Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 272 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3982. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 593 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.10 № 593 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      2005 жылғы 7 желтоқсан

Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрлігі   
Орман және аңшылық шаруашылығы   
комитеті төрағасының        
2005 жылғы 7 желтоқсандағы     
N 272 бұйрығымен бекітілген    

  Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесі

  1. Жалпы бөлім

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің (бұдан әрі - Аң аулау ережесі) 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ереже аң аулауды ұйымдастыру кезінде туындайтын шетелдік аңшы мен аңшылық шаруашылығы ұйымының арасындағы құқықтық қатынастарды белгілейді.

  2. Аң аулауды ұйымдастыру шартын жасасу тәртібі

      3. Аңшылық шаруашылығы ұйымы:
      1) бекітіп берілген аң аулау алқаптары;
      2) жануарлар дүниесінің объектілерін алуға квоталары болған жағдайда шетелдік аңшымен аң аулауды ұйымдастыруға шарт жасасады.

      4. Аңшылық шаруашылығы ұйымы аң аулауды ұйымдастыру кезінде шетелдік аңшыға қызметтер көрсетуге туристік ұйыммен шарт жасаса алады.

      5. Аң аулау кезінде шетелдік аңшының қолында:
      1) шетелдік тұратын елде берілген аң аулау құқығын куәландыратын құжат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген Қазақстан Республикасы аңшысының  куәлігі;
      2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
      3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) немесе сақтауға және алып жүруге берілген рұқсат;
      4) қыран құстарды және/немесе иттерді тіркеу (қыран құстармен және/немесе иттермен аң аулаған кезде) туралы құжаттар болады.

  3. Аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      6. Аңшылық шаруашылығы ұйымы:
      1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аң аулау басталмас бұрын күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шетелдік аңшымен аң аулауға шарт жасасады;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасына (бұдан әрі - облаумақбасқарма) аң аулау басталмас бұрын күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алуға тапсырым береді (2-қосымша);
      3) облаумақбасқармаға шетелдік аңшылардың келу кестесін ұсынады;
      4) облаумақбасқармадан аң аулау басталмас бұрын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алады.

      7. Аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшін аңшылық шаруашылығы ұйымы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне мына құжаттарды қоса тіркеп, тиісті жазбаша өтініш жолдайды:
      1) аңшылық атыс және суық қару мен патрондар мөлшерін әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға өтініш ( 3-қосымша );
      2) аң аулау туралы шетелдік аңшымен жасалған шарттың көшірмесі;
      3) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен оның статистикалық карточкасының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;
      4) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға берілген сенімхат;
      5) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.

      8. Облаумақбасқарма:
      1) 3 жұмыс күні ішінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алуға берілген тапсырым мен шетелдік аңшылардың келу кестесін қарайды және бекітеді;
      2) жануарлар дүниесі объектілерін алуға бөлінген квота шегінде белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар береді;
      3) аң аулау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне аң аулау хаттамаларының (4-қосымша), олжалау парақтарының (болған жағдайда) (5-12-қосымшалар) көшірмелерін қоса тіркеп, аң аулау нәтижелері туралы түсіндірме жазбасы бар есеп тапсырады.

      9. Аң аулауға шығар алдында аңшылық шаруашылығы ұйымы:
      1) шетелдік аңшыда аң аулау үшін қажет құжаттардың бар-жоғын тексереді және аңшыға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
      2) аңшылық шаруашылығы ұйымының штаттағы қызметкерлері қатарынан аң аулау басшысын және жолсеріктер тағайындайды, олар Аң аулаудың белгіленген тәртібі мен ережесінің сақталуына жауаптылықта болады.

      10. Аң аулау басшысы:
      1) аң аулау басталмас бұрын деректерді арнайы тіркеу журналына енгізіп, Аң аулау ережесі мен қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізеді;
      2) аң аулау хаттамасына шетелдік аңшы, аң аулау орыны мен мерзімі туралы деректерді енгізеді;
      3) аң аулау кезінде аңшыларды бастап жүруді, орналастыруды, жаралы аң-құстарды жинап алуды және аң аулауды өткізу жөнінде басқа да қажетті іс-шараларды ұйымдастырады;
      4) аң аулау аяқталғаннан кейін аң аулау хаттамасына олжаланған жануарлардың түрлері мен саны, олжалардың сапасы туралы деректерді, басқа да қажетті мәліметтерді енгізеді.

      11. Аң аулаудың әрбір туры аяқталғаннан кейін он күн мерзім ішінде (күнтізбелік күндер) аңшылық шаруашылығы ұйымы облаумақбасқармаға аң аулау хаттамаларының (олжалар болған жағдайда - олжалау парақтарының) көшірмелерін қоса тіркеп, аң аулау нәтижелері туралы есеп тапсырады.

  4. Ауланған жануарларды Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерге алып кету тәртібі

      12. Ауланған жануарларды, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге алып кету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
      2) аң аулау хаттамасы;
      3) сыртқа әкетілетін жануарлардың, олардың бөліктерінің немесе бөлшектерінің ветеринариялық куәлігі және/немесе ветеринариялық сертификаты;
      4) олжалау парақтары (ауланған жануарлардың, олардың бөліктері немесе бөлшектерінің аң аулау хаттамасында көрсетілген олжалық құны болған жағдайда).

      13. Жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшасына енгізілген, құрып кету қатері төнген ауланған жануарларды, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге алып кету кезінде осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа "Құрып кету қатері төнген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2717 нөмірмен тіркелген) жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге Әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы осы Конвенцияның Әкімшілік органының рұқсаты көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының  
аумағында шетелдіктердің  
қатысуымен әуесқойлық    
(спорттық) аң аулауды    
ұйымдастыру ережесіне   
1-қосымша          

Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды
ұйымдастыру туралы
ҮЛГІ ШАРТ

___________ қаласы                     200 __ ж. "__"______________

      Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын ______________________ арқылы ________________ негізінде әрекет жасаушы бұдан былай "Аңшылық ісін пайдаланушы" деп аталатын ________________аңшылық шаруашылығы ұйымы, бір жағынан, және бұдан былай "Аңшы" деп аталатын шетелдік азамат _________________________, екінші жағынан, төмендегілер жайында осы Шартты жасасты:

  1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні Аңшылық ісін пайдаланушыға бекітіп
берілген __________________ аң аулайтын алқаптары аумағында Аңшының
       аңшылық шаруашылығының атауы

қатысуымен Аңшылық ісін пайдаланушының аң аулауды ұйымдастыруы болып табылады.

  2. Тараптардың міндеттері

      2. Аңшылық ісін пайдаланушы:
      1) Облаумақбасқармаға шетелдіктердің қатысуымен аң аулау үшін рұқсат алуға Тапсырым (бұдан былай - Тапсырым) беруге;
      2) Облаумақбасқармаға бекіту үшін шетелдіктердің келу кестесін беруге;
      3) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға;
      4) Аңшыларды аңшылық қаруын әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің рұқсаттарымен қамтамасыз етуге;
      5) Аңшы аңшылық шаруашылығына келгенде Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беретін құжаттардың Аңшыда бар-жоғын тексеруге;
      6) Аңшымен аң аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқамалық өткізуге;
      7) Аңшыға ол тиісті ақысын төлегеннен кейін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге;
      8) аңшылық ісін пайдаланушының қызметкерлерінен аң аулау басшысы мен жолсеріктер тағайындауға, аң аулаудың Қазақстан Республикасының аумағында аң аулаудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізілуі үшін барлық қажетті шараларды қолдануға;
      9) аң аулауды өткізу ережелерін (аң аулауды өткізу орыны мен уақытын) айқындап алуға;
      10) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қажет болған жағдайда - медициналық көмек көрсетіп, Аңшыны аңшылық үйлеріне немесе дала қостарына орналастыруды, олардың дем алуын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      11) әрбір аңшылық сапардың нәтижелерін аң аулаудың басшысы мен Аңшы қол қоятын аң аулау хаттамасында көрсетуге және қажет болған жағдайларда әрбір ауланған олжаға олжалау парағын толтыруға;
      12) Аңшыға қажет болған жағдайда шарттық ережелермен автомотокөлік, салт аттар беруге;
      13) Аңшыны аудандық ветеринариялық қызмет куәландырған ветеринариялық куәлікпен қамтамасыз етуге;
      14) олжаны бастапқы өңдеуден өткізуге;
      15) қаруды сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3. Аңшы:
      1) "Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру ережесінде" көзделген құжаттарды өзімен бірге алып жүруге;
      2) Аң аулау ережесімен, қауіпсіздік шараларымен және аңшылық ісін пайдаланушының ішкі тәртіп ережесімен танысуға және оларды сақтауға;
      3) жануарлар дүниесін пайдалану және көрсетілетін қызметтер үшін ақыны дер кезінде төлеуге;
      4) өзі аулаған олжаны оның сапасына қарамастан (мүйіздердің, бас сүйектерінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағына, терісінің мөлшеріне және т.б.) қабылдауға міндеттенеді.

  3. Тараптардың қаржылық қатынастары

      4. Аңшылық ісін пайдаланушының Аңшы пайдаланатын үй-жайларды, көлікті, салт аттарды бергені үшін төленетін ақы Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.
      5. Аңшылық ісін пайдаланушы Аңшымен шарттық ережелер бойынша жеке ақыға осы Шартта айтылмаған қосымша қызметтерді көрсете алады.
      6. Аң аулаудың әрбір сапарына немесе маусымына қызметтер мен олжалардың құны осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымша түрінде көрсетіледі.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдіктер үшін белгілейтін ставкалар бойынша Қазақстан Республикасы Салық  кодексінің талаптарына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу қамтамасыз етілгеннен кейін Аңшы аң аулауға жіберіледі және олжа Аңшының меншігіне айналады.

  4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      9. Тараптардың жауапкершілігі осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап туындайды.
      10. Аңшы өзі тапқан олжадан бас тартқан жағдайда аңшылық сапардың құнын Аңшы осы Шартқа сәйкес толық төлейді.

  5. Ерекше ережелер

      11. Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, 20__жылғы "__"__________ дейін қолданылады және Тараптардың ортақ келісімі бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
      12. Осы Шартқа барлық қосымшалар, толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде ресімделеді және оларға екі уағдаласушы тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      13. Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы, ал келісімге қол жетпеген жағдайда - заңнамамен белгіленген тәртіппен шешіледі.

  6. Форс-мажор

      14. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың кез-келгенінің толық немесе ішінара орындауын мүмкіндік туғызбаған қаһарлы күш жағдаяттары, атап айтқанда - өрттер, табиғи апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, соғыстар, кез келген сипаттағы әскери операциялар, қоршаулар орын алған кезде, нормативтік құқықтық актілер шыққанда, осы Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі рұқсат етілген аң аулау мерзімдері шеңберінде осындай жағдаяттар орын алатын мерзімге ұзартылады.
      Осы Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуы мүмкін болмаған жағдайда Тараптардың әрқайсысының Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда Тараптардың бірде бірінің басқа тараптан осы Шартты бұзу келтірген залалдарды өтеуін талап етуге құқығы жоқ. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмайтын жағдай орын алған тарап бұл жайында басқа тарапқа жазбаша түрде 5 күннен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

  7. Тараптардың заңды мекен-жайлары

   Аңшылық ісін пайдаланушы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(толық атауы, заң. мекен-жайы,
      деректемелері)

МӨР

              Аңшы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(Толық атауы, заң. мекен-жайы,
         деректемелері)

қолы



         Ескерту:
      Шартқа Тараптардың екі жақты ортақ келісімі бойынша Тараптардың әрқайсысының құқықтарын кемсітпейтін басқа да міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
      Төлем жасау шарттары орындалмайынша аң аулау жүргізілмейді.
      Аңшымен арадағы шарт ұқсас баптарды бір біріне ілестіре орналастырып, "тіл" мәтіндерін сол бір бетке қатар бағаналар күйінде қою арқылы екі (үш) тілде жасалады.

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                   2-қосымша

      "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы 
аумақтық басқармасының
бастығы ______________________
_________________/____________
200 __ж. "_"__________________

             Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауы үшін
         жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беруге
                            ТАПСЫРЫМ

      1. Аңшылық шаруашылығының атауы
___________________________________________________________________
орналасқан жері ___________________________________________________
                          (әкімшілік аудан, облыс)

      2. Бекітілген лимиттерге және бөлінген квотаға сәйкес осы
тапсырымды бекітіп, мына шетелдіктермен аң аулауды өткізу үшін
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар берілуін өтінеміз:

р/с
N

Аң-
шы-
ның
тегі
және
аты

Төлқұжат
деректері
және аң аулау
құқығын куә-
ландыратын
құжаттың де-
ректері не-
месе ҚР аңшы
куәлігінің
нөмірі

Аң
аулау
құра-
лының
атауы
және
оның
нөмірі

Аң
аулау
орыны
(аңшы-
лық
шаруа-
шылы-
ғының
атауы)

Аң
аулау
мер-
зімі

Олжалауға
тапсырым
берілген
жануар-
лардың
түрлері,
саны және
жыныстық-
жас
құрамы

Ес-
керту

























  Аңшылық шаруашылығы ұйымының басшысы _____________________________
                                     ________________/___________/
                                        (Қолы, тегі, аты-жөні)

МӨР                                  20__ жылғы "__"______________

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  3-қосымша

       "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық
басқармасының бастығы
______________/_______________/
"___" ________________ 200__ ж.

МӨР

          Аңшылық атыс және суық қару әкелуге/әкетуге
                   рұқсат алуға тапсырым

р/с
N

Аң-
шы-
ның
те-
гі,
аты-
жөні

Елі

Төл-
құ-
жа-
ты-
ның
се-
рия-
сы
және
N

Әке-
лі-
не-
тін
қа-
ру-
дың
мар-
касы

Ка-
либр

Қа-
ру
N

Пат-
рон
саны

Қару
қан-
дай
мер-
зім-
ге
әке-
лі-
неді

Аң
аулау
жүр-
гізі-
летін
ҚР
облысы,
ауданы,
аң
аула-
натын
алқап

Қару
әкелі-
нетін
және
әкеті-
летін
кеден
бекеті

Аула-
натын
жа-
байы
жан-
уар-
лар-
дың
түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























  МӨР __________________/_____________________________/
     (Аңшылық шаруашылығы ұйымы басшысының Т.А.Ж.)

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  4-қосымша

Аң аулау хаттамасы
Hunting protokol __________________________________________________

Аңшының тегі мен аты
Hunter's Name _____________________________________________________

Мекен-жайы
Address ___________________________________________________________

Қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым 
With the hunting rules and safety precautions is acquainted
"___"__________20__ж.______________________
                                                (Аңшының қолы/
                                                Hunter's signature)

Аң аулау өткізілетін орын
Hunting area ______________________________________________________

Аң аулауды өткізу уақыты: 20__ж. "__"________ бастап 20___ж.
"__"________ дейін______ аң аулау күні

The hunting time: starting from             till              days
of hunting

                        Аң аулау нәтижелері
                        Results of hunting

Күні/
Date

Ауланған жануар түрі/
Animal's species

Саны/
Quan-
tity

Олжаның сапасы  (мүйіздерінің, бас сүйектерінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағы, терісінің мөлшері және т.б.)
Quality of trophy (dimensions and weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc.)

Орысша

In English 






















   Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және Аңшылық шаруашылығы
ұйымына шағымым жоқ (бар, олар мынадай):
I agree with this hunting protocol and have no claims to the
hunting enterprise (I have, they as follows):

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Аңшы                              Аң аулау басшысы
Hunter _______________________    Hunting manager _________________

Аңшының мүддесін білдіретін       Аңшылық шаруашылығы
тұлға                             ұйымының басшысы
Hunter's representative body      Head of hunting enterprise
МӨР _________/_______________/    МӨР
    _________/_______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  5-қосымша

             Асканий бұғысының мүйізіне арналған
                   олжалау парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________(түрі) атып алдым.

Атып алу күні __________ Атып алу орыны (шаруашылық)_______________

Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                           Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу
нәти-
желері

Сомасы

Орташа
мөлшері

Коэффи-
циент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






2. 1) Көз үстіндегі алғашқы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы
2) Көз үстіндегі екінші қосымша бұтақшалардың саны (әр жағынан бір-бірден, дана)






3. Тәж астындағы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






4. Ашаның шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






5. Көз үстіндегі қосымша бұтақшалардан жоғары тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






6. Тәжден төмен тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






7. Мүйіздер алшақтығы 






8. Мүйіздер салмағы, кг






9. Қосымша бұтақшалар саны, дана:
оң жақтағы мүйізде
сол жақтағы мүйізде






10. Тәж пішіні қарапайым, 12-16 см 6 қосымша бұтақша 






11. Мүйіздердің түр-түсі ашық 






12. Түйіршіктілігі мен ізділігі:
ізі ірі,
түйіршіктілігі орташа






13. Қосымша бұтақшалар шеттерінің түр-түсі ақ






Баллдар сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Ақаулар жоқ






Түпкілікті баға






   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  6-қосымша

      Құдыр бас сүйегіне арналған олжалау парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні __________ Атып алу орыны (шаруашылық) ______________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                        Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Балл

1. Бас сүйектің ұзындығы, см



2. Бас сүйектің ені, см



3. Азу тістің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы



  Түпкілікті баға



   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  7-қосымша

       Марал мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні ___________ Атып алу орыны (шаруашылық) _____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                           Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Мүйіздердің ішкі алшақтығы

Оң жақтағы мүйіз

Сол жақтағы мүйіз

Баллдар айырмасы (шегерім)

1. Мүйіздер ұзындығы, см





2. Бірінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





3. Екінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





4. Үшінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





5. Төртінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





6. Бесінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





7. Бірінші және екінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





8. Екінші және үшінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





9. Үшінші және төртінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





10. Төртінші және бесінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





11. Мүйіздердің ішкі алшақтығы





Жиыны
Баллдар сомасы
Шегерім 





Түпкілікті баға, баллдар





Қосымша көрсеткіштер 

Оң жақтағы мүйіз

Сол жақтағы мүйіз

Өлшеу нәтижелері

12. Мүйіздер шеттерінің арасындағы қашықтық, см




13. Мүйіздердің ең үлкен алшақтығы, см




14. Қосымша бұтақшалар саны, см




15. Кемістігі бар барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, см




   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  8-қосымша

     Қабанның азу тісіне арналған олжалау парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні ___________ Атып алу орыны (шаруашылық) _____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                           Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтиже-
лері, см

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффи-
циент

Балл

1. Төменгі азу тістің ұзындығы см:
оң жақтағы
сол жақтағы






2.  Төменгі азу тістің ені, мм:
оң жақтағы
сол жақтағы






3. Жоғарғы азу тістің шеңбері, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






Баллдар сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Үстеме






   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  9-қосымша

          Сібір елігінің мүйізіне арналған олжалау
                        парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні ____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                            Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу
нәти-
желері

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффи-
циент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы: см
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздердің алшақтығы






3. Бас сүйегімен құрғақ мүйіздердің салмағы
Бас сүйекке шегерім, гр.






4. Мүйіздер көлемі, см 3






5. Мүйіздердің түр-түсі






6. Төмпешіктігі






7. Ашалар






8. Қосымша бұтақшалардың үшкірлігі
Бағалау көрстекіштері






Баллдар сомасы
Мүйіздің әдемілігі үшін үстеме
Қосымша бұтақшалардың ассиметриялылығы үшін шегерім






Түпкілікті баға






   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  10-қосымша

             БҰЛАН МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ
                     ПАРАҒЫНЫҢ НЫСАНЫ

Аңшы ______________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні _____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ___________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                         Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу
нәти-
желері

Сомасы

Орташа көлем

Коэффи-
циент

Балл

1. Мүйіздің шеңбері, см
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздер алшақтығы, см






3. Күрекшенің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы






4. Күрекшенің ені
оң жақтағы
сол жақтағы






5. Барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, см






6. Қос мүйіздегі қосымша бұтақшалар саны






Баллдар сомасы
Мүйіздердің жуандығы мен әдемілігі үшін үстеме
Қосымша бұтақшалардың ұзындығындағы айырма үшін және мүйіздердің ассиметриялылығы үшін шегерім






Түпкілікті баға






   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  11-қосымша

          Сібір тау текесіне арналған олжалау
                    парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.

Атып алу күні ______________ Атып алу орыны (шаруашылық) __________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

                        Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері  

Өлшеу
нәти-
желері

Сомасы 

Орташа мөлшері

Коэффи-
циент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздің шеңбері
оң жақтағы
сол жақтағы






3. Мүйіздердің алшақтығы, см






Үстемелер:
Мүйіздердің түр-түсі қоңыр
Кедір-бұдырлылығы (сақиналар саны) орташа
Симметриялылығы






Түпкілікті баға






   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

                                         Қазақстан Республикасының
                                          аумағында шетелдіктердің
                                           қатысуымен әуесқойлық
                                           (спорттық) аң аулауды
                                           ұйымдастыру ережесіне
                                                  12-қосымша

          Жыртқыш аңдар: қоңыр аю, қасқыр, сілеусін бас
         сүйектеріне арналған олжалау парағының нысаны

Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ____________
___________________________________________________________________

Жануардың жасы/жынысы/салмағы _____________________________________

                          Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Балл

1. Бас сүйегінің ұзындығы, см



2. Бас сүйегінің ені, см



Түпкілікті баға



   М.О.      Аң аулау басшысы  _________________/______________/
          Бағамен келісемін _________________/______________/

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады