"Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3938. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.05.31 № 75 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығын және "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтағы "Вице-министр А.Д.Досжанға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ.Жаңахановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу Ережесінде:
      1-тармақтағы "заңды/жеке" деген сөздер "жеке және заңды"деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Конкурс өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қабылдайды.
      Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Үміткер) конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпазды айқындау бойынша шешім қабылдауды "Жерүсті телерадио хабарларын таратуға құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі Комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203  қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасында Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.";

      3 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Конкурсты өткізу шарттары және оған қатысудың тәртібі

      6. Конкурсқа қатысуға уақытында өтініш беріп, осы Ережеге сәйкес рәсімделген құжаттарды ұсынған Үміткерлер жіберіледі.

      7. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінішінде осы Ережеде белгіленген және конкурсты өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаларда келтірілген шарттар бойынша ниеті білдіріледі. Құжаттары қоса тіркелген өтініштер ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап қабылданып, конкурстың басталуына 10 күн қалғанда аяқталады.

      8. Конкурс Үміткерлері конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсініктеме алу үшін Комиссияның жұмысшы органына Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне өтініш жасауына болады.

      9. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталғанша Үміткер өзінің тіркелген өтінішін Комиссияға осы хабарламаның көшірмесін жібере отырып, уәкілетті органды жазбаша құлағдар ету жолымен кері қайтарып алуына құқы бар.

      10. Конкурсқа қатысуға өтінішті Үміткердің өкілі берген жағдайда, ол Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға құқық беретін тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсетуі керек.

      11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініш пен құжаттар қабылданбайды. Құжаттарды қабылдауға жауапты адам ұсынылған құжаттарға өтінішті қабылдамау себебін жаза отырып қайтарады.

      12. Үміткер конкурсқа қатысуға мына жағдайларда жіберілмейді:
      1) ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға жауап бере алмаса;
      2) өтінішті Үміткердің атынан іс-қимыл жасауға өкілділігі жоқ адам өткізсе.
      Аталған негіздер Үміткерді конкурсқа қатысуға жібермеудің себептері болып саналады.

      13. Уәкілетті орган Үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін берген өтініштерінің және оған қоса ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ өтініш иелері туралы құпиялардың және олар ұсынған құжаттардың мазмұнының сақталуы жөніндегі барлық шараларды қолданады.

      14. Конкурсқа қатысу кезінде Үміткер мына құжаттарды ұсынады:
      1) конкурсқа қатысуға өтінішті (қосымша 1) ұсынылып отырған құжаттардың тізімі 1 данадан өтінішке қоса беріледі;
      2) Үміткердің (қосымша 2) қолы қойылған шығармашылық, техникалық, қаржылық және өзге де талаптарды орындау жөніндегі міндеттемелерді;
      3) белгіленген тәртіппен расталған мына келесі құжаттардың көшірмелерін:
      заңды тұлғаның - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, құрылтай құжаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлігі;
      жеке тұлғаның - жеке басын куәландыратын құжаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлігі.
      Аталған құжаттар осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттар желімделген конвертте Комиссияның атына жіберіледі.
      Үміткер басқа ұсыныстар бере алады.

      15. Комиссия өтінімдер және өзге құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген жерде және мерзімде, конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.

      16. Комиссия өтінімдерді және өзге құжаттарды конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және конкурстың қорытындыларын жасайды.

      17. Конвертті ашқаннан кейін Комиссияның жұмысшы органы эксперттік қорытынды дайындайды.

      18. Егер белгіленген уақытта конкурсқа қатысуға тек бір Үміткерден өтініш түссе, онда Комиссия конкурстың болмағаны және жаңа конкурс өткізгендігін тану туралы шешім қабылдайды.

      19. Үздік шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады. Радиожиіліктің нақты номиналдарын пайдалана отырып жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын иелену үшін өткізілген конкурстың жеңімпазы ашық дауыс беру арқылы айқындалады.

      20. Конкурстың қорытындысы жеңімпаздарды анықтайтын күні Комиссияның мәжілісінде хабарланады.

      21. Конкурстың нәтижелері Комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен рәсімделеді.".

      4 бөлім алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Қ.Қ.Жаңаханов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады