Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 707 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3948. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 202 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.05.19 N 202 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫНқараңыз.Z110407
      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережесі бекітілсін.
      2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. "Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 999 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2005 жылғы 7 қарашадағы     
N 707 бұйрығымен бекітілген  

  Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Ғылыми ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі жөніндегі консультативтік-кеңесші органы ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңес (бұдан әрі - Кеңес) болып табылады.

      2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, "Қазақстан-2030" Стратегиясын, "Ғылым туралы" және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясаты тұжырымдамасын" және ғылыми ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ ғылыми ұйымның Жарғысын басшылыққа алады.

  2. Кеңестің негізгі міндеттері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) ғылыми ұйымның шығармашылық ұжымдарының ғылыми қызметін үйлестіру;
      2) ұйымның ғылыми қызметінің басым бағыттарын айқындау;
      3) ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық нысандарын дамыту, оның ішінде ғылыми ұйымдардың басқа да мемлекеттік органдарымен, жалпы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу бойынша ғылыми жұртшылықпен өзара іс-әрекет жасау бағыттарын іздестіру;
      4) ғылыми жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және пысықтау;
      5) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету болып табылады.

  3. Кеңес қызметі

      4. Кеңес өз міндеттерін орындау үшін:
      ғылыми ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынымдарды талқылайды және пысықтайды;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен тәжірибелік жұмыстарының жоспарларын, өнімдер, тауарлар және т.б. өндіру жоспарларын, ғылыми кадрларды даярлауды, ғылыми еңбектерді, конференциялар мен кеңестер материалдарын басып шығаруды қарайды және оларды бекіту мен іске асыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді;
      ғылыми ұйымның ғылыми, ғылыми-ұйымдастыру және өндірістік қызметінің маңызды нәтижелері туралы есептерді бекіту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;
      ғылыми ұйымның құрылымын басқаруды жетілдіру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы қаражаттарын тиімді пайдалану жөніндегі мәселелерді талқылайды және ұсыным шығарады;
      маңызды ғылыми проблемалар, ғылыми баяндамаларды талқылайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды және анағұрлым ғылыми маңызды жұмыстардың нәтижелеріне баға береді;
      басқа да ғылыми ұйымдармен үйлестіру және шығармашылық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды;
      құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшылары мен жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми және өндірістік қызметі туралы есептерін тыңдайды;
      ғылыми ұйымның халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелдік ғылыми іссапарлары жөніндегі есептерін тыңдайды;
      ғылыми кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мен байланысты мәселелерді талқылайды; ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі олардың жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды, диссертациялардың тақырыптарын бекітеді және қарайды, олар жөнінде ұсынымдар береді;
      ғылыми еңбектерді, ғылыми ашылымдар мен өнертабыстарын мемлекеттік наградаларға және сыйлықтарға ұсынады;
      ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан ұйымның ғылыми қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен ғылыми және құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;
      институт директоры, ғылыми бөлімдер, зертхана меңгерушілерінің, бас және жетекші аға және кіші ғылыми қызметкерлердің бос орындарына орналасу мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылайды және әзірлейді;
      жеке ұжымдар мен қызметкерлердің ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады;
      өз құзыретінің шегінде ғылыми ұйымның Жарғысына сәйкес басқа да мәселелерді қарайды.

  4. Кеңестің жұмыс тәртібі

      5. Ғылыми ұйым Кеңесінің дербес құрамы екі жыл мерзімге бекітіледі. Кеңес мүшелері көпшілік дауыспен ұйымның ғылыми қызметкерлері ұжымының жалпы жиналысында сайланады.

      6. Кеңестің төрағасы ғылыми ұйымның директоры (бас директоры) болып табылады, ол болмаған жағдайда, оның міндетін директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары атқарады.

      7. Егер мәжіліске оның құрамының үштен екісі қатысса, онда Кеңестің шешім қабылдауға құқығы бар.

      8. Кеңестің шешімдері, егер оларға мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің тең жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер Кеңес жасырын дауыс беру туралы шешім қабылдамаса, шешімдер ашық дауыспен қабылданады.

      9. Кеңес шешімінің ұсынымдық сипаты бар және ғылыми ұйымның басшысы оны бекіткеннен кейін күшіне енеді.

      10. Ғылыми атақтар беру мәселелері және бос лауазымдарға орналасу конкурстары жөніндегі Кеңес шешімдері осы мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес күшіне енеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады