Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4026. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы банктерінің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1351 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 21 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2200 тіркелген; 2004 жылғы 22 маусымдағы  N 99 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3048 тіркелген қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:

      10-тармақтың 6) тармақшасында "қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері" деген сөздер "кірістер мен шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Банкті консервациялау режимін белгілеу кезінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) консервациялау режимі енгізілген күннен бастап келесі операция күнінен кешіктірмей осы банктің басқа банктерде ашылған барлық корреспонденттік шоттарынан осы банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотына ақша аудару туралы бұйрық/өкім шығарады. Банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотын жүргізу тәртібі консервациялау режимі кезінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      21-тармақтың бірінші абзацында "жүзеге асырады" деген сөздердің алдынан "ағымдағы айда" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақтың екінші абзацында "ағымдағы айда" деген сөздер алынып тасталсын;

      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Банк және/немесе банктік емес ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес соның негізінде лимит шығысы есептелетін корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдарының саны мен көлемі туралы мәліметтерді есептіден кейінгі аптаның екінші жұмыс күнінде жергілікті уақытпен сағат 10:00-нан кешіктірмей апта сайынғы негізде электронды түрде Ұлттық Банктің төлемдер жүйесі бөлімшесіне ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Респонденттер болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым, осы Ереженің 21-1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді есептіден кейінгі аптаның екінші жұмыс күнінде жергілікті уақытпен сағат 10:00-нан кешіктірмей апта сайынғы негізде электронды түрде Ұлттық Банктің төлемдер жүйесі бөлімшесіне ұсынады.";

      2-қосымшада:
      кестенің атауында "__________ жылдың ___________ айындағы"
деген сөздер "_____ _____ _________ бастап
               жыл   күні     айы
_______ _____ ________ аралығындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
  жыл    күні   айы

      кесте мынадай мазмұндағы 2-1-бағанмен толықтырылсын:
      "Күні";
 

      Корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемдері мен аударымдарының саны және көлемі туралы мәліметтерді толтыру жөніндегі ережелерде:

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "2-1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:

                                          "Банктердің арасында,
                                       сондай-ақ банктер мен банк
                                        операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын
                                          ұйымдарының арасында
                                       корреспонденттік қатынастар
                                        орнату ережесіне 4-қосымша

Банктің немесе банктік емес ұйымның банктік бірегейлендіру коды
(бұдан әрі - ББК) _________________________________________________
Банктің немесе банктік емес ұйымның атауы _________________________
_____ _____ _________ бастап _______ _____ ________ аралығында
жыл   күні     айы             жыл   күні    айы

        Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік
      шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер

Күні

Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК 

Корреспондент-
тің ББК

Корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен)

1

2

3

4





        Басшы         _________________ (аты-жөні)
      Бас бухгалтер _________________ (аты-жөні)
      Орындаушы     __________________ (аты-жөні) 
      телефоны      _________

Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік 
шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтерді
толтыру жөніндегі ереже

      Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтер мынадай ақпарат енгізілетін 4-бағаннан тұрады:
      1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.
      2-баған - Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК. Мәліметтер берген банктің немесе банктік емес ұйымның (респонденттің) бірегейлендіру коды қойылады;
      3-баған - Корреспонденттің ББК. Мәліметтер берген корреспондент банктің немесе банктік емес ұйымның бірегейлендіру коды қойылады;
      4-баған - корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен). Операция күнінің аяғында Корреспондентте ашылған корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы қойылады.".
 

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
 

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады