Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 137 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3957. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысымен.

       РҚАО-ның ескертуі: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы  N 86   қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулының күші жойылады (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) .
________________________________________

      Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1669 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2001 жылғы 29 қарашадағы N 267-268 және "Казахстанская правда" газетінде 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 277-278 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы  N 575 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1743 тіркелген, 2002 жылғы 3 маусымдағы  N 203 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1923 тіркелген және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы  N 484 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2696 тіркелген қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
      кіріспесіндегі "Нұсқаулық" деген сөзден кейін "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және" деген сөздермен толықтырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша:
      "уәкілетті банк", "уәкілетті банктер", "уәкілетті банктің", "уәкілетті банкте", "уәкілетті банктерге", "уәкілетті банкке" деген сөздер тиісінше "мәміле паспортының банкі", "мәміле паспортының банктері", "мәміле паспорты банкінің", "мәміле паспортының банкінде", "мәміле паспортының банктеріне", "мәміле паспортының банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "экспорт/импорт келісім-шарты бойынша", "экспорттық-импорттық келісім-шарттарды" деген сөздер тиісінше "экспорт немесе импорт бойынша мәміле", "экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "экспорттық келісім-шарт", "экспорттық келісім-шарттың" деген сөздер тиісінше "экспорт бойынша мәміле", "экспорт бойынша мәміленің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "экспорттық мәмілелерге" деген сөздер "экспорт бойынша мәмілелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "импорттық келісім-шартқа", "импорттық келісім-шарттың" деген сөздер тиісінше "импорт бойынша мәмілеге", "импорт бойынша мәміленің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "импорттық мәмілелерге" деген сөздер "импорт бойынша мәмілелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сыртқы сауда келісім-шарттары", "сыртқы сауда келісім-шартты" деген сөздер тиісінше "экспорт немесе импорт бойынша мәмілелер", "экспорт немесе импорт бойынша мәміле" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиiстi лицензияларын немесе тiркеу куәлiктерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тиiстi лицензияларын немесе тiркеу куәлiктерiнiң және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Экспорттық түсім "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  белгіленген мерзімде түспеген жағдайда, экспортер резидент емеске Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес экспорт жасалған күннен бастап 180 (тауарлардың жекелеген тізбесі бойынша - 365) күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алу үшін уақтылы өтініш жасауы қажет.
      Экспорттық түсім "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайда, экспортер экспорттық түсімді алу немесе бұрын экспортталған тауарды қайтару үшін барлық шараларды қолдануы қажет.
      Экспорттық түсімді экспортерлердің шетелдік банктердегі шоттарына есепке алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияға немесе тіркеу куәлігіне немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлікке және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес рұқсат етіледі.

      4. Тауар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда импортер резидент емеске Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес аванстық төлем жасалған күннен бастап 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған лицензиясын алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы өтініш жасауы қажет. Бұл ретте тауарды негізгі кедендік ресімдеу күні жеткізу күні болып табылады.
      Тауар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде жеткізілмеген жағдайда, импортер аванстық төлемді қайтару немесе тауарды жеткізу үшін барлық шараларды қолдануы қажет.";

      8-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мәміле паспортының банкі - экспорт немесе импорт бойынша мәміленің паспортын ресімдейтін, экспорттық түсімнің түсуін және/немесе экспорт немесе импорт мәмілесі бойынша төлемдердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы не есеп айырысу-касса бөлімі);";

      он төртінші абзацтағы "куәлігінің" деген сөзден кейін "және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он тоғызыншы абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мекен-жай бюросының экспортердің немесе импортердің басшыларының тұрғылықты жері туралы мәліметтер бар анықтамасы.";

      1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "экспорт бойынша мәміленің паспорты - белгіленген нысандағы, валюта операциялары бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге қажетті, экспорт бойынша сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, экспортер толтыратын құжат;";

      2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "импорт бойынша мәміленің паспорты - белгіленген нысандағы, валюта операциялары бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге қажетті, импорт бойынша сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін, импортер толтыратын құжат;";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Екінші деңгейдегі банктер есеп айырысу-касса бөлімдерінің сенімхат негізінде мәмілелер паспортын ресімдеу өкілеттігін айқындайды.
      Банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері мәмілелер паспортын ресімдеуді:
      1) банктің:
      банк және оның филиалы (есеп айырысу-касса бөлімі) арасында клиентке банктік шот ашу және клиенттің тапсырмасы бойынша шот ашылған немесе төлем немесе ақша аудару жүргізілген операциялық күннен кешіктірмей жүргізілген төлемдер және аударымдар туралы ақпарат алмасуға;
      осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен банкке ұсынылған мәмілелер паспорттары бойынша тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпаратқа рұқсаттың болуына;
      мәміле паспортының банкі мәміле паспортын ресімдеген күннен кешіктірмей, тұтастай алғанда уәкілетті банк және/немесе оның филиалы, ресімделген мәмілелер паспорттары, оның ішінде есеп айырысу-касса бөлімдері бойынша жиынтық мәліметтердің болуына мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;
      2) есеп айырысу-касса бөлімдерінің мәмілелердің паспорттарын ресімдеу және клиенттердің тапсырмалары бойынша экспорт-импорт операцияларын жүргізу, банктердің мәміле паспортын ресімдеген есеп айырысу-касса бөлімдеріне мәміле паспорты бойынша тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ банктің бағалау тәуекелдерін басқару жүйесі шеңберінде есеп айырысу-касса бөлімдерінің валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына байланысты тәуекелдерді өлшеу, бақылау және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер (бұдан әрі - ішкі ережелер) болған кезде жүзеге асырады.
      Ішкі ережелермен сондай-ақ кеден органдарына осы Нұсқаулықтың 12 және 13-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша хабарлар жіберу тәртібі реттеледі.";

      9-1-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      бірінші абзацтың екінші сөйлемі "МП электронды көшiрмесiн" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мекен-жай бюросының экспортердің немесе импортердің басшыларының тұрғылықты жері туралы мәліметтер бар анықтамасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта:
      "факс" деген сөзден кейін "не электрондық пошта" деген сөздермен толықтырылсын;
      "факсимильді көшірмесін" деген сөздер "мәміленің барлық қатысушысының қолдары және мөрлері бар факсимильдік не электрондық көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "факсимильді көшірмесімен" деген сөздер "факсимильдік не электрондық көшірмесімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экспортер немесе импортер осы тармақта көрсетілген мерзімде келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаған не келісім-шарт түпнұсқасының мәміленің паспортын ресімдеу үшін ұсынылған көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.";

      12-1-тармақтың үшінші абзацында "экспорт және импорт мәмілелерін" деген сөздер "экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      екінші абзацта:
      "факс" деген сөзден кейін "не электрондық пошта" деген сөздермен толықтырылсын;
      "факсимильді көшірмесін" деген сөздер "мәміленің барлық қатысушысының қолдары және мөрлері бар факсимильдік не электрондық көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "факсимильді көшірмесімен" деген сөздер "факсимильдік не электрондық көшірмесімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экспортер немесе импортер осы тармақта көрсетілген мерзімде келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаған не келісім-шарт түпнұсқасының мәміленің паспортын ресімдеу үшін ұсынылған көшірмесімен сәйкес келмеген жағдайда экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.";

      16-тармақта:
      2) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;
      8) тармақшада "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында " деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақта:
      "экспорт-импорт мәмілесі" деген сөздер "экспорт немесе импорт бойынша мәміле" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тіркеу куәлігін" деген сөздерден кейін "және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-1-тармақтағы "куәлігін", "куәлігінің" деген сөздерден кейін тиісінше "және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлігін", "және/немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-2-тармақпен толықтырылсын:
      "26-2. Экспортер немесе импортер кеден органында және мәміле паспортының банкінде осы Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарында көзделген тәртіппен мәміле паспортын жабады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Мәміле паспортының банкі кеден органынан келіп түскен мәмілелер паспорттарын және/немесе экспорт немесе импорт бойынша паспортқа қосымша парақтарды, салыстыру актілерін және кеден органдарына жіберілген хабарламаларды есепке алу үшін осы Нұсқаулықтың 3 және 4-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі журналды жүргізеді.
      Егер банкте (оның филиалында) әр түрлі жерде орналасқан бірнеше операция залы (есеп айырысу-касса бөлімдері) бар болған жағдайда, әрбір операция залы (есеп айырысу-касса бөлімі) үшін экспорт немесе импорт жөніндегі бірнеше журнал жүргізуге рұқсат етіледі. Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін банктердің есеп айырысу-касса бөлімдері келіп түскен және жіберілген валюта бақылау құжаттарын тіркеуге арналған, аяқталған журналдарды банктің не әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде есеп айырысу-касса бөлімі құрылған филиалдың мұрағатына тапсырады. Журналдар аяқталған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы сақталады.";

      28-2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      28-7-тармақтың бірінші абзацындағы "экспорт мәмілесінде" деген сөздер "экспорт бойынша мәміледе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Экспорттық түсім мәміле паспортының банкіне "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайларда, экспортер экспорттық түсімнің осы түсу мерзімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кеден органына растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып экспорттық түсімнің түспеу себептері туралы жазбаша түсінік беруі қажет.

      34. Импорт бойынша тауар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген жағдайларда, импортер импорт бойынша тауарлардың түсу мерзімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кеден органына растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып импорт бойынша тауардың түспеу себептері туралы жазбаша түсінік беруі қажет.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Экспорттық түсім "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген немесе толық түспеген жағдайда, кеден органы жөнсіздік фактісін растайтын құжаттар болған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық белгілер бойынша тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, ал қылмыстық жазалау іс-әрекет белгілері бойынша тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жібереді.

      37. Кедендік шекара арқылы тауарлардың орын ауыстыруы көзделетін мәміле бойынша импорт бойынша тауар не аванстық төлем "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында белгіленген мерзімдерде түспеген немесе толық түспеген жағдайда, кеден органы импортерді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы мәселені дербес қарайды және істелген жұмыс туралы мәліметтерді кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жиынтық мәліметтерді беру үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Қылмыстық жазалау іс-әрекет белгілері бар құқық бұзушылықтар бойынша тиісті ақпаратты кеден органы құқық қорғау органдарына жібереді.";

      39-тармақ алынып тасталсын;

      44-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мәміле паспорты банкінің қызмет көрсететін филиалы немесе есеп айырысу-касса бөлімі өзгерген жағдайда мәміле паспортын қайта ресімдеу талап етілмейді. Экспортердің немесе импортердің жаңа банктік деректемелері және мәміле паспорты банкі филиалының немесе есеп айырысу-касса бөлімінің жаңа деректері "Ерекше белгілер" бағанында көрсетіледі және осы ақпарат мәміле паспортын ресімдеген кеден органына жіберіледі.
      Бұл ретте мәміле паспортына бұрын қызмет көрсеткен банктің филиалы немесе есеп айырысу-касса бөлімі олар бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды осы мәміле паспортын бақылау үшін қабылдаған банктің филиалына немесе есеп айырысу-касса бөліміне өткізеді.";

      47-тармақта:
      2) тармақшадағы "осы нұсқаулықтың 9-1 тармағының талаптарын сақтағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшада:
      бірінші сөйлемдегі "резидент емес әріптестен" деген сөздерден кейін "мәміле паспортының барлық сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлемдегі "басқа резидент тұлға" деген сөздерден кейін "резидент еместердің міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін сақтандыру шарттары жөніндегі сақтандыру компанияларын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшадағы "осы импорттық келісім-шарттың" деген сөздер "импорт бойынша осы мәміленің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "осы экспорттық келісім-шарттың" деген сөздер "экспорт бойынша осы мәміленің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы "экспорт/импорт келісім-шартын" деген сөздер "экспорт немесе импорт бойынша келісім-шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-2) тараптардың міндеттемелерін орындау баламасы болған және экспорт немесе импорт бойынша мәмілелерді орындау мерзімдері аяқталған кезде мәміле паспорты банкінің экспортерінің немесе импортерінің және кеден органын осы мәмілені тоқтату туралы жазбаша хабарламасынсыз, міндеттемелерді орындаудың соңғы күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде мәміле паспорты бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;";

      мынадай мазмұндағы 13-2)-13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-2) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      13-3) уәкілетті органның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімі немесе мәміле паспорты бойынша жөнсіздік сомасы бойынша қылмыстық іс туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде резидент еместің резидент алдындағы міндеттемелерін орындамауы;

      13-4) мәміле паспортын ресімдеген резиденттің орналасқан жері бойынша бес жыл бойы, осы Нұсқаулықтың 49-тармағында көзделген тәртіппен расталған болмауы;";

      49-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      53-тармақта:
      2) тармақшадағы "8-нен" деген сан және әріптер "11-нен" деген сан және әріптермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;

      54-тармақта:
      2) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      3) тармақшада "айына бір рет, келісілген мерзімде" деген сөздер "ай сайын, 11-нен кешіктірілмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55-тармақта:
      "ақпаратты" деген сөзден кейін ", сондай-ақ валюталық бақылау құжаттарына сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін талап етілетін өзге ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Экспорттық-импорттық валюталық бақылау мақсаты үшін кеден органдары тауарлардың экспорт немесе импорт мәмілесі бойынша белгіленген құнын есепке алады.";

      56-тармақ алынып тасталсын;

      57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мәміле паспортының банкі кеден органының сұратуы бойынша экспорттық-импорттық валюталық бақылау мақсаты үшін кеден органына нақты мәміле паспорты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер ұсынады.";

      58-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "валюта" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      "20" деген сан "23" деген санмен ауыстырылсын;
      "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне клиенттердің тапсырмасы бойынша экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын банктің есеп айырысу-касса бөлімдері туралы мәліметтерді жазбаша түрде олардың деректемелері мен орналасқан жерін көрсете отырып жібереді;

      63-тармақта:
      3) тармақшада:
      ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тиісті мемлекеттік органның хаты мемлекеттік сыртқы заемдар есебінен тауарлар сатып алуды растайтын құжат болып табылады;"; 
      5) тармақшада:
      "келісім-шарттар" деген сөздер "не ресімделген келісім-шарттар, инвойстар, шот-фактуралар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) қарама-қарсы орындау міндеттемелері талап етілмейтін, өтеусіз сипаттағы шарттар бойынша тауарлардың орнын ауыстыру кезінде.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "68. Шетелдік банкте импорт бойынша төлем жүзеге асырылатын не "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптарына және лицензияның немесе куәліктің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсетін шот ашу үшін экспортерде немесе импортерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы немесе тіркеу куәлігі немесе валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктері болған кезде, мәміле паспортында Қазақстан Республикасы резидентінің шоты ашылған мәміле паспорты банкінің деректемелері және сол сияқты осы резиденттің шоты ашылған шетелдік банктің деректемелері көрсетіледі.
      Мыналар экспорттық түсім түсуінің (тауарлардың ақысын төлеудің) растамасы болып табылады:
      1) шетелдік банктегі корреспонденттік шоттан үзінді-көшірме - банктер тауар сатып алған кезде (кеден органында үзінді-көшірменің банктің корреспонденттік шоттан төлеген валюта сомасын растайтын бөлігінің расталған көшірмесі қалады);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (оның аумақтық филиалының) резиденттің шетел банкіндегі шоты бойынша ақша қозғалысы туралы, кеден органына оның жазбаша сұрауы бойынша жіберілетін хабарламасы;
      3) мәміле паспорты банкінің осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен кеден органына жіберілетін хабары.";

      70-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болмаған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;

      71-тармақтың алтыншы абзацындағы "Капиталдың қозғалысымен" деген сөздер "Коммерциялық кредит ұсынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      75-тармақтағы "импорт мәмілесі", "импорт келісім-шарттары" деген сөздер тиісінше "импорт бойынша мәміле", "импорт бойынша мәмілелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      75-1-тармақта:
      5) тармақшадағы "лицензиясын" деген сөзден кейін "немесе тіркеу куәлігін" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші абзацтағы "капитал қозғалысына байланысты операцияларды жүргізуге" деген сөздер "180 (жекелеген тауарлар тізбесі бойынша - 365) күннен асатын мерзімге коммерциялық кредит беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77 және 77-1-тармақтар алынып тасталсын;

      78-тармақтағы "капиталдың қозғалысымен байланысты операцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы және/немесе тіркеу куәлігі" деген сөздер ", егер алынуы валюта заңнамасына сәйкес талап етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия және/немесе тіркеу куәлігі және/немесе валюта операциялары туралы хабарламалар туралы куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 2-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

                                        "Қазақстан Республикасында
                                           экспорт-импорт валюта
                                       бақылауын ұйымдастыру туралы
                                           нұсқаулыққа 1-қосымша

                     _____ жылғы "__" ________
                _________ нөмірі 11 (12, 31, 32)
                 Экспорт бойынша мәміле паспорты

Экспортер банкінің деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
Филиалы ___________________________________________________________
Есеп айырысу-касса бөлімі (бұдан әрі - ЕКБ) _______________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) __________________
Банктің (банк филиалының) кәсіпорындар мен ұйымдарды жалпы
мемлекеттік жіктеушінің коды (бұдан әрі - КҰЖЖ) ___________________
Шетелдік банктің атауы ____________________________________________

Экспортердің деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
КҰЖЖ коды _________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ________________
Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі __________________________
СТН _______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы ________________________________________
Төлқұжат деректемелері ____________________________________________

Үшінші тұлғаның деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
КҰЖЖ коды _________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ________________
СТН _______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы ________________________________________
Төлқұжат деректемелері ____________________________________________

Шетелдік сатып алушының деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
Елі _______________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Сатып алушы банктің деректемелері _________________________________

Келісім-шарттың деректемелері және талаптары:

Нөмірі ______________________       Соңғы күні ____________________
Күні ________________________       Төлем валютасы ________________
Келісім-шарт сомасы _________       Төлем валютасының коды ________
Есеп айырысу нысаны ______________________
Келісім-шарт бойынша валюта ______________
Келісім-шарт бойынша валютаның коды ______
Валютаны келісу __________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы
Лицензияның нөмірі ________   Күні __________   Мерзімі ___________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі
Тіркеу куәлігінің нөмірі _______________    Күні __________________
Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі
_________ Күні _________

Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
банктің атынан       экспортердің атынан       кеден органы атынан
(лауазымы)           (лауазымы)                (лауазымы)
______________       ___________________       ___________________
Аты-жөні             Аты-жөні                  Аты-жөні
(қолы)               (қолы)                    (қолы)
мөр орны             мөр орны                  мөр орны
күні _________       күні ______________       күні ______________

үшінші тұлғаның      үшінші тұлға
атынан               банкінің атынан
(лауазымы)           (лауазымы)
_______________      ___________________
Аты-жөні             Аты-жөні
(қолы)               (қолы)
мөр орны             мөр орны
күні __________      күні ______________

Банктің, Кеден органының ерекше белгілері

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортына
             200_жылғы ____ нөмір 3_/_________ қосымша

                 Экспортталатын тауарлардың тізімі

Рет нөмірі

Тауардың атауы

Тауардың коды

Тізбе бойынша тармақтың нөмірі

1

 

 

 

2

 

 

 

...

 

 

 

банктің атынан       экспортердің атынан       кеден органы атынан
(лауазымы)           (лауазымы)                (лауазымы)
______________       ___________________       ___________________
Аты-жөні             Аты-жөні                  Аты-жөні
(қолы)               (қолы)                    (қолы)
мөр орны             мөр орны                  мөр орны
күні _________       күні ______________       күні ______________

Экспорт бойынша мәміле паспортын толтыру ережесі

       1. "Экспорт бойынша мәміле паспорты" - мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды көрсетіледі:
      1) бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады: олардың біріншісі "1" немесе "3", екіншісі "1" немесе "2" болуы мүмкін. Бірінші "1" саны экспорт бойынша осы мәміле паспорты тауардың экспортынан валюталық түсімнің түсуін валюталық бақылауға арналғанын немесе "3" саны экспорт бойынша осы мәміле паспорты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес жекелеген тауарлардың экспортынан валюталық түсімдердің түсуін валюталық бақылауға арналғанын білдіреді. Екінші "1" саны мәміле паспорты бойынша ең алдымен алдын ала төлеу болатынын немесе "2" саны тауардың кедендік ресімделетінін білдіреді;
      2) екінші бөлігі кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
      3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылатын үш саннан тұрады;
      4) төртінші бөлігі нүктесі бар нөл санынан тұрады, нүктеден кейін экспорт бойынша осы мәміле паспортының журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/003/0.12 немесе 32/00000000/003/0.15).
      2. "Экспорт бойынша мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы оның кеден органының тиісті экспорт бойынша мәміле паспорттарын тіркеу журналының "жіберілгендері" бағанындағы тіркелген күнін көрсетеді (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы).
      3. "Экспортер банкінің деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында экспорт бойынша мәміле паспортын ресімдеген банктің толық атауы көрсетіледі;
      2) "Филиал" бағанында экспортердің экспорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі "шот нөмірі" бағанында көрсетілетін, экспортердің шоты жүргізілетін филиалдың толық атауы көрсетіледі. Баған, егер көрсетілген шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;
      3) "ЕКБ" бағанында экспортердің экспорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі "банктік шот нөмірі" бағанында көрсетілетін шоты жүргізілетін ЕКБ-ның толық атауы көрсетіледі. Көрсетілген шот ЕКБ-да жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;
      4) "Мекен-жайы" бағанында экспортердің шоты жүргізілетін банктің немесе банк филиалының (егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) немесе ЕКБ-ның (егер экспортердің шоты ЕКБ-да жүргізілсе) толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
      5) СТН бағанында банктің (егер экспортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) немесе банк филиалының (егер экспортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      6) "КҰЖЖ коды" бағанында экспортер банкінің сегіз мәнді коды (егер экспортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) не "филиал" бағанында көрсетілген банк филиалының он екі мәнді коды (егер экспортердің шоты филиалда жүргізілсе) көрсетіледі;
      7) "Шетелдік банктің атауы" бағанында экспортердің шоты ашылған және осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсуі мүмкін шоты ашылған шетелдік банктің толық атауы көрсетіледі.
      4. "Экспортердің деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық ресми атауы көрсетіледі;
      2) "КҰЖЖ коды" бағанында мәміле паспортына қол қойған заңды тұлға экспортердің (оның филиалының) оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз мәнді (он екі мәнді) коды көрсетіледі;
      3) "Мекен-жайы" бағанында экспорт бойынша мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Келісім-шартта экспортердің нақты мекен-жайын көрсету шартымен экспортердің заңды мекен-жайы көрсетіледі;
      4) "Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі" бағанында мәміле паспортына қол қойған экспортердің банктегі (филиалдағы немесе есеп айырысу-касса бөліміндегі) осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорттық түсім түсуі тиіс банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
      5) "Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі" бағанында экспортердің шетелдік банктегі осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес экспорттық түсім түсуі мүмкін шоты ашылған банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
      6) "СТН" бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      7) "Салық органының мекен-жайы" бағанында экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
      5. "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі мәміле паспорты (мәміле паспортының қосымша парағы) резидент төлеушінің үшінші тұлғасының қатысуымен ресімделген жағдайда "Экспортердің деректемелері" бағаны сияқты толтырылады.
      6. "Шетелдік сатып алушының деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында соның негізінде экспорт бойынша мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей экспортталатын тауардың шетелдік сатып алушысының атауы көрсетіледі;
      2) "Елі" бағанында соның негізінде осы мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес сатып алушы орналасқан елдің атауы көрсетіледі;
      3) "Мекен-жайы" бағанында шетелдік сатып алушының соның негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың талаптарына сәйкес заңды мекен-жайы көрсетіледі;
      4) "Сатып алушы банктің деректемелері" бағанында шетелдік сатып алушыға қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорты бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді сәйкестендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.
      7. "Келісім-шарттың деректемелері және талаптары" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмірі" бағанында негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі;
      3) "Келісім-шарт сомасы" бағанында экспортталатын тауардың осы келісім-шартқа сәйкес жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен алынған бағасы белгіленетін тауарды жеткізу көзделген жағдайда, онда мәміле паспортында келісім-шарттың жеткізудің белгіленген көлемін шамаланған бағасына көбейту арқылы есептелген сомасы көрсетіледі, бір мезгілде мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бағанында келісім-шарттың шамаланған және нақты бағаларының мәміле паспортында көрсетілген сомадан артық не төмен болатыны көрсетіледі;
      4) жекелеген тауарлардың экспорты бойынша мәміле паспортының қосымшасында:
      "Тауардың атауы" бағанында - тауардың келісім-шарт бойынша атауы көрсетіледі;
      "Тауардың коды" бағанында - тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды көрсетіледі;
      "тармақтың Тізбе бойынша нөмірі" бағанында - тиісті тармақтың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Жекелеген тауарлардың тізбесіндегі нөмірі көрсетіледі;
      5) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында - республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын әріптермен белгілеу көрсетіледі;
      6) "Келісім-шарт бойынша валютаның коды" бағанында - республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;
      7) "Валютаны келісу" бағанында - келісім-шарт бойынша валютаның төлем валютасына бағамын есептеудің тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валютаның" және "Төлем валютасының" сәйкес келмеуі шартымен ғана толтырылады);
      8) "Соңғы күні" бағанында негізінде экспорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарт бойынша соңғы төлемнің экспортердің шотына түсуінің есеп айырысу күні көрсетіледі. "Соңғы күнді" экспортер кедендік ресімдеу жобаланған, келісім-шарттың талаптары бойынша рұқсат етілген соңғы күнге келісім-шарттың талаптарына сәйкес тауар экспортталған күннен есептелген экспорттық түсім түсетін мерзімге дербес қосуы арқылы есептеледі. Егер келісім-шартта оны қолдану мерзімі аяқталатын күн тікелей көрсетілген жағдайда, онда осы бағанда келісім-шартты қолдану мерзімінен басқа неғұрлым кешірек күн көрсетілмейді;
      9) "Төлем валютасы" бағанында - республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес экспортталатын тауардың ақысын төлеу жүргізілетін валютаны әріптермен белгілеу көрсетіледі;
      10) "Төлем валютасының коды" бағанында - республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;
      11) "Есеп айырысу нысаны" бағанында - экспортталатын тауар үшін келісім-шарттың талаптарына сәйкес қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеушіге сәйкес):

      Есеп айырысу нысаны             Коды
      аванстық төлем
      (алдын ала ақы төлеу)            00
      аккредитив                       10
      инкассо                          20
      аударым                          30
      басқалары                        40.

      Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан көп код қойылады.
      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі;
      3) "Мерзімі" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын қолдану мерзімі көрсетіледі.
      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі" бөлімі экспортер тіркеу куәлігін алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
      10. "Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі" бөлімі экспортер хабарлама туралы куәлікті алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында экспортер жүргізген валюта операциясы туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі;
      2) "Күні" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экспортерге хабарлама туралы куәлікті берген күні көрсетіледі.
      11. "Уәкілетті тұлғалардың қолдары" бөлімі төмендегідей толтырады:
      1) Экспорт бойынша мәміле паспортының үш данасына:
      кеден органының атынан - кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзге іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлға;
      банктің атынан - банктің мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын жауапты қызметкері;
      экспортердің атынан - экспортердің басшысы;
      үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсете отырып);
      2) экспорт бойынша мәміле паспортының барлық данасы кеден органының, банктің, экспортердің және қажет болған кезде үшінші тұлғаның және үшінші тұлға банкінің мөрімен бекітіледі.
      12. "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.

                                        "Қазақстан Республикасында
                                           экспорт-импорт валюта
                                       бақылауын ұйымдастыру туралы
                                           нұсқаулыққа 2-қосымша

                     _____ жылғы "__" ________
                 _________ нөмірі 21 (22) 
                  Импорт бойынша мәміле паспорты

Банктің деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
Филиалы ___________________________________________________________
ЕКБ _______________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Банктің (банк филиалының) КҰЖЖ) ___________________________________
Шетелдік банктің атауы ____________________________________________

Импортердің деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
КҰЖЖ коды _________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ________________
Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі __________________________
СТН _______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы ________________________________________
Төлқұжат деректемелері ____________________________________________

Үшінші тұлғаның деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
КҰЖЖ коды _________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі ________________
СТН _______________________________________________________________
Салық органының мекен-жайы ________________________________________
Төлқұжат деректемелері ____________________________________________

Шетелдік әріптестің деректемелері:
Атауы _____________________________________________________________
Елі _______________________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Шетелдік әріптес банктің деректемелері ____________________________

Келісім-шарттың деректемелері және талаптары:

Нөмірі ______________________       Соңғы күні ____________________
Күні ________________________       Төлем валютасы ________________
Келісім-шарт сомасы _________       Төлем валютасының коды ________
Есеп айырысу нысаны ______________________
Келісім-шарт бойынша валюта ______________
Келісім-шарт бойынша валютаның коды ______
Валютаны келісу __________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы
Лицензияның нөмірі ________   Күні __________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі
Тіркеу куәлігінің нөмірі _______________    Күні __________________
Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі
_________ Күні _________

Уәкілетті тұлғалардың қолдары:
банктің атынан     экспортердің     кеден органы    үшінші тұлғаның
(лауазымы)         атынан           атынан          атынан
                   (лауазымы)       (лауазымы)      (лауазымы)
______________     ____________     _____________   _______________
Аты-жөні           Аты-жөні         Аты-жөні        Аты-жөні
(қолы)             (қолы)           (қолы)          (қолы)
мөр орны           мөр орны         мөр орны        мөр орны
күні _________     күні _______     күні ________   күні __________

үшінші тұлға банкінің атынан
(лауазымы)
____________________________
Аты-жөні
(қолы)
мөр орны
күні _______________________

Банктің, Кеден органының ерекше белгілері

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Импорт бойынша мәміле паспортын толтыру ережесі

      1. "Импорт бойынша мәміле паспорты" бағанында - мәміле паспортының төрт бөліктен тұратын, көлбеу сызықпен бөлінген күрделі коды:
      1) бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, олардың бірінші "2" саны осы мәміле паспортының тауардың импорты кезінде ақша пайдалануды валюталық бақылауға арналғанын, ал екінші "1" саны мәміле бойынша алдын ала төлем жасалғанын, немесе "2" саны тауарды кедендік ресімдеуді білдіреді;
      2) екінші бөлігі кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
      3) үшінші бөлігі ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылатын үш саннан тұрады;
      4) төртінші бөлігі нүктесі бар нөл санынан тұрады, нүктеден кейін импорт бойынша осы мәміле паспортының импорт жөніндегі журналға сәйкес реттік нөмірі қойылады (мысалы, 21/00000000/003/0.12).
      2. "Импорт бойынша мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы оның кеден органының тиісті импорт бойынша мәмілелері бойынша паспорттарын тіркеу журналының "жіберілгендері" бағанындағы тіркелген күнін көрсетеді (осы Нұсқаулықтың 4-1-қосымшасы).
      3. "Импортер банкінің деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында импорт бойынша мәміле паспортын ресімдеген банктің толық атауы көрсетіледі;
      2) "Филиалы" бағанында импортердің импорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі "банктік шот нөмірі" бағанында көрсетілетін, импортердің шоты жүргізілетін филиалдың толық атауы көрсетіледі. Егер көрсетілген шот банктің филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;
      3) "ЕКБ" бағанында импортердің импорт бойынша мәміле паспортында бұдан әрі "банктік шот нөмірі" бағанында көрсетілетін шоты жүргізілетін ЕКБ-ның толық атауы көрсетіледі. Егер көрсетілген шот ЕКБ-да жүргізілген жағдайда ғана толтырылады;
      4) "Мекен-жайы" бағанында импортердің шоты жүргізілетін банктің немесе банк филиалының (егер импортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) немесе ЕКБ-ның (егер импортердің шоты ЕКБ-да жүргізілсе) толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
      5) СТН бағанында банктің (егер импортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) немесе банк филиалының (егер импортердің шоты банктің филиалында жүргізілсе) тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      6) "КҰЖЖ коды" бағанында импортер банкінің сегіз мәнді коды (егер импортердің шоты банкте немесе оның ЕКБ-да жүргізілсе) не "филиал" бағанында көрсетілген банк филиалының он екі мәнді коды (егер импортердің шоты филиалда жүргізілсе) көрсетіледі;
      7) "Шетелдік банктің атауы" бағанында импортердің шоты ашылған және осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес төлем жүргізілетін шетелдік банктің толық атауы көрсетіледі.
      4. "Импортердің деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің толық ресми атауы көрсетіледі;
      2) "КҰЖЖ коды" бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған, импортердің оған мемлекеттік статистика органы берген сегіз мәнді коды көрсетіледі;
      3) "Мекен-жайы" бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Келісім-шартта импортердің нақты мекен-жайын көрсету шартымен импортердің заңды мекен-жайы көрсетіледі;
      4) "Қазақстан Республикасындағы банктік шотының нөмірі" бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған импортердің банктегі (филиалдағы) осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша төлемдер жүргізілуі тиіс банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
      5) "Шетелдік банктегі банктік шотының нөмірі" бағанында импортердің шетелдік банктегі осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптарына және лицензияның және/немесе куәліктердің талаптарына сәйкес төлемдер жүргізілетін банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
      6) "СТН" бағанында импортер салық органдарында тіркелген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      7) "Салық органының мекен-жайы" бағанында импортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі;
      8) "Импортердің төлқұжат деректері" бағанында импорт бойынша мәміле паспортына қол қойған басшының төлқұжатының немесе жеке куәлігінің нөмірі, қандай мемлекеттік орган және қашан бергені көрсетіледі.
      5. "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі "Импортердің деректемелері" бағаны сияқты толтырылады.
      6. "Шетелдік әріптестің деректемелері" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Атауы" бағанында соның негізінде осы импорт бойынша мәміле паспорты жасалған келісім-шартта көрсетілген түрдегідей импортталатын тауардың шетелдік сатып алушысының атауы көрсетіледі;
      2) "Елі" бағанында сатып алушы соның негізінде осы мәміле паспорты жасалған келісім-шартқа сәйкес орналасқан елдің атауы көрсетіледі;
      3) "Мекен-жайы" бағанында шетелдік сатып алушының соның негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың талаптарына сәйкес заңды мекен-жайы көрсетіледі;
      4) "Шетелдік әріптес банкінің деректемелері" бағанында шетелдік әріптеске қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы және деректемелері көрсетіледі. Егер осы деректемелер келісім-шартта көрсетілсе, осы баған толтырылады. Осы бағанда көрсетілген мәліметтер ресімделген мәміле паспорты бойынша шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ақша аудару кезінде төлемді сәйкестендіруден бас тарту үшін негіз болмайды.
      7. "Келісім-шарттың деректемелері және талаптары" бөлімі төмендегідей толтырылады:
      1) "Нөмірі" бағанында негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында келісім-шартқа қол қойылған күн көрсетіледі;
      3) "Келісім-шарт сомасы" бағанында импортталатын тауардың осы келісім-шартқа сәйкес жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша шамамен алынған бағасы белгіленетін тауарды жеткізу көзделген жағдайда, онда мәміле паспортында келісім-шарттың жеткізудің белгіленген көлемін шамаланған бағасына көбейту арқылы есептелген сомасы көрсетіледі, бір мезгілде мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бағанында келісім-шарттың шамаланған және нақты бағаларының мәміле паспортында көрсетілген сомадан артық не төмен болатыны көрсетіледі;
      4) "Келісім-шарт бойынша валюта" бағанында - республиканың кеден органдары кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын әріптермен белгілеу көрсетіледі;
      5) "Келісім-шарт бойынша валютаның коды" бағанында - республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасының валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;
      6) "Валютаны келісу" бағанында - келісім-шарт бойынша валютаның төлем валютасына бағамын есептеудің тәсілі көрсетіледі "Келісім-шарт бойынша валютаның" және "Төлем валютасының" сәйкес келмеуі шартымен ғана толтырылады;
      7) "Соңғы күні" бағанында негізінде импорт бойынша осы мәміле паспорты жасалған келісім-шарт бойынша импортер көрсеткен, болжанған мынадай екі күннің неғұрлым кешірегі көрсетіледі: кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін ақы төлеу кезінде - келісім-шарттың талаптары бойынша болуы мүмкін соңғы төлем күні, алдын ала ақы төлеу кезінде - кедендік ресімдеу күні, яғни тауар тобының келісім-шарттың талаптары бойынша рұқсат етілген, соңғы жеткізілімін ресімдеу күні. Егер келісім-шартта оны қолдану мерзімі аяқталатын күн тікелей көрсетілген жағдайда, онда осы бағанда келісім-шартты қолдану мерзімінен басқа неғұрлым кешірек күн көрсетілмейді;
      8) "Төлем валютасы" бағанында республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес импортталатын тауардың ақысын төлеу жүргізілетін валютаны әріптермен белгілеу көрсетіледі;
      9) "Төлем валютасының коды" бағанында республиканың кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісі негізінде қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасын сандармен белгілеу көрсетіледі;
      10) "Есеп айырысу нысаны" бағанында импортталатын тауар үшін келісім-шарттың талаптарына сәйкес қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі (төменде келтірілген жіктеушіге сәйкес):

      Есеп айырысу нысаны       Коды
      аванстық төлем
      (алдын ала ақы төлеу)      00
      аккредитив                 10
      инкассо                    20
      аударым                    30
      басқалары                  40.

      Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанда үш және одан көп код қойылады.
      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында лицензияда көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі" бөлімі импортер тіркеу куәлігін алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында тіркеу куәлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берген күні көрсетіледі.
      10. "Валюта операциялары туралы хабарлама туралы куәлік" бөлімі импортер хабарлама туралы куәлікті алған кезде төмендегідей толтырады:
      1) "Нөмірі" бағанында импортер жүргізген валюта операциясы туралы хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі;
      2) "Күні" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің импортерге хабарлама туралы куәлікті берген күні көрсетіледі.
      11. "Уәкілетті тұлғалардың қолдары" бөлімін төмендегідей толтырады:
      1) Импорт бойынша мәміле паспортының үш данасына:
      импортердің атынан - импортердің басшысы;
      банктің атынан - банктің жауапты қызметкері;
      кеден органының атынан - кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзге іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлға қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсете отырып);
      2) импорт бойынша мәміле паспортының үш данасы банктің, кеден органының және импортердің мөрімен бекітіледі;
      3) Үшінші тұлға болған кезде осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес импорт бойынша мәміле паспортына бес данамен қосымша парақ ресімделеді және оған қосымша:
      үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы;
      үшінші тұлға банкінің атынан - банктің жауапты қызметкері қол қояды (лауазымын, аты-жөнін көрсетумен);
      4) Импорт бойынша мәміле паспортына қосымша парақтардың бес данасы кеден органының, импортер банкінің, импортердің және қажет болған кезде үшінші тұлғаның және үшінші тұлға банкінің мөрімен бекітіледі.
      12. "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдары мен агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.";

      9, 10 және 11-қосымшалар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы рыногын және
      қаржы ұйымдарын реттеу
      мен қадағалау агенттігі
      Төрағасы

      2005 жылғы 4 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министрі

      2005 жылғы 10 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады