Бағалы қағаздар рыногының субъектілері өздерінің хабарлары мен міндетті түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын жариялау үшін пайдалануы тиіс баспасөз басылымдарының таралым мөлшеріне және тарату аймақтары бойынша қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 414 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2626. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 311 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 311   қаулысымен .
________________________________

      " Бағалы қағаздар рыногы туралы " және " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар рыногының өзге субъектілерінің өздерінің хабарлары мен Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын баспасөз басылымдарында жариялайтыны;
      2) Қазақстан Республикасының бір облысында орналасқан (тұратын) және бағалы қағаздары сауда-саттық ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілмеген акционерлік қоғамдар, бағалы қағаздарды ұстаушылар (тиісті бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің деректері бойынша) міндетті түрде жариялауға жататын ақпаратын осы облыстың аймақтық баспасөз басылымдарына олардың таралым мөлшеріне қарамастан жариялай алатыны белгіленсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Акционерлік қоғамдардың қызметі туралы материалдарды жариялауға арналған баспасөз басылымдарының тізбесі туралы" 2000 жылғы 14 ақпандағы N 560  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1092 тіркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5) күші жойылды деп танылсын.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, орталық депозитарийге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушылардың және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады