Ескерту: Астана қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 2 қарашадағы N 23-897қ қаулысынан
Үзінді:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Астана қаласы әкiмдiгінiң мынадай қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
...
2) "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" "Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 3-1-1234қ Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-641қ және олардың қолданылуының кейбiр мәселелерi туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылғы 29 қыркүйекте N 412 болып тiркелген, 2005 жылғы 13 қазандағы "Астана хабары", N 147, 2005 жылғы 11 қазандағы "Вечерняя Астана", N 156, газеттерiнде жарияланған) қаулысы;
...
Әкім
_______________________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес, Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының кейбiр мәселелерi туралы" қаулысының негiзiнде, Астана қаласының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 3-1-1234қ "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы"
қаулысына
(Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 6 тамызда N 285 болып тiркелген; "Астана ақшамы" газетiнде 2003 жылғы 9 тамызда, N 105; "Вечерняя Астана" газетiнде 2003 жылғы 9 тамызда, N 89 жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) жоғарыда аталған қаулыда:
преамбуладағы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына" сөздерi "Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерiмен ауыстырылсын;
2-тармақтағы
:
"Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
2) жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгін төлеуге материалдық көмек көрсету Қағидасында (бұдан әрi - Қағида):
преамбуладағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына" сөздерi "Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерiмен ауыстырылсын;
3-тармақ
мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"3. Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасының әкiмгерi (бұдан әрi - Бағдарлама) "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" (бұдан әрi - Департамент) болып табылады".
2. Жоғарыда аталған қаулы Қағиданың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету бөлiгiнiң қолданылуы 2005 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсiн.
Әкiм
Әкiмнің бiрiншi орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
Құжаттамалық сараптама
бөлiмi меңгерушiсiнiң
міндетін атқарушысы
"Астана қаласының Қаржы
департаментi" мемлекеттiк
мекемесi директорының
мiндетін атқарушысы
"Астана қаласының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры