Облыстық бюджетте "Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімиятының 2005 жылғы 02 наурыздағы N а-4/62 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 5 наурызда N 3057 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 05 қазандағы № А-11/414 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 05 қазандағы № А-11/414 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-11 Бюджеттік  кодексіне , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасында Бірыңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы"  қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджетте 003 "Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ұсынылып отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы N А-8/189 "Облыстық бюджетте жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін сараптау және дайындау» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттарды пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы" (Ақмола облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 8 тамызда N 2762 болып тіркелген) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиісті.

       Облыс әкімі

Ақмола облыс әкімдігінің
2005 жылдың 02.03 N а-4/62
қаулысымен БЕКІТІЛДІ

  Облыстық бюджетте 003 "Жергілікті инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін
дайындау және оған сараптама жүргізу" бағдарламасы бойынша
қарастырылған қаржыны пайдаланудың ережесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-11 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасында Бірыңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес дайындалды және облыстық бюджетте қарастырылған жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуге бағытталған қаржыны пайдаланудың  тәртібін айқындайды (бұдан әрі - бағдарлама). 
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергілікті уәкілетті орган - экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
      2) салалық уәкілетті орган - атқарушы орган, жергілікті инвестициялық жобаларды дайындау мен іске асыруға жауапты;
      3) техникалық-экономикалық негіздеме - инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша және инвестициялық жобаны экономикалық талдау негізінде әзірлеушілердің дайындаған есебі; техникалық-экономикалық негіздеме инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы құрылымы бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін неғұрлым орынды маркетингтік, техникалық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер бойынша ұсыныстарды қамтиды; жергілікті уәкілетті орган республикалық және жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді. 
      3. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде облыстық әкімдік  айқындайтын техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және оларға сараптама  жүргізуді бірге қаржыландыру көзделетін  жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесі - (бұдан әрі - тізбе) негізінде жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жүргізу қаржыландырылады.

  2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі

      4. Жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламада көзделген ақшаны атқарушы агенттіктер бойынша бөлу жөнінде облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізеді.
      5. Облыстық бюджеттік комиссияның шешімі негізінде жергілікті уәкілетті орган облыстық әкімдіктің бекітуіне жобалар бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген тізбені енгізеді.
      6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (жергілікті уәкілетті орган) облыстық әкімдіктің қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім қалыптастырады. Ақмола облысының қаржы департаменті жоспарлы тағайындауларды көрсетілген бағдарламадан атқарушы агенттіктердің тиісті бюджеттік бағдарламаларына  ауыстыру арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді. 
      7. Атқарушы агенттіктер техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды іске асыруды және тізбеге сәйкес тиісті облыстық бағдарламалар шеңберінде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыруды жүзеге асырады. 
      8. Салалық уәкілетті органдар «Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есепті дайындау және тапсыру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2003 жылы 15 тамызда N 2448 болып тіркелген,  бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы  жергілікті уәкілетті органға ай сайын әр айдың 5-іне дейін, жыл сайын есеп берген жылдан кейінгі келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде есепті ұсынуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады