Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттейтін нормаларды қайталауды болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1260 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 23 қазан - 5 қарашада жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі
N 328 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1667 тіркелген, 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 361 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1984 тіркелген, 2003 жылғы 27 қазандағы N 370 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2582 тіркелген, 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2581 тіркелген, және 2005 жылғы 27 тамыздағы N 91 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3852 тіркелген қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:
20-22-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы