Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 135 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 21 қазандағы N 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3914

      Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 135  Бұйрығына  (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 31 мамырда N 3658 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ережелерде (бұдан әрі - Ереже):
      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Халықаралық стандарт негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу тәртібі "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98  бұйрығымен  бекітілген Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3587 тіркелген)";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Халықаралық стандарттарды мемлекеттік стандарт ретінде қолдану жөніндегі тапсырмаларды мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу тәртібі "Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 106  бұйрығымен  бекітілген Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 12 мамырда N 3639 тіркелген).";

      Ережеге қоса берілген қосымшаларда:
      Қосымша атауы мынадай редакцияда берілсін:
      "Халықаралық стандарттарды және шет ел мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын келісу қажет мемлекеттік органдар тізбесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда берілсін:
      "1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі (Ақпарат қауіпсіздігі мен мемлекеттік құпиялардың қорғалуының қамтамасыз етілуіне қадағалау қызметі).";

      Мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (Ақпарат және байланыс қызметі).";

      7-тармақта "байланыс және телекоммуникация саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (байланыс және телекоммуникация саласындағы қадағалау қызметі).";

      11-тармақта "құрылыс істері жөніндегі" деген сөздерден кейін "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын".

      2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады