Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227қ "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы N 23-7-612қ қаулысы. Астана қаласының департаментінде 2005 жылғы 23 тамызда N 407 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 23-541қ қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007.06.26 N 23-541қ қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына , Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, одан әрі мұқтаж азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227қ "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" (Астана қаласының Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 наурызда N 182 болып тіркелген, 2002 жылғы 4 мамырда N 58-59 "Астана ақшамы", 2002 жылғы 20 сәуірде N 45 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақтағы "салық комитеті," сөздерінен кейін "Әділет департаменті," сөздерімен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген учаскелік комиссия туралы Ережесінде:

      7-тармақтағы "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" сөздері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;

      11-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.

       Әкім

       Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      КЕЛIСIЛДI

       "Астана қаласының Әділет
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады