Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 313 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3867. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61  қаулысымен .
__________________________

      Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2819 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 4-5 басылымында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы  N 300  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3241 тіркелген), 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 108  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3572 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы";

      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесінде:
      жоғарғы оң бұрышындағы "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" деген сөздер "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      атауында "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесі" деген сөздер "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспеде:
      "Осы номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесі" деген сөздер "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "38 бабының 1-тармағына" деген сөздерден кейін ", 62-бабының 1-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      1), 3) тармақшаларда "бағалы қағаздарды" деген сөздер "қаржы құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қаржы құралдарын ұстаушының жеке шоты - клиент үшін ашылған және оның қаржы құралдарын есепке алу үшін арналған жеке шот;";
      7) тармақшада "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың есебі үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Орталық депозитарийінің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шот орталық депозитарийінің Ережелер жинағының (бұдан әрі - Ережелер жинағы) талаптарына сәйкес, орталық депозитарийге қосалқы шотты ашуға қажетті ақпаратты ашумен ашылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмір береді. Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шотында және қосалқы шотында мыналар туралы мәліметтер болады:
      1) тіркелген тұлға (фамилиясы, аты, (болса) әкесінің аты немесе қаржы құралдарын ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды тұлға үшін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісінің коды (КҰЖЖ), почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда қаржы құралдары бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);
      2) осы жеке шотта/қосалқы шотта тіркелген қаржы құралдарының саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;
      3) қиындығы бар қаржы құралдарының саны туралы;
      4) оқшауланған қаржы құралдарының саны туралы;
      5) "репо" операциясының мәні болып табылатын қаржы құралдарының саны;
      6) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер мен номиналды ұстау есебі жүйесінде анықталған операциялар туралы:
      мәміле/операция түрі;
      оны тіркеу күні және уақыты;
      мәмілені/операцияны жүргізу негіздемесі;
      операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
      оларға қатысты мәміле тіркелген қаржы құралдарының саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі;
      операциялардың/мәмілелердің белгілі бір түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:
      1) "негізгі" - мәмілелер жүргізуге шек қойылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
      2) "оқшаулау" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде қаржы құралдарының сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын қаржы құралдарымен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
      3) "репо" - "автоматты репо" секторында жасалған "репо" операцияларының мәні болып табылатын қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
      4) "қиындығы бар" - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған қаржы құралдарын ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
      Номиналды ұстаушы жеке шотта қаржы құралдарын есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.";

      5-тармақта "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 5) тармақшасында "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақта:
      6) тармақшада "бағалы қағаздарға" деген сөздер "қаржы құралдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе тиісінше номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қажет болатын басқа да мәліметтер.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Номиналды ұстау есебі жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу және операцияларды анықтау жеке шоттар бойынша тиісті жазбаларды енгізу арқылы жасалады.

      14. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операциялар мен мәмілелердің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
      1) номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шоттармен операциялар:
      жеке шотты ашу;
      тіркелген тұлға туралы мәліметтерді өзгерту;
      жеке шотты жабу;
      бағалы қағаздарды жою операциясы;
      нәтижесінде қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарындағы қаржы құралдарын оқшаулау немесе оқшаулауды алып тастау жүзеге асырылатын операциялар;
      2) номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелетін мәмілелер;
      қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарына/шоттарынан қаржы құралдарын есептен шығаруды/есепке алуды болжайтын мәмілелер;
      нәтижесінде қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарындағы қаржы құралдарынан қиындық түсетін немесе жүктелетін мәмілелер;
      репо операциялары;
      3) номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелетін ақпараттық операциялар:
      жеке шоттан үзінді жазбаны беру;
      жүргізілген операциялар туралы есеп беру;
      қаржы құралдарын ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру.";

      15-тармақтың екінші сөйлемінде "бағалы қағаздарды" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "16-1. Егер бұйрықтардағы қолдар мен мөрлер номиналды ұстаушының қолындағы үлгілерге сәйкес келмесе немесе бұйрық нысаны номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда, номиналды ұстаушы бұйрықты орындамаған себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.

      16-2. Орындауға қабылданған мәмілені тіркеу бұйрығы негізінде номиналды ұстаушы үш жұмыс күні ішінде тиісті мәмілені тіркеу бұйрығын жасап, оны сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе орталық депозитарийге жібереді.

      16-3. Орталық депозитарийден жүргізілген операция туралы есепті алған күні номиналды ұстаушы өзінің есепке алу жүйесінде тиісті мәмілені тіркейді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Номиналды ұстаушы мәмілелерді тіркеуді және номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияларды көрсетуді орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін ұйымдастырылған рынокта жасалған мәмілелерді қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда қаржы құралдары ұстаушыларының бұйрықтары негізінде жүргізеді.";

      18-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-2. Қаржы құралдарын ұстаушылардың мәмілелерді тіркеу бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;
      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;
      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
      5) қаржы құралдарының түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
      6) операцияны жүргізуге арналған қаржы құралдарының саны;
      7) қаржы құралдарына қатысты мәміле/операция түріне берілген нұсқау;
      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін қаржы құралдары бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;
      9) мәміле мәні болып табылатын бір қаржы құралының бағасы туралы мәліметтер.";

      18-3-тармақтың бірінші абзацындағы "Бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен шығару бойынша операцияны жүргізу" деген сөздер "Мәмілені тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "операцияларды" деген сөз "мәмілені тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бағалы қағаздарының", "Бағалы қағаздардың", "бағалы қағаздар" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдарының", "Қаржы құралдарының", "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "алып тастау операцияларын" деген сөздер "алып тастау бойынша мәмілені тіркеуді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "операцияларды жүргізу кезінде" деген сөздер "мәмілені тіркеу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бағалы қағаздарды", "Бағалы қағаздардан", "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздардың" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдарын", "Қаржы құралдарынан", "қаржы құралдары", "қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта:
      бірінші сөйлемде "бағалы қағаздарды оқшаулау" деген сөздер "қаржы құралдарын оқшаулау" деген сөздермен ауыстырылсын, "бағалы қағаздар ұстаушысының бұйрығы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші, үшінші сөйлемдерде "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақта:
      бірінші абзацта "жүргізеді" деген сөз "тіркейді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші, төртінші абзацтарда "бағалы қағаздарды", "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдарын", "қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтардағы "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақтың екінші абзацындағы "бағалы қағаздарды" деген сөздер "қаржы құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақта:
      бірінші сөйлемде "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде "бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысына" деген сөздер "клиентке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24-тармақта "бағалы қағаздарды" деген сөздер "қаржы құралдарын" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      25-тармақта:
      2) тармақшада "бағалы қағаздарды" деген сөздер "қаржы құралдарын" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "бағалы қағаздардың" деген сөздер "қаржы құралдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) қиындығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) репоға берілген, үзінді жазбаны жасау күнгі жағдай бойынша жеке шотта тіркелген санын көрсете отырып қаржы құралдарының белгілі түрінің жалпы саны;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Қаржы құралдарын ұстаушы эмитенттің орналастырылған қаржы құралдарының санына (дауыс беретін акцияларына) қаржы құралдарын ұстаушыға тиесілі қаржы құралдары санының проценттік ара қатынасын анықтау мақсатында тіркеушіге немесе орталық депозитарийге хабарласады.";

      26-1-тармақта:
      "жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде" деген сөздер "жүргізілген күннен кейінгі күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бағалы қағаздарды" деген сөздер алынып тасталсын;

      28-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Номиналды ұстаушы егер мәмілені немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияларды көрсетуді тіркеу бұйрықтары Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келген жағдайда немесе бұйрық номиналды ұстаушының ішкі құжатында немесе орталық депозитарийдің Ережелер жинағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұйрықты орындаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      "2-1-тарау. Номиналды ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу тәртібі
      28-1. Номиналды ұстаушы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан (бұдан әрі - уәкілетті орган), орталық депозитарийден, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан тұлғаға қаржы құралдары оның номиналды ұстауындағы клиенттер туралы мәліметтерді ұсынады.

      28-2. Номиналды ұстаушы клиенттер туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты, егер көрсетілген талапта өзге күн айқындалмаса, тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талабын алу күніне жасайды.

      28-3. Номиналды ұстаушы тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің келісімі бойынша қағаз жазбада немесе электрондық тасымалдағышта клиенттер туралы ақпаратты ұсынады.

      28-4. Акцияларды ұстаушылар тізімінде оларға тиесілі акциялар санын көрсете отырып акциялары номиналды ұстауындағы акционерлердің тізімі, сондай-ақ олар туралы мәліметтер орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жоқ меншік иелеріне тиесілі акциялар саны туралы ақпарат болуы тиіс.

      28-5. Орталық депозитарий уәкілетті органнан, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей орталық депозитарийдің есеп жүйесіндегі мәліметтер негізінде сұратқан тұлғаға сұратуда көрсетілген ақпаратты ұсынады.

      28-6. Егер орталық депозитарийдің есеп жүйесіндегі мәліметтер уәкілетті органның сұратуына жауап дайындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, орталық депозитарий бес жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты жинап, оны уәкілетті органға ұсынады.".

      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Нақтылы ұстаушының ақпарат беру тәртібін бекіту туралы" 2003 жылғы 30 қазандағы N 388  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2592 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 26 басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға, "Қазақстан тізілім ұстаушылардың қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады