Астана қаласы мәслихатының "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 327 тіркеген) толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 128/17-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірде N 384 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 283/35-ІІІ шешімімен

Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 283/35-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Астана қаласы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жерді пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жұмыстарын ұйымдастыру және өзара іс-әрекет жасасу қағидалары туралы" шешімінің күшін жою туралы" шешімінен
Үзінді:

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      ...
      Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 наурыздағы N 128/17-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Астана қаласы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жерді пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жұмыстарын ұйымдастыру және өзара іс-әрекет жасасу қағидалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 384 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 21  сәуірде "Астана хабары" газетінде, 2005 жылғы 21 сәуірде "Вечерняя Астана" газетінде жарияланды),
      ...
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы
_____________________________________________________________

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және Қазақстан Республикасының Жер кодексін басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 327 тіркеген, "Астана хабары" газетінде 2004 жылғы 15 мамырда және "Вечерняя Астана" газетінде 2004 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесінде:
      4-бөлімнің 6-параграфы мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      "34-1. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары сақталып жасасылған сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады";
      4-бөлім мынадай мазмұндағы 35-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
      " &7-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау

      35-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады";
      5-бөлімнің 6-параграфы мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      "62-1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары сақталып жасасылған сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады";
      5-бөлім мынадай мазмұндағы 63-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
      " &7-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау

      63-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады".

      2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Астана қалалық жер
      ресурстарын басқару жөніндегі
      комитеттің төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады