N 2347 болып тiркелген "Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 218 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 382 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3865. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік комитеті төрағасының 2006 жылғы 27 маусыдағы N 220 бұйрығымен

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік комитеті төрағасының 2006 жылғы 27 маусыдағы N 220  бұйрығымен .
______________________________________________

      Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiнiң  53 және  387-баптарына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 218  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiсi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2347 болып тiркелген және "Ресми газеттiң" 2003 жылғы 20 қыркүйекте N 38 санында жарияланған, Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 299 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiнде:
      5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5.  Кодекстiң  55 және  439-баптарына  сәйкес кеден органдары тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы iс жүзiнде өткiзiлуiне бақылауды өткiзу пункттерiнде және тауарларды кедендiк бақылау орындарда жүзеге асырады.";

      7-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кедендiк бақылау орындары - коммерциялық есептеу құралдарын орнату орындарында орналасқан өткiзу пункттерi және құбыр көлiгiмен және электр беру желiсi бойынша өткiзiлетiн тауарларды қабылдап алу-тапсыру пункттерi;";
      4) тармақша алынып тасталсын;
      5), 6) және 7)-тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын:
      "5) тауардың жалпы салмағы - балластпен салмағы;
      6) тауардың таза салмағы - балласты есептеп шығарылған салмағы;
      7) балласт - судың массалық үлесiнiң (%), механикалық қоспалардың және Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттiк салалық стандарттары (ГОСТ) бойынша зертханалық талдау жолымен анықталған басқа да және құраушылардың массалық үлесiнiң (%) құрамы;";

      8-тармақ "тасымалдаушы" деген сөзден кейiн "және орындаушы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткiзу кезiндегi алдын ала операциялар мен кедендiк рәсiмдер";

      10-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кеден органдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендiгi туралы хабардар ету;";
      3) тармақшада "орны бойынша" деген сөздер "орнына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының кеден шекарасына құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тауарларды әкету кезiндегi кедендiк рәсiмдеуге мынадай кедендiк операциялар кiредi:
      1) жөнелту кеден органын, уақытша жүк кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi ұсыну жолымен тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын адам оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкету ниетi туралы хабарлайды;
      2) кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру;
      3) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiне дейiн жеткiзу;
      4) тасымалдаушының кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуы жолымен межелi кеден органын хабардар етуi;
      5) тауарларды iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары әкету.";

      12-тармақтың 2) тармақшасындағы "сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасының 27-тобында топтастырылған" деген сөздер мен "және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:
      "13-1. Уақытша кеден декларациясы кеден органына жеткiзу басталғанға дейiн ұсынылады.";

      21-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бiрiншi парақ - кеден органында қалдырылады және арнайы мұрағатта сақталады;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) екiншi парақ - кеден органында қалады және кедендiк бақылау мақсатында пайдаланылады;"

      23-тармақта "Мәлiмделген өткiзу кезеңi iшiнде тауарларды УЖКД-да көрсетiлгеннен аз мөлшерде әкеткен (әкелген) жағдайда, мынадай тауарлар оларды кейiннен жеткiзу кезiнде декларациялауға жатады." деген екiншi сөйлем алынып тасталсын;

      26-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тауарлардың қалған мөлшерi олардың алдағы уақытта жеткiзiлуi бойынша аталған кеден органында кедендiк ресiмдеуге жатады".;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Декларант УЖКД мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiрақ УЖКД тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай ТЖКД беруге мiндеттi.
      Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетiлген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актiсi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетiлген мерзiм соңғы көлiктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.";

      28-тармақтың үшiншi абзацы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "1-1) ТЖКД-ның 31-бағанында күнтiзбелiк ай және жыл, сондай-ақ сатып алушыға iс жүзiнде берiлген тауардың мөлшерi көрсетiле отырып, "... iшiнде өткiзу" деген қосымша жазба жасалады.";

      29-тармақтың бесiншi және алтыншы абзацтарында "ТЖКД" деген аббервиатураны "УЖКД" деген аббервиатурамен ауыстырылсын;

      30-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Уақытша кедендiк декларация берiлген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бiр сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келiсiм-шарты) берiледi.
      Бұл жағдайда мәмiле паспорты әрбiр шартқа жеке ресiмделедi. Бұл жағдайда ТЖКД-ның тiркеу нөмiрiнде екiншi сан бiр ЖКД-да бiрнеше ТЖКД-ның ұсынылғандығын бiлдiредi (мысалы, УД N 50300/10011/0000007, ТД N 50300/15021/0100007, ТД N 50300/22021/0200007 және тағы басқа).
      Бiрнеше ТЖКД бойынша ресiмделген мұнай көлемi УЖКД бойынша ресiмделген мұнай көлемiнен асуы мүмкiн емес.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Осы Ереженiң 32-тармағында көрсетiлген ресiмдеу тәртiбi межелi елдi және өткiзу пункттерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда да таратылады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      "35-1. ТЖКД-ны құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерiмен өткiзiлетiн сатып алушыға iс жүзiнде берiлген тауарлар табиғи тозу немесе жоғалудың салдарынан саны мен жай-күйiнiң өзгерiстерiмен, не тасымалдаудың, тасу мен сақтаудың қалыпты жағдайы кезiнде табиғи қасиеттерiмен, көлiк құралдарында төгiлмейтiн қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар санының өзгерiстерiмен бiрге, сондай-ақ тасымалдаудың технологиялық ерекшелiктерi мен тауарлардың ерекше қасиеттерi салдарынан болатын тауарлар жай-күйiнiң өзгерiстерiмен бiрге кедендiк ресiмдеуге жатады.
      ТЖКД-ны ресiмдеу тауарларды кедендiк бақылау орындарында тасымалдаушы тiркеген мөлшерге көлемге сәйкес (1, 2, 3-қосымшалар) жүзеге асырылады. Бұл ретте, тасымалдаушы, экспорттаушы (импорттаушы) ұсынатын жедел, коммерциялық және көлік құжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша басқа да мәлiметтер пайдаланылады.

      35-2. Кеден органдары тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерiмен iс жүзiнде өткiзiлуiне бақылау жасауды  Кодекстiң  55,   439-баптарына сәйкес 1, 2, 3-қосымшаларда анықталған өткiзу пункттерiнде және тауарларды кедендiк бақылау орындарда жүзеге асырады.";

      40, 41-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тарауымен толықтырылсын:
      "4-1. Құбыр тасымалы мен электр беру желiлерi бойынша өтетiн тауарлардың транзитi
      41-1. Халықаралық электр беру желiсi бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы шектес елдердiң электр энергиясының ағындарын декларациялау, олардың электр беру желiлерi бойынша шектес елдердiң кеден аумағы арқылы Қазақстандық электр энергиясының ағындары сияқты тең, энергия жүйесiнiң параллель жұмыстары кезiнде, иелерi туралы, есептеу кезеңiндегi ағындар көлемi және электр энергиясының шартты құны туралы мәлiметтердi ұсыну жолымен "тауарлар транзитi" кеден режимiнде декларант УЖКД немесе ЖКД-ың ұсынбастан жүргiзiледi.

      41-2. Құбыр желiсiмен және электр энергия беру желілерi арқылы өткiзiлетiн тауарлардың транзитін декларациялауды жөнелтушi (сатушы), алушы (сатып алушы), жөнелтiлетiн ел, межелi ел, тауарлардың мөлшерi, құны туралы мәлiметтер берiле отырып және өткiзу пункттерi көрсетiле отырып 9-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кеден органдарын хабардар ету жолымен тауарлардың өткiзiлуi басталғанға дейiн оңайлатылған тәртiппен отандық өткiзушi немесе кеден брокерi жүзеге асырады. Бұл ретте хабарламаларды тiркеу 10-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы журналда жүргiзiледi.
      Тауарлар өткiзiлген айдың соңғы күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей есептi кезең iшiнде әрбiр арналы құбыр желiсi мен электр беру желiлерi бойынша тауарлардың транзиттiк көлемi партиясына арналған ЖКД толтырылады.";

      44-тармақ "УЖКД "деген сөздердiң алдынан "Кодекстiң 531-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      54-тармақтағы "5-шi күнi" деген сөздер "10-шы күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Энергия ресурстарына кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н.Ғ.Досмұратова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдiшевке жүктелсiн.

      5. Осы ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы министрлігінің
                                      Кедендік бақылау комитеті
                                  төрағасының міндетін атқарушының
                                     2005 жылғы 28 қыркүйектегі
                                      N 382 бұйрығына 1-қосымша

                                    Уақытша кедендік декларацияны
                                         толтыру және уақытша
                                       декларациялау рәсімдерін
                                       пайдалана отырып кедендік
                                        ресімдеудің ережесіне
                                                2-қосымша

 

           Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
         арқылы құбыр желісімен өткізілетін мұнайды
                 кедендік бақылау орындары

Кедендік бақылау орнының коды

Мұнайды құбыр өткізу жүйесіне қабылдап алу-тапсыру пункті

Мұнай өткізу

001

"Қаламқас" НПС

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

002

"Қаражанбас" НПС

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

003

"Таушық" НПС

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

004

"Ақтау" НПС

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

005

"Жетібай" НПС

Ақтау-Өзен

006

"Өзен" ГНПС

Өзен-Атырау-Самара

007

"Бейнеу" ЛПДС

Өзен-Атырау-Самара

008

"Құлсары" НПС

Өзен-Атырау-Самара

009

"Мартыши" НПС

Өзен-Атырау-Самара

010

Атырау мұнай өткізу басқармасы

Өзен-Атырау-Самара

011

"Индер" НПС

Өзен-Атырау-Самара

012

"Большой Чаган" НПС

Өзен-Атырау-Самара

013

"Теңгиз" ГНПС

Өзен-Атырау-Самара

014

"Қаратон" НПС

Өзен-Атырау-Самара

015

"Қосшағыл" НПС

Өзен-Атырау-Самара

016

НПС-3

Өзен-Атырау-Самара

017

"Сай-Утес" ПП

Өзен-Атырау-Самара

018

"Опорный" ПП

Өзен-Атырау-Самара

019

"Дунга" ПСН

Өзен-Атырау-Самара

020

"Тасбулатойл" ПСН

Өзен-Атырау-Самара

021

"Арман" ТҚП

Өзен-Атырау-Самара

022

"Теңгиз" ГНПС

КТК-К

023

"Атырау" НПС

КТК-К

024

"Кеңқияқ" ЛПДС

Кеңқияқ-Атырау

025

"Мақат" НПС

Кеңқияқ-Атырау

026

"Кеңқияқ" ЛПДС

Жаңажол-Кеңқияқ-Орск

027

"Темір" НПС

Жаңажол-Кеңқияқ-Орск

028

6-НПС

Жаңажол-Кеңқияқ-Орск

029

7-НПС

Жаңажол-Кеңқияқ-Орск

030

"Құмкөл" НПС

Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу

031

"Қарақойын" НПС

Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу

032

"Прииртышская" ТҚП

Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу

          Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
      арқылы құбыр желісімен өткізілетін газ конденсатын
                  кедендік бақылау орындары

Кедендік бақылау орнының коды

Газ конденсатын
қабылдап алу-тапсыру
пункті (ТҚП)

Газ конденсатын есептеу торабы

Конденсат өткізу

033

Ақсай ТҚП

Өлшеу торабы ГП - 3 "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В."

Қарашығанақ - Оренбург

       Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
    құбыр көлігімен өткізілетін, мұнайдың саны мен сапасы
     туралы қосымша көмекші мәліметтер ретінде Қазақстан
    Республикасының кеден органдары қабылдайтын көліктік
    құжаттар ресімделетін Қазақстан Республикасының кеден
    аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнайды өткізу
                          ПУНКТТЕРІ

Кедендік бақылау орнының коды

Мұнай айдау станциясы (МАС) мұнай тапсыру-қабылдап алу пункті (ТҚП)

Мұнай саны мен сапасы көрсеткішін өлшеу жүйесі бар мұнайды есептеу торабы (МСӨЖ) (МЕТ))

Мұнай құбыры

034

ТҚП Орск

МЕТ (МСӨЖ) N 447 және (немесе) резервуарлар

Жаңажол-
Кеңқияқ-Орск

035

Самара МАС

МЕТ (МСӨЖ) N 719 және (немесе) резервуарлар

Өзен-Атырау-
Самара

036

Астрахан МАС

МЕТ (МСӨЖ) N 23РК - А002 және (немесе) резервуарлар

КТК-Р

037

Суслово МАС

Резервуарлар

ТОН - II

038

ТҚП Омск

(МСӨЖ) N 13

ТОН - II

        Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
          құбыр көлігімен өткізілетін мұнай өнімдерін
              қабылдап алу және кедендік бақылау
                             ОРНЫ

Кедендік бақылау орнының коды

Мұнайды құбыр өткізу жүйесіне қабылдап алу-тапсыру пункті

Мұнай өнімдерін өткізудің атауы

001

"Петропавл" ӨЖДС

Омск - Уфа

002

"Петропавл мұнайбазасы" АҚҰ

Омск - Уфа

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы министрлігінің
                                      Кедендік бақылау комитеті
                                  төрағасының міндетін атқарушының
                                     2005 жылғы 28 қыркүйектегі
                                      N 382 бұйрығына 2-қосымша

                                    Уақытша кедендік декларацияны
                                         толтыру және уақытша
                                       декларациялау рәсімдерін
                                       пайдалана отырып кедендік
                                        ресімдеудің ережесіне
                                               9-1-қосымша

                         N___ ХАБАРЛАМА

      Осы Ескерту  "тауарларды өткiзу мерзiмi көрсетiледi"  iшiнде
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Кеден кодексiнiң
219-бабына сәйкес  "тауарлардың атауы"  тауарлар транзитiн жүргiзу
ниетi туралы
      Жөнелтушi ел _______________________________________________
      Жөнелтушi __________________________________________________
      Жөнелтушiнiң мекен-жайы ____________________________________
      Межелi ел __________________________________________________
      Алушы ______________________________________________________
      Алушының мекен-жайы ________________________________________
      Тауардың шыққан елi ________________________________________
      Кеден брокерi ______________________________________________
      Кеден брокерiнiң мекен-жайы ________________________________
      Брокердiң банктiк реквизиттерi _____________________________
      Тасымалдаушының атауы (орындаушы) __________________________
      Тасымалдаушының мекен-жайы (орындаушы) _____________________
      Тасымалдаушының банктiк реквизиттерi _______________________
      Көлiк түрi _________________________________________________
      Шекарадағы кеден ___________________________________________
      Тауар коды _________________________________________________
      Тауардың сипаттамасы _______________________________________
      Жалпы салмағы _______________, Таза салмағы ________________
      Валюта коды _________________, валюта бағамы _______________
      Кедендiк құн ________________, жалпы кедендiк құны _________
      Статистикалық құны _________________________________________
      Тауарға iлеспе құжат:
      1.
      2.
      3.
      4.
      5.
      6.

      Кедендік баждар мен алымдарды есептеу:

Түрі

Есептеудің негізі

Ставкасы

Сомасы

СП

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      Еуро бағамы ________

Орны және күні
Ұйым
Орындаушы
Қолы
Мөрі

Кедендік бақылау

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады