"Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 94, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 мамырдағы N 101-б біріккен бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 154, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N 416-Ө Біріккен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4036

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 94, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 мамырдағы N 101-б  біріккен бұйрығына (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелімінің тізімінде N 2935 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықта:
      2-тармақта "құрастырған" деген сөзден кейін "және ұсынған" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік органдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік мекемелердің бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тараудың атауындағы "қарау" деген сөз "ұсыну" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19-тармақтағы бесінші абзац мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "мемлекеттік органдардың деректерін ақпараттық жүйелер мен желіде беру";

      6, 21, 22-тармақтарда "ақпараттық инвестициялық жоба", "ақпараттық инвестициялық жобалар" және "ақпараттық инвестициялық жобалардың" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жоба", "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар", "ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақта "Ақпараттық жобаларды құруымен байланысты іс-шаралар бойынша шығыстарды есептесу үшін  03а 03б 04а 05а-АТ нысаны (5-7, 9 қосымшалар) арналған" деген сөздер "Инвестициялық жобаларды құруымен байланысты іс-шаралар бойынша шығыстарды есептесу үшін  03а 03б 04а 05а-АТ 07а-АТ , нысаны (5-7, 9, 13 қосымшалар) арналған." деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-тармақта "Құру бойынша қызметтерді көтере сатып алуға арналған шығыстар және ақпараттық жүйелерді дамыту 452 ерекшелік бойынша жоспарлануда, ендіру, жүйелердің таралымы және мамандарды оқыту 149 ерекшелік бойынша жоспарланады" деген сөздер алынып тасталсын.

      Нұсқаулықтың барлық мәтінінде "ағымдағы бюджеттік бағдарламалар", "бюджеттік бағдарламаларды дамыту", "ақпараттандыру жөніндегі" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада реттік нөмірі 4-жолда 3-бағандағы "452" саны "149" санымен ауыстырылсын;

      2-қосымшада реттік нөмірі 3-жолда 3-бағандағы "452" саны "149" санымен ауыстырылсын;

      5-қосымшада 9-бағандағы "145,0" саны, 12-бағандағы сандар "150,0", 15-бағандағы "155,0" сандары алынып тасталсын;

      9-қосымшада 3, 6, 9, 12, 15-бағандардағы "әзірлеу, дамыту (арн. 452)" деген сөздер "әзірлеу, дамыту (арн. 149)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-8, 11-13, 14-қосымшалардағы "161,0", "166,5", "170,9" деген сандар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (Ә.С.Жайлаубаева) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.Т.Сұлтановқа және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Қ.Б.Есекеевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрінің м.а.

      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігінің төрағасы м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады