Ескерту: Астана қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 2 қарашадағы N 23-897қ қаулысынан
Үзінді:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Астана қаласы әкiмдiгінiң мынадай қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 3-1-1234қ (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2003 жылғы 6 тамызда N 285 болып тiркелген, 2003 жылғы 9 тамыздағы "Астана хабары", N 105 2004 жылғы 9 тамыздағы "Вечерняя Астана" N 89 газеттерiнде жарияланған) қаулысы;
...
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Аманшаевқа жүктелсін.
Әкім
______________________________________________________________
1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Қазақстан Республикасы
Заңына
, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы"
Заңына
сәйкес, жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкiмдiгi қаулы етеді:
<*>
Ескерту. Преамбулаға өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 23-10-641қ
Қаулысымен.
1. Қоса берiліп отырған жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету Қағидасы бекiтілсiн (бұдан әрi - Қағида).
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге арналған материалдық көмектi төлеудi Қағидаға сәйкес жүзеге асырсын.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 23-10-641қ
Қаулысымен.
3.
Алынып тасталды
<*>
Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 23-10-641қ
Қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М.Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкiмдігінің
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 3-1-123қ қаулысымен
бекітілген
Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға
және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының
бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету
Қағидасы
Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Қазақстан Республикасы
Заңына
, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетiн жеңілдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы"
Заңына
сәйкес дайындалған және халықты әлеуметтік қорғау шараларының бiрi болып табылады.
<*>
Ескерту. Преамбулаға өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 23-10-641қ
Қаулысымен.
1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге (отбасы мүшелерін есепке алмай) материалдық көмек жыл бойы ай сайын тиісті қаржылық жылға (бұдан әрі - АЕК) белгіленген айлық есеп көрсеткішінен ақшалай төлем түрінде жүргізіледі және мына азаматтардың санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 2,4 АЕК;
2) Некеге қайта тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткендер) жауынгерлердің жесірлеріне - 1,2 АЕК мөлшерінде беріледі.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы
N 23-10-206қ
қаулысымен.
2. алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы
N 23-10-206қ
қаулысымен.
3. Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасының әкiмгерi (бұдан әрi - Бағдарлама) "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" (бұдан әрi - Департамент) болып табылады.
<*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 23-10-641қ
Қаулысымен.
4. Бағдарламаның қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
2. Материалдық көмек көрсету тәртiбi
5. Департамент "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы филиалының деректер қоры негiзiнде Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар тiзiмiн құрады.
6. Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек алушылардың Астана қаласының банктерi бөлiмшелерiндегi дербес шоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен ай сайын жүзеге асырылады.
7. Департамент ай сайын Астана қаласының Қаржы департаментiне Бағдарламаны ағымды қаржыландыру өтiнiмiн ұсынады.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы