу жүру жолдарына су себу үшін инженерлік-техникалармен жабдықталған болуы қажет. Оның периметрі бойынша қажетті көктен отырғызылған жолақтар қарастырылған болуы қажет.
11. Спорт ойындарына арналған алаңшалар санитарлық-тұрмыстық бөлмежайлар жағына орналасуы қажет. Әр снаряд ауданы 20 квадрат метрді (бұдан әрі - м 2 ) құруы тиіс. Жатын корпусының терезесінен денешынықтыру алаңына дейінгі қашықтық 25 м кем болмауы қажет.
3. Жобалауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
12. Демалыс үйі ғимаратының сәулеттік-құрылыстық шешімдерін қолданыстағы ҚНжЕ талаптарының есебімен қабылдау қажет.
13. Үй-жайларды функционалды аумақтау гигиеналық нормативтердің, зиянды жеке факторлар мен химиялық заттардың регламенттеуші деңгейінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
14. Бөлменің төбесі мен қабырғасында жоғарғы дыбыс оқшауландырғышы болуы және беті ашық емес түсті материалмен көмкерілген болуы қажет. Бөлмеге кіру есігі кіреберіс түрінде болуы тиіс.
15. Жатын бөлмелері мен санитарлық-тұрмыстық бөлмежайлар әртүрлі корпустарда орналасуы керек. Жатын бөлмелері мен демалу бөлмелерін шудың және басқа да зиянды факторлардың әсері аз жерлерде орналастыру қажет. Жатын корпусы шаруашылық қатынасына байланысты жел соғатын бетте орналасуы қажет.
16. Жатын корпусының әр қабатында қолжуғыш, әжетхана, жүк қоймасын сақтауға арналған жуу құралдары, таза төсек жаймалары мен пайдаланылған төсек жайма жиынына арналып қойылған шкафтары бар қызмет кезекшісінің бөлмесі орналасуы керек.
Осы корпуста екі үй-жайдан тұратын төсек жаймасына арналған шкафтар бар жеке қызметкердің сақтау бөлмесі (жүк сақтау) болуы қажет: біреуі таза төсек жаймаларын сақтауға, екіншісі кір төсекті қабылдау мен іріктеуге арналған.
17. Санитарлық-тұрмыстық бөлмежайлардың құрамында мыналар болуы қажет: киімілгіш, су себезгі, әжетхана, жинау құралдарын сақтау, жуу және кептіруге арналған үй-жайлар, сыртқы арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіргіштер, асхана, демалуға арналған үй-жай, денешынықтырумен айналысуға арналған үй-жай, кезекшінің бөлмесі, меңгерушінің бөлмесі, жылу пункті, сыртқа тарату желдеткішті камералары және кондиционерлерге арналған үй-жайлар.
18. Станцияда локомотивтік депо болмаған жағдайда, шаруашылық корпусында локомотивтік бригадаларының есепшісі бөлмесін орналастыруға рұқсат етіледі.
19. Тұрғын пунктінде орталықтандырылған кір жуу бөлмесі болмаған жағдайда шаруашылық корпусында кір жуу бөлмесін тұрғызуға рұқсат етіледі. Кір жуу бөлмесін үй асты үй-жайларында орналастыруға рұқсат етілмейді. Үй-жай құрамы және кір жуу бөлмесінің жабдықтары нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 3629 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" N 137 бұйрығына сай болуы қажет.
20. Дезинфекциялық камералары жоқ темір жол станцияларында демалыс үйлерін жобалау кезінде, жобаны байланыстыру кезінде матрацтар, одеалдар және жастықтарды өңдеуге арналған дезинфекциялық камералар қондырғысы қарастырылуы қажет.
21. Шілденің ортаайлық температурасымен +21 о С және одан жоғары болатын аудандарда тұрған демалыс үйлеріндегі инсоляцияларды төмендету үшін шамамен 130-315 0 ориентациясы кезінде адамдар үнемі болатын жарық жақтаулары күннен қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы керек.
22. Жатын бөлмелері екі (немесе үш) адамнан тұратын бір бригаданы орналастыру үшін қарастырылған болуы қажет. Бөлменің ауданы бір демалушыға 6 м 2 кем емес есебімен анықталуы қажет. Бөлмелер жүрер жолда болмауы қажет.
23. Демалыс үйлерін сәйкесті ғимараттарда орналастыру жағдайында жатын бөлмелері шу, діріл болатын үй-жайлармен бірге орналаспауы қажет.
4. Санитарлық-тұрмыстық бөлмежайларға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
24. Локомотивтің машинистері мен машинист көмекшілерінің формалық арнайы киімдерін сақтауға арналған киімілгіштер өзі қызмет көрсету есебімен жобалануы қажет. Шкафтардың саны демалыс үйінің орны санынан кем болмауы қажет. Киімілгішке кіре берісте тазалық сақтау тораптары, жинау құралдарын жуу және кептіру сақтауға арналған бөлмежай, формалық сыртқы киімдерді және аяқкиімдерді кептіруге арналған бөлмежай (немесе шкаф), қолжуғыш, шаш кептіруге арналған құрылғы қарастырылған болуы керек.
Вестибюльмен бірге орналасқан киімілгішке кіру кіреберіс арқылы қарастырылған болуы қажет.
25. Жинау құралдарын сақтау, жуу мен кептіруге арналған үй-жай ыстық және салқын су сумен жабдықтау жүйесімен, оны кептіруге арналған құрылғымен жинау құралдарын сақтауға арналған шкафтармен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен жабдықталуы қажет. Осы үй-жайдың ауданы 4 м 2 кем болмауы тиіс.
26. Себезгілер кабиналармен жабдықталуы қажет. Кабинаның арақабырғалары ылғалға шыдамды материалдан жасалады, әр кабинада салқын және ыстық су, жуыну қажеттілігіне арналған сөрелер болуы қажет.
27. Себезгі торларының саны 20 адамға 1 себезгі тор есебінен анықталуы қажет.
Себезгі ішінде орындықтармен, ілгіштермен жабдықталған, себезгіге кіреберіс болуы қажет. Себезгі және себезгіге кіреберіс сыртқы қабырғаға тиіп тұрмауы қажет.
28. Себезгі ыстық және салқын сумен қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау ажыратылған жағдайда, депода кезектегі от жағу бөлмесі немесе электрлі су ысытқыш қарастырылуы қажет.
29. Қолжуғышта сүлгі мен киімге арналып ілгіш, сабынға арналып сөрелер, айна, электрлі кептіргіш сүлгі қарастырылуы қажет.
30. Дәретхана бөлек кабиналармен және жеке писсуарлармен жабдықталған болуы қажет. Жатын корпусының әр қабатындағы тазалық сақтау торабында 12 орын есебіне 1 унитаз және 1 писсуар қарастырылуы қажет. Тазалық сақтау торабына кіру қолжуғыш, сүлгіге арналған сөрелері болуы керек кіреберіс арқылы жүзеге асырылуы қажет.
31. Төсек жаймаларын сақтауға арналған қойма сөрелермен, стеллаждармен, ылғалды жинау мен дезинфекция жасауға мүмкіндік беретін жабыны бар төсек жаймаларын іріктеуге арналған столдармен жабдықталуы қажет.
32. Кір жуу бөлмесінің санитарлық-тұрмыстық үй-жайларында бөлек арнайы орында немесе үй-жайда сақталатын жеке таңбаланған жинау құралдары болуы қажет.
33. Киімілгіштердің, себезгілердің, себезгіге кіреберістердің, қолжуғыштардың, әжетханалардың, кептіруге арналған үй-жайлардың, таза және кір төсек жаймаларын сақтауға арналған қоймалардың қабырғалары мен арақабырғалығы кафельдермен немесе ылғалға шыдамды, жуу және залалсыздандыру құралдарын қолданатын ылғалды жинау мен залалсыздандыруларға шыдамды материалдардан жасалуы қажет. Екі метр белгіден жоғары қабырғалар мен төбелерде суға шыдамды беті болуы тиіс. Қолжуғыш және басқа санитарлық-техникалық құрал қондырылған орындардағы қабырғалар еденнен 2 м биіктікте кафельден жасалуы қажет.
34. Өндірістік үй-жайдың асхана қабырғалары 1,8 м биіктікте кафельмен немесе ылғалды жинау мен залалсыздандыруға мүмкіндік беретін материалдармен әрлендірілген болуы қажет. Қойма үй-жайлары мен дәліздердің қабырғалары 1,8 м биіктікте ылғалға шыдамды бояумен боялған болуы қажет.
5. Демалуға және денешынықтырумен (спортпен)
айналысуға арналған үй-жайларға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
35. Демалыс үйінде, локомотив бригадаларының еңбектегі аз қозғалысы мен жағымсыз күштердің әсерлерінің алдын алу мақсатында денешынықтырумен айналысуға арналған үй-жайлар болуы қажет.
36. Денешынықтырумен айналысуға арналған үй-жай механикалық сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған болуы қажет.
37. Спорт үй-жайының едені біртегіс, тайғанақсыз беті ағаштан болуы немесе жылуды аз өткізетін материалдардан жасалуы қажет.
38. Шырақтар мен әйнекті терезелердің жақтаулары қорғаныс құрылғысымен жабдықталуы қажет.
39. Бөлменің төбесі мен қабырғасында жоғарғы дыбыс оқшауландырғышы болуы және беті ашық емес түсті материалмен көмкерілген болуы қажет. Бөлмеге кіру есігі кіреберіс түрінде болуы тиіс.
6. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
40. Әр демалыс үйлерінде демалушы бригадаларын тәулік бойы ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған асхана қарастырылуы қажет.
41. Асхана үй-жайлары демалыс үйінің шаруашылық корпусында орналасуы қажет. Отырғызу орнының саны демалуға келушілердің жоғарғы орта сағаттық санынан кем болмауы тиіс.
42. Асханаларды пайдалану және күтіп ұстау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын бекіту туралы" N 569 бұйрығына сай болуы қажет.
43. Асханада ыдыс жууға жағдай жасауы қажет.
44. Асхана кіреберісінде ыстық және салқын су келіп тұратын қолжуғыш орнатылуы қажет.
45. Машинистерге қызмет көрсетумен және тамақтандырумен байланысты жұмысшылар медициналық тексерістен , нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2556 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" N 766 бұйрығына сай өтулері керек, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2531 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 688 бұйрығына сай гигиеналық оқудан өтуі керек, өзімен бірге жеке белгіленген үлгідегі медициналық кітапшасы болуы қажет.
7. Жатын бөлмелеріндегі шу мен діріл деңгейіне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
46. Жатын бөлмесін дәлізден бөліп тұратын жатын бөлмелерінің қабырғалары қоршаған орта шуының енуін төмендету үшін шуды төмендететін материалдардан жасалуы қажет, есіктерге мықты қабат қондырылуы, терезе-әйнектермен бөлектенілуі қажет.
47. Жатын корпусының жатын бөлмелері мен дәліздерінің едендері кілем алашаларымен немесе арнайы дыбыс төмендететін материалмен жабылуы қажет.
8. Аймаққа, сумен жабдықтауға және канализацияға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
48. Демалыс үйлерінің сумен жабдықтау және канализациясы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жүзеге асырылуы қажет.
49. Орталықтандырылған шараушылық-ауыз су сумен жабдықтау көзін таңдау санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүзеге асуы қажет.
50. Технологиялық, шаруашылық-тұрмыстық, ауыз су қажеттіліктеріне пайдаланылатын су нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 (бұдан әрі - N 506 бұйрық) бұйрығының талаптарына жауап беруі қажет.
51. Салқын және ыстық сумен жабдықтаудың сыртқы және ішкі желілері және канализациялар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес орындалуы қажет.
52. Орталықтандырылған сумен жабдықтау ажыратылған жағдайда артық ауызсуға арналған резервуар қарастырылуы қажет. Ауызсуға арналған резервуарлар N 506 бұйрықтың талаптарына сай тазартылуы және залалсыздануы қажет.
53. Қоқыстарды жинау үшін қақпақты контейнерлер қондырылуы қажет. Контейнерлер жатын корпусының терезесінен, спорттық алаңнан 20 м кем емес қашықтықта орналасуы және көлік құралдарының келіп тоқтауына және жиналған жауын суын жіберу үшін қолайлы, қоршалған, асфальттанған және бетондалған алаңшада орналасуы қажет.
54. Аумақты жинау жылы мезгілдерде - күнделікті (күніне екі реттен кем емес), қысқы мезгілде қардан, мұздан жүйелі түрде тазартылуы, тайғақ кезде құм себілуі қажет.
55. Қоқыс контейнерлерінің 2/3 артық емес көлемде толған мөлшерінде аумақтан шығарылуы тиіс. Контейнерлер кальций содасының 1 пайыздық ерітіндісімен (Цельсий бойынша 45-50 градуста (бұдан әрі - о С )) немесе қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға мамандандырылған Қазақстан Республикасының ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген басқа да жуу құралдарымен тазартылуы және жуылуы қажет.
56. Аулаішілік дәретханалар демалыс үйінен 20 м кем емес және 100 м артық емес қашықтықта орналасуы қажет.
9. Жылу, желдеткішке және ауа баптауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
57. Демалыс үйінің үй-жайлары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жылу жүйесімен, желдеткіштермен және ауа баптаумен жабдықталуы және жыл мезгіліне байланысты микроклиматтық ауа параметрімен және ауа алмасуының еселігімен қамтамасыз етуі қажет.
Жылыту құралдары мен желдеткіштердің құрылымы оларды шаң мен кірден ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етуі тиіс.
58. Демалыс үйі үй-жайларының есептелген ауа температурасы және ауа айналыс еселігі жылдың салқын мезгілінде қолданыстағы ҚНжЕ сай қабылдануы қажет. Жазғы температура есебімен сыртқы ауа 28 о С және одан жоғары аудандардағы жатын бөлмелері, демалуға арналған бөлмежай, психологиялық тынығу бөлмесі, түстіктену асхана залы, денешынықтырумен айналысуға арналған бөлмежай ауа баптауға арналған құрылғымен жабдықталған болуы қажет.
59. Әр жатын бөлмесіне сыртқа тарату желдеткішін қондыру кезінде, қабырғаның 2,5 м биіктіктегі ішкі жағынан орналасқан веер түріндегі реттейтін тор арқылы таралуы керек. Бір демалушыға берілетін ауаның көлемі сағатына 40 текше метрді құруы тиіс және терезелі сыртқы қабырғаға қарай шығарылады. Салқын мезгілде сыртқы ауаны жылыту қарастырылуы қажет.
60. Ыстық климатты аудандарда үй-жайды ауамен баптау кезінде бір адамға сыртқы ауаны беру көлемі ауа ылғалдығы, сол сияқты ғимарат құрылымын қоршайтын жылу оқшауландырғыш есебімен, қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай қабылдануы қажет. Есептелген ішкі ауаның температурасы 26 о С құруы қажет.
61. Денешынықтырумен айналысуға арналған үй-жайларда бір шынығушыға 80 текше метрден (бұдан әрі - м 3 ) кем емес көлемде сыртқы ауаны беру қарастырылуы қажет. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,25 метр секундынан артпауы қажет.
62. Барлық үй-жайлардың асханасында жылдың салқын мерзімдерінде сыртқы ауаны жылытумен механикалық ауа алмастыру жалпыкөлемдік сыртқа тарату желдеткіші және асхана плитасының үстінде сору желдеткіші қарастырылуы қажет.
63. Желдеткіш жабдығы, сол сияқты ауа тарату арналары бар үй-жайлардың төбелері мен қабырғалары дыбыс төмендететін материалдан жасалуы қажет.
64. Электрлі моторлар діріл оқшауландырғыш негізінде қондырылуы қажет.
Ауаарналарды желдеткіш құрылғысымен және ауа баптаумен байланыстыру майысқақ тұғырлар арқылы орындалуы қажет.
65. Локомативтік бригада демалыс үйінің барлық үй-жайларындағы терезе жақтауларында фрамугтер қарастырылуы қажет.
66. Дәліздегі желдеткіш ауаарналары ілінгіш төбенің үстімен өтуі қажет.
10. Жарыққа қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
67. Демалыс үйі үй-жайларының табиғи және жасанды жарығы қолданыстағы ҚнжЕ талаптарына сай болуы қажет.
68. Жатын бөлмелерінде жалпы жасанды жарықпен қатар жергілікті жасанды жарық болуы қажет.
69. Демалыс үйінің аумағында, машина жүру жолдарында, локомотивтің тапсырыс орнынан қызметтік өту жолына дейін қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай электрлі жарық болуы қажет.
70. Аумақта жасанды жарық көздерін орналастыру кезінде жарықтың жатын корпусының терезесіне тікелей түсуін болдырмау қажет.
11. Жабдықтарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
71. Жатын бөлмеде демалуға қажет жиһаз болуы қажет.
72. Жатын бөлмелерінің терезелерінде күннен қорғайтын перде болуы қажет. Терезелердің әйнекшелері, фрамугтерін жазғы мезгілде торлау қажет.
73. Демалыс үйі бір тәуліктегі демалушылардың жоғарғы есебінің санына сәйкес төсеніш қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Кір төсек жаймалары таңбаланған қаптарда жиналуы қажет.
74. Ауысымдық аяқкиім әр қолданыстан соң, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру құралдарымен өңделуі қажет.
75. Жатын корпусының әр қабатында шаңсорғыш және тұрмыстық тоңазытқыш болуы қажет.
76. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және таңу материалдары жиыны бар дәрі қобдишасы болуы қажет.
12. Демалыс үйінің үй-жайларын күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
77. Ғимараттар мен үй-жайларға ағымдық жөндеу жылына бір реттен кем емес жүргізілуі қажет.
78. Жыл сайын қысқы мезгіл басталғанша демалыс үйінің барлық үй-жайлары жөндеуден өткізілуі және бекітілуі қажет.
79. Үй-жайларға ылғалды жинау күнделікті жүргізілу қажет.
Әжетханалардағы, қолжуатын жердегі және себезгідегі едендер мен санитарлық-техникалық құралдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және залалсыздандыру құралдарын пайдалану арқылы ыстық сумен жуылуы қажет. Жинау құралдары сәйкесті таңбалары болуы және жуылып залалсыздандырылуы және әр жинаудан кейін кептірілуі қажет.
80. Демалыс үйінің үй-жайларында жоспар тәртібі және көрсеткіш бойынша дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық шаралар жүргізілуі қажет. Залалсыздандыру жұмыстары үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдарды қолдану қажет.
81. Төсек қажеттіліктері: жастықтар, матрацтар, одеялдар және жамылғылар кірлену мөлшеріне байланысты жылына екі реттен кем емес залалсыздандыру камерасы әдісімен тазартылуы; төсек жиыны - әр пайдаланылғаннан кейін; жамылғы - айына екі реттен кем емес; жастықтар мен матрацтардың тысы - жылына екі реттен кем емес жуылуы қажет.
82. Темекі тарту үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2499 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 28 тамыздағы "Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындардың құрылысына және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 641 бұйрығына сай жабдықталған арнайы орын бөлінген болуы қажет.
83. Демалыс үйінің үй-жайларын жатақханадан, өндірістік және қоғамдық бөлмелерден алуға рұқсат етілмейді.
84. Демалыс үйінде объектінің санитарлық-техникалық төлқұжаты және санитарлық журналы болуы қажет.
13. Демалу бөлмелеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
85. Локомотив бригадаларына арналған демалу бөлмелері локомотив депо әкімшілік-тұрмыстық корпусының құрамында бекітілген типтік жобаға сәйкес жобаланады.
86. Демалу бөлмесін қозғалыс құрамын тоқтату пунктімен қатар орналасқан ғимараттарда орналастыруға рұқсат етіледі.
87. Демалу бөлмелерінің ішінде жатын бөлмесі, киімілгіш (немесе шкаф), себезгі, дәретхана, қолжуғыш, тамақ қабылдау бөлмесі болуы және оларды күту мен пайдалану локомотив бригадаларындағы осындай үй-жайларына белгіленген талаптарына сәйкес болуы қажет.
88. Тамақ қабылдау бөлмесі демалу бөлмелері орналасқан ғимаратта тәулік бойы жұмыс істейтін асхана (буфет) болмаған жағдайда орнатылуы қажет.
Тағам қабылдау бөлмесінің ауданы әр келушіге 1 м 2 , бірақ 12 м 2 кем емес есебінен анықталуы қажет. Тағам қабылдау бөлмесі қолжуғышпен, газ плитасымен, немесе электрлі плитамен, тоңазытқышпен, тамақ қалдықтарына арналған қақпақты шелекпен, таңбаланған бөлек жинау құралдарымен асхана ыдыстары жиынымен жабдықталуы қажет.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрінің м.а.
2005 жылғы 15 тамыздағы
N 401 бұйрығымен бекітілген
"Темір жол вокзалдарын күтіп ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. "Темір жол вокзалдарын пайдалану және күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ережелер) темір жол вокзалдарын жобалауға, құрылыс, қайта құрастыру мен пайдалануға байланысты іс-әрекеті меншік нысанына тәуелсіз жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арналған.
2. Ұйымның бірінші басшылары мен жеке тұлғалар осы санитарлық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі керек.
3. Осы санитарлық ережелерде мына терминдер мен анықтаулар қолданылған:
1) темір жол вокзалы - бір станцияда орналасқан және құрамына: ғимарат және павильондар, жолаушылар платформалары, вокзал жаяу жүгін жолдары енетін имараттар мен құрылғылар кешені;
2) санитарлық-карантиндік пункт (бұдан әрі - СКП) - негізгі функциясы Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулардың, халық денсаулығы үшін қауіпті жүктер мен тауарлардың әкелінуінен және таралуынан санитарлық қорғау болып табылатын аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының құрылымдық бөлімшесі.
2. Темір жол вокзалы аумағына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Темір жол вокзалының (бұдан әрі - вокзал) жер учаскесі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің (бұдан әрі - ҚНжЕ) талаптарына жауап беруі қажет. Құрылыс және қайта-құру, жеке тұрған және іргелесе тұрғызылған объектілердің жобалау-сметалық құжатын бекіту Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысынан кейін пайдалануға рұқсат етіледі.
5. Вокзалдың санитарлық-қорғау аймағының мөлшері қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы қажет.
6. Аумақ көркейген, көгалданған және ағыс канализациясына жаңбыр суы мен еріген сулар ағып кетуі есебімен жобаланған болуы қажет. Көлік тоқтайтын жолдар, жаяу жүргін жолдары, тиеу-түсіру алаңшалары асфальттанған болуы қажет.
7. Темір жол саны екіден асқанда немесе жиілігі төрт поездан асқанда вокзал ғимараты мен платформа арасында жаяу жүргіншілер көпірі, жер асты жолы немесе жабық галереялар болуы қажет.
8. Платформалардың беті тегіс, ойықсыз болуы керек, платформалардың жабыны сырғуға қарсы құралдармен көмкерілген болуы қажет.
9. Вокзалдың отырғызу перрондарында, платформаларында тазалық сақталуы керек, күнделікті және қажеттілік мөлшеріне байланысты қоқыстан тазартылатын урналар болуы қажет.
10. Перронда жолаушыларды тасымалдауға қатысы жоқ жүктерді, тауарларды, басқа да заттарды үйіп жинауға, автокөліктер тұрақтарын орналастыруға рұқсат етілмейді.
11. Транзиттік жолаушылар поездарынан қоқыс жинау үшін перронда екі вагонға бір контейнер есебінен анықталатын қақпақты контейнерлер қондырылуы қажет.
12. Аумақта қоқыс жинау үшін қақпақты контейнерлер орнатылуы керек. Контейнерлер тас немесе бетондалған алаңшаларда, алаңша шегінен бір метрден (бұдан әрі - м) кем емес қашықтықта орналасуы керек. Қоқыс жинау алаңшасы вокзал ғимаратынан, сауда-саттық объектілерінен, қоғамдық тамақтану, тұрғын үйлерден 25 м кем емес қашықтықта орналасуы қажет. Алаңшада қоршау, көліктердің өтуі үшін ыңғайлы жол және канализацияға жауын суының ағыс жолы болуы керек.
13. Қоқыс контейнерлері 2/3 көлемнен артық емес толған шамасында аумақтан шығарылады, содан кейін контейнерлер 1 пайыздық (бұдан әрі - %) кальций содасы ерітіндісімен (45-50 Цельсий градусында) немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген басқа да жуу құрал-дәрілерімен тазартылуы және жуылуы қажет. Урналар мен контейнерлерді жуу мен залалсыздандыру канализацияға ағатын жолы бар бетондалған немесе асфальтталған арнайы алаңқайда жүргізілуі қажет.
14. Аумақты тазарту күнделікті - жылы мезгілдерде су себу (күніне екі реттен кем емес) жүргізілуі қажет. Қысқы мезгілдерде - мұздан және қардан жүйелі түрде тазартылуы қажет.
3. Вокзал үй-жайларының құрылғылары мен жабдықтарына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
15. Есептік сыйымдылығы 700-1500 адамға дейін және одан да астам вокзал үй жайының құрамында мыналар болуға тиіс:
1) бала мен ана бөлмесі (бұдан әрі - БмАБ), жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмесі (бұдан әрі - демалу бөлмесі), қоғамдық тамақтану және сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері;
2) техникалық жеке қызмет адамдарына арналған санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар;
3) жинау құралдарын, кіші механизация құралдары мен жабдықтарды сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
4) медициналық пункт (бұдан әрі - медпункт), СКП.
16. Жолаушылардың күту залдары жер үсті қабатында орналасуы, жолаушыларға қызмет көрсететін үй-жайлармен тікелей байланыс болуы, вокзал алды алаңшасы мен перрондарына ыңғайлы үйлесуі керек.
17. Күту залының терезелерінде күннен қорғайтын құрылғылар немесе күннен қорғайтын жамылғы болуы қажет.
18. Вокзалдардың үй-жайларындағы шырақтар айына екі реттен кем емес, ашық кеңістіктердегі - ластануына байланысты және жылына төрт реттен кем емес тазартылуы қажет.
19. Барлық үй-жайлардың қабырғалары мен едендерінің беті тегіс, жырықсыз, ойықсыз болуы және жуу мен залалсыздандыру құралдарының әсеріне төзімді және ылғал өткізбейтін материалдардан жасалуы қажет.
20. Әрлендіру мен төбелердегі каркас дыбыс өткізбейтін материалдардан жасалуы қажет.
21. Күту залдарындағы жиһаз (диван, креслолар, орындықтар) залдарды кіші механизмдермен тазарту мүмкіндігінің есебімен орналасқан болуы қажет. Дивандардың жеке орындығының мөлшері арқалығының биіктігі - 820 миллиметр (бұдан әрі - мм), орындықтың ені - 615 мм, орындықтың биіктігі еденнен - 435 мм болуы қажет.
22. Билет кассаларының алдында бір кассирге ауданы 6 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) болатын бос 6 м 2 аудан аймағы қарастырылуы қажет. Кассаларда қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай сыртқа тарату желдеткіші, табиғи және жасанды жарық болуы қажет. Касса әйнекшелерінде жел соғудан қорғайтын қондырғы болуы қажет.
23. Медпункт бірінші қабатта орналасуы және вокзал іші үй-жайларына, перронға шығу есігі болуы қажет. Перрон жақтан медпунктке келу арнайы автокөліктер үшін ыңғайлы болуы қажет. Үй-жай жиынына жеке бөлме енуі қажет. Есіктің ені және оларды орнату зембілдермен өтуді қамтамасыз етуі қажет.
24. СКП бірінші қабатта орналасуы қажет.
25. Стационарлық жүк сақтау қоймалары бірінші қабатта немесе жер асты үй-жайларында орналасуы қажет.
26. Техқызмет көрсету адамдарына арналған үй-жайлар сору желдеткішімен, ыстық және салқын су келіп тұратын кранмен, шүберек және құралдармен жууға арналған сыйымдылықпен, жинау құралдарына арналған кептіру шкафтарымен жабдықталған болуы қажет. Үй-жайларда судың ағуына арналып тормен, құм өткізбейтін және гидроқақпақпен жабдықталған трап болуы қажет.
27. Вокзал үй-жайлары мен жабдықтарды орналастыру аз әрекетті келушілер үшін ыңғайлы болуы қажет.
28. Бойлерлі, ауа баптау камераларында, желдету камераларында және діріл мен шу болатын басқа үй-жайларда қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай дыбыстан оқшауландыру және дірілден оқшауландыру қарастырылған болуы қажет.
29. Вокзалдың техникалық жеке қызмет адамы үшін (бұдан әрі - техқызмет адамдары) қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай тұрмыстық үй-жайлар қарастырылуы қажет.
30. Медпункттерде, БмАБ, демалу бөлмелерінде, дәретханаларда, темекі тарту үй-жайларында және басқа үй-жайларда жыл сайын ағымдық жөндеу жүргізілуі қажет.
31. Вокзалға кірер есіктің алдында жолаушылардың аяқ киімдерін тазартуға арналған торлар қондырылуы қажет.
32. Ағымдық жинау тәулігіне алты реттен кем емес және қажеттілік жағдайына байланысты жүргізуі қажет.
33. Жинау құралдары таңбалануы қажет.
34. Вокзалдың үй-жайларында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдарды қолданумен дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық шаралар жүргізілуі қажет.
35. Жолаушыларды тамақтандырумен және қызмет көрсетумен байланысты вокзал және ұйымның жұмысшылары медициналық тексерістен, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2556 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" N 766 бұйрығына сай өтулері керек, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2531 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 688 бұйрығына сай гигиеналық оқудан өтуі керек, өзімен бірге жеке белгіленген үлгідегі медициналық кітапшасы болуы қажет.
4. Сумен жабдықтауға және канализацияға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
36. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су суымен жабдықтау көзін таңдау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы " Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығына сай болуы қажет.
37. Технологиялық, шаруашылық-тұрмыстық, ауыз су қажеттілігіне пайдаланылатын су нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығына сай болуы қажет.
38. Жолаушыларды және қызмет көрсету адамдарын ауызсумен қамтамасыз ету үшін ыңғайлы орындарда су тарату крандары, ауызсу бұрқақтары немесе сатураторлық қондырғылар қарастырылған болуы қажет.
39. Сумен жылыту жүйесінен ыстық суды өндірістік мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
40. Ауыз су және техникалық су құбырлары бөлек болуы қажет.
41. Перрондар мен платформаларда суғару мен аумаққа ылғалды тазалық жасау үшін техникалық су құбырлары қарастырылуы қажет.
42. Дәретханаларда унитаздармен жабдықталған бөлек кабиналар болуы қажет. Мүгедектер үшін тұтқалармен жабдықталған, ұзындығы 2,3 м, ені 1,55 м, унитаздан қабырғаға дейінгі қашықтық - 0,8 м кем емес, есіктің ені - 0,9 м болатын арнайы кабиналар қарастырылған болуы қажет.
43. Дәретхана бөлмесінде болу қажет: әрбір 4 унитазға 1 қолжуғыш және электрлі сүлгі.
44. Унитаздардың саны қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай вокзалдың сыйымдылығына сәйкес есептелген болуы қажет. Ерлер дәретханаларындағы писсуарлардың саны унитаздардың санына тең болуы қажет. Әйелдер дәретханалары әйелдер гигиенасы бөлмесімен (кабинасымен) жабдықталуы қажет.
45. Дәретхананы жинауға арналған жинау құралдарын басқа үй-жайларды жинау үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мекемеде жинау құралдарын сақтауға арналған бөлек орын болуы қажет.
46. Орталықтандырылған су құбыры мен канализациясы жоқ темір жол вокзалдарында, вокзал ғимаратынан 50 м қашықтықта су өткізбейтін шұқырлы аула іші дәретханасы орнатылуы қажет.
5. Жылу мен желдеткіштерге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
47. Вокзалдардың жолаушылар үй-жайлары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жылу жүйесімен, кондиционер және желдеткіштермен жабдықталған болуы және ауа алмасуының еселігі мен микроклиматтық ауа параметрімен қамтамасыз етілуі қажет.
48. Барлық сырттан кіруде жылы-ауа шымылдығы немесе жылытылған тамбурлар болуы қажет.
49. Жылыту құралдары мен желдеткіштердің құрылымы оларды ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етуі қажет.
50. Адам болатын аймақтағы ауа қозғалысының жылдамдығы қыста 0,3 м/сек. аспауы керек.
51. Ауаны ұстап тұру құрылғысы оған лас ауаның, газдың, судың енуінен алшақ орында орналасуы қажет.
52. Рецеркуляцияланған ауа шаңсыздандыру мен залалсыздандыру сүзгілерінің, құйылатын шаңсыздандыру сүзгілерінің көмегімен тазартылуы қажет.
53. Жолаушылардың тыныс алу аймағындағы ауа шаңның концентрациясы 0,5 мг/текше м-ден, көмір қышқыл газының концентрациясы - 01 % аспауы қажет.
54. Фрамугтарды, құйылатын торларды және тарататын жүйелерді орналастыру барлық үй-жайларда бір қалыпты ауа алмасуды және бөлмелерге жел соғу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% шамасында болуы қажет.
55. Желдеткіштің механикалық құйылу жүйесі жазғы мерзімде сағатына бір адамға есептегенде 30 м 3 кем емес және қыс пен жыл алмасу мерзімінде - сағатына 20 м 3 кем емес үй-жайға сыртқы ауаны табиғи желдетумен енгізуді қамтамасыз етуі қажет. Жер асты және жер үсті үй-жайларына жылдың барлық мезгілдерінде табиғи жарығынсыз 60 м 3 /сағ. кем емес, билет кассаларында - бір кабинаға 100 м 3 /сағ. кем емес жарық берілуі қажет.
6. Жарыққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
56. Вокзалдардың үй-жайларын табиғи жарықтандыру қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы қажет.
57. Терезе және терезе әйнекшелері ашылуы және жақтау аралықтарын жуу үшін ыңғайлы болуы, фрамугті ашуға арналған қондырғы болуы қажет.
58. Апаттық жарықтандыру вокзалдың мына үй-жайларында қарастырылуы қажет: вестибюльдерде, жаяу жүргіншілер тоннельдерінде, дәліздер мен баспалдақтарда; бір мезгілде 100-ден астам адам болатын бөлек үй-жайларда; бала мен ана бөлмелерінде, демалыс бөлмелері мен медициналық пункттерде.
59. Апаттық жарықтандыру еденге 1 люкстен кем емес түсетін жарықты қамтамасыз етуі қажет.
60. БмАБ ұйқы бөлмелерінде және демалыс бөлмелерінде кезекші жарықтандыру қарастырылуы қажет.
7. Бала мен ана бөлмелерін және жолаушылардың ұзақ
демалатын бөлмелерін күтіп ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
61. БмАБ вокзалдың шуы аз және оқшауланған жер үсті бөлігінде орналасуы және ұйқы мен ойын үй-жайларынан құралуы қажет.
Бір жатын бөлмесіндегі орын саны төрттен артық болмауы қажет.
62. БмАБ-де бала бөлейтін үстелдер, ойыншықтар, бала керуеттері, үлкендерге арналған керуеттер немесе дивандар қондырылуы керек.
63. БмАБ-де тамақ қабылдауға және киім үтіктеуге арналған бөлме, себезгі кабинасы, кептіргіш шкафы бар кір жуу бөлмесі, балаларға және үлкендерге арналған бөлек кабиналармен тазалық сақтау тораптары, қол жуғыш раковинасы болуы қажет.
64. БмАБ жатын және ойын бөлмелерінің терезелерін ас үй және дәретхана терезелерінің үстіне орналастыруға рұқсат етілмейді. Кір жуатын бөлмеге кіру бөлмеге кіруге тікелей қарсы болмауы қажет.
65. БмАБ және жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері сыртқы киімдерді сақтау үшін жеке шкафтары бар киім ілгішпен, керуеттермен, тумбочкелер, үстелдер, орын санына байланысты креслолармен (орындықтармен), шырақтармен, айнамен, қажетті ыдыс-аяқтармен жабдықталуы қажет.
66. Демалушы төсектің толық жинағымен (матрац, тысы бар жастық, одеяло, жамылғы, жастық тыс, бір немесе екі ақ төсеніш, ақ жамылғы) және сүлгімен қамтамасыз етілуі қажет. Бір рет пайдалануға жарайтын төсеніштерді, микроб волокондарына қарсы одеялдарды, микробқа қарсы және су-кірді жолатпайтын матрацтар мен жастықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.
67. Төсек қажеттіліктері: жастықтар, матрацтар, одеяло мен жамылғылар ластану мөлшеріне байланысты химиялық тазартудан және жылына 2 реттен кем емес залалсыздандыруы - камералық әдісімен өткізілуі қажет; төсек жаймалары - әр пайдаланылғаннан кейін жуылуы; жамылғы - айына екі реттен кем емес; жастықтар пен мартацтардың тысы - жылына екі реттен кем емес жуылуы қажет.
68. Таза және пайдаланылған төсеніштерді (қаптарда), жеке қызмет адамдардың арнайы және жеке киімдерін сақтауға арналған бөлек шкафтар болуы қажет.