Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ шешімімен бекітілген "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 5 мамырда N 326 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) алтыншы бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда берілсін:
"ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау";
2) 5-бөлімі мынадай мазмұндағы 107-1, 107-2, 107-3, 107-4, 107-5, 107-6, 107-7, 107-8, 107-9 тармақтармен толықтырылсын:
107-1. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, бульварларды, жағажайларды ұстауды Астана қаласы әкімінің қаулысымен аталған объектілер бекітіліп берілген қалалық мекемелер (бұдан әрі - әкімгерлер) жүзеге асырады.
107-2. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды әкімгерлермен келісімшарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне лицензиясы болған кезде әкімгердің өздері жүргізеді.
107-3. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгертуге Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі.
107-4. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын урналар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.
107-5. Саябақтар мен жағажайларда урналардан басқа контейнер орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.
107-6. Контейнерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 20 метрден кем емес қашықта болу керек.
107-7. Саябақтар мен жағажайлардың аумағында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес келетін қоғамдық дәретханалар орналастырылуы керек.
107-8. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы объектілердің иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы объектілерді сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
107-9. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:
қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда объектілерді орналастыруға;
мангалды пайдалануға, ашық отта дайындалатын кәуапты және басқа да тағамдарды дайындауға;
сағ. 23.00-ден кейін қатты музыка қоюға тыйым салынады.".
2. Осы шешім әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы |