Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3852. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1260 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 23 қазан - 5 қарашада жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі  N 328 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1667 тіркелген), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі  N 361 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1984 тіркелген), 2003 жылғы 27 қазандағы  N 370 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2582 тіркелген) және 2003 жылғы 27 қазандағы  N 371 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2581 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге, мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:
      35-2-тармақтағы "резидент-процессинг ұйымы" деген сөздер "процессинг ұйымы"деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      35-3-тармақ алынып тасталсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның іс-әрекеті 2005 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
 

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, "Ұлттық процессинг орталығы" акционерлік қоғамына, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады