Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9
қаулысымен
.
____________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, сондай-ақ банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3034 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" N 10 (10)/2004) журналында жарияланған) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3740 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220 қаулысымен енгізілген өзгерістері бар) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесінде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) касса операциялары: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;";
20-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын "не кредиттеу мәселелері бойынша білімін растайтын құжаттың көшірмесін";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру тек осы Ереженің тиісінше 20-тармағының 6) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынғанда ғана мүмкін болады.
Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру үшін ұсынылған құжаттарды қарау осы Ереженің 21-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесінде:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.