Астана қаласы әкiмдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 3-1-323қ Қаулысы. Астана қаласы Әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 389 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Астана қаласы әкiмдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
       "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi шараларды кеңейту мақсатында, Астана қаласының әкiмдiгі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Астана қаласы әкiмдігінiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы
      N 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 308 болып тiркелген; 2004 жылғы 12 ақпандағы N 21 "Астана хабары", 2004 жылғы 27 наурыздағы N 34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) жоғарыда аталған қаулыдағы:
       1-тармақта "бекiтiлсiн" сөзiнен кейiн "(1-қосымша)" цифрымен және сөзiмен толықтырылсын;
       2-тармақта "бекiтiлсiн" сөзiнен кейiн "(2-қосымша)" цифрымен және сөзiмен толықтырылсын;
       3-тармақта :
       "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
       "3033" цифрлары алынып тасталсын;
       4-тармақ алынып тасталсын;
       6-тармақтағы "Т.М. Мұхамеджановқа" сөздерi "С.С. Мұстафинаға" сөздерiмен ауыстырылсын;
      2) қаулының мынадай мазмұндағы 2-1 тармақтарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын:
      "2-1 Қоса берiлiп отырған Жастардың кәсiп таңдау дағдыларына оқыту Қағидасы бекiтiлсiн (3-қосымша)";
      3) аталған қаулымен бекiтiлген Жұмыссыз жастар үшiн кәсiби дипломнан кейiнгi тәжiрибенi ұйымдастыру Қағидасында :
      2-тармақтағы "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы "3033" цифрлары алынып тасталсын;
      24-тармақтағы "3032" цифрлары алынып тасталсын;
      25, 27-тармақтардағы "2004 жылға" цифрлары мен сөздерi "тиiстi қаржы жылына" сөздерiмен ауыстырылсын;
      Қағиданың 1-қосымшасындағы :
      преамбулада "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      бiрiншi азат жолдағы:
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "2004 жылы" цифрлары мен сөздерi алынып тасталсын;
      2-тармақтың 2-тармақшасындағы: "2004 жылға арналған" цифрлары мен сөздерi "тиісті қаржы жылына" сөздерiмен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      6-тарауда:
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "Қазынашылық комитетi" сөздерi "Қазынашылық департаментi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      Қағиданың 2-қосымшасындағы :
      "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" сөздерi мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      Қағиданың 3-қосымшасындағы :
      преамбулада:
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "бастығы" сөзi "директоры" сөзiмен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      4-тараудағы:
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "Қазынашылық комитетi" сөздерi "Қазынашылық департаментi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "2004" цифрлары "200_ " цифрларымен ауыстырылсын;
      4) аталған қаулымен бекiтiлген Оқитын жастар үшiн ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және өткiзу Қағидасында :
      4-тармақта:
      "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "3033" цифрлары алынып тасталсын;
      11, 12-тармақтардағы "2004 жылға арналған" цифрлары мен сөздерi "тиiстi қаржы жылына" сөздерiмен ауыстырылсын.
      2. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 25 ақпандағы
      N 3-1-149қ "Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы
      N 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысының күшi жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.

Әкiм
 
Әкiмнің бiрiншi орынбасары
 
Әкiмнің орынбасары
 
Әкiмнің орынбасары
 
Әкiмнің орынбасары
 
Әкiмнің орынбасары
 
Әкiм аппаратының басшысы
 
"Астана қаласының Қаржы департаменті
 
мемлекеттiк мекемесiнің директоры
 
Құжаттамалық сараптама
 
бөлімінің меңгерушісі
 
"Астана қаласының Экономика
 
және бюджеттiк жоспарлау
 
департаментi" мемлекеттiк
 
мекемесiнің директоры
 
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
 
және әлеуметтiк бағдарламалар
 
департаменті" мемлекеттiк
 
мекемесінің директоры
 
КЕЛIСIЛДI:
 
"Астана қаласының Білім департаментi"
 
мемлекеттiк мекемесi директорының
 
мiндетiн атқарушы
 

      

  Астана қаласы әкiмдігінiң
2005 жылғы 6 мамырдағы
N 3-1-323қ қаулысымен
бекiтiлдi
Астана қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ қаулысына
3-қосымша

Жастарды кәсіп таңдау дағдыларына оқыту
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Жастарды кәсiп таңдау дағдыларына оқыту Қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес, Астана қаласының еңбек нарығы қажеттiлiгiне бағытталған оқитын және жұмыссыз жастардың саналы түрде кәсiптi немесе iс-әрекет түрiн таңдау, сондай-ақ жастардың кәсiпкерлiк қызметiнiң негiзiне оқыту мақсатында әзiрлендi.
      Жастарды кәсiп таңдау дағдыларына оқытуды ұйымдастыру (бұдан әрi - Оқыту) жастарды еңбек нарығына бейiмделу үшiн жүргiзiледi және азаматтарды әлеуметтiк қорғау бағыттары мен оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу қосымша шараларының бiрi болып табылады.

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент) Департаментте тiркелген жұмыссыз жастар арасында сондай-ақ қаланың жалпы бiлiм беретiн орта мектептерiнiң 9-11 сынып оқушылары мен бастауыш және орта кәсiби бiлiм беру оқу орындарының бiтiру курсы арасында Оқытуды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады (бұдан әрi - Жастар).
      2. Оқытуды өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттiк бағдарламасы бойынша Астана қаласының бюджетiнде қарастырылған қаражаттар шегiнде жүзеге асырылады.

2. Оқытуды ұйымдастыру

      3. Жастардың саналы түрде кәсiп таңдауды даярлау және Оқыту өткiзудi жүзеге асыру үшiн Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте iрiктеу өткiзедi және бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарт жасайтын бiлiм беру ұйымын (бұдан әрi - Орындаушы) анықтайды. Шартта оқытылатын Жастардың болжанған саны, орындаушы оқытуды жүзеге асыратын бағдарламалар тiзiмiн, Жастарды бiлiмдермен, саналы түрде кәсiп таңдау және жұмысты бiлiктi iздеу не болмаса iс-әрекеттер түрiн таңдауға қажеттi дағдылар мен машықтармен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер, сондай-ақ оқыту құны көзделу қажет.
      4. Департамент "Астана қаласының Бiлiм департаментi" мемлекеттiк мекемесiмен бiрiгiп сауалнама жүргiзу жолымен Оқытудан өтуге тiлек бiлдiрушi Жастар санынан анықтайды, тiркейдi және оны Орындаушыға бағыттайды.
      5. Орындаушы Департаментпен келiскен бағдарламалар бойынша тәжiрибелiк оқыту және психологиялық тренингтер түрi негiзiнде Жастарға бағытталған Оқытуды жүзеге асырады:
      1) "Кәсiптiк бағдар және iскерлiк қарым-қатынастар әдебi" бағдарламасы бойынша - жалпы бiлiм беретiн оқушылар үшiн;
      2) "Еңбек қызметiне бейiмделу" бағдарламасы бойынша - бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарының түлектерi үшін;
      3) "Нақты өмiр" бағдарламасы бойынша - жұмыссыз жастар үшін.
      6. Оқыту аяқталған соң Орындаушы аяқталу туралы сертификат бередi.
      7. "Орындаушымен" көрсетiлген қызметтер төлемi орындалған жұмыстар актiлерi мен төлемге берiлген шоттардың негiзiнде, деректер бойынша оның есеп-айырысу шотына қаражаттарды аудару жолымен жүргiзiледi.
      8. Департамент Орындаушымен оқыту мерзiмiнiң сақталуын, оқу бағдарламасының орындалуын және Оқыту өткiзiлуiн, бюджеттiк қаражаттардың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырады, өткiзiлген Оқыту бойынша статистикалық есептердi жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады