"Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 386 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3877. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Кедендік әкімшілдендіруді жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 74, 76 және  86-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде N 2318 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы  N 537 , Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 мамырдағы  N 195 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
      9-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. ЖБҚ бағандарын декларант не тасымалдаушы, экспедитор, ал көрсетілген адамдар болмаған жағдайда - кеден органының лауазымды адамы толтырады.";
      он бесінші абзац "тасымалданған жағдайда" деген сөздерден кейін "қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;
      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шекарадағы кеден" деген 29-бағанда - жөнелтуші кеден органы көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Алушының дәлелді өтініші бойынша кепілдік берілген міндеттемені тіркеген кеден органы жөнелтуші кеден органына кейіннен түпнұсқаны пошта арқылы жібере отырып байланыс құралдары бойынша кепілдік берілген міндеттемені жібереді.";

      25-тармақтағы "түпнұсқасы" деген сөз алынып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары келгенін тіркеген сәттен бастап жеткізілген деп есептеледі.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжатты толтыру және ұсыну ережесінде:

      17-тармақтағы "және тауарлардың кедендік бақылаумен жеткізілгендігін растау туралы куәлік" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы Вице-министрі -
      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады