Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қазандағы N 3С-8-5 шешімімен бекітілген Облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су" Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 3С-11-13 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 5 мамырда N 3126 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің  ұсынысына байланысты және 2005 жылға бекітілген бюджетпен сәйкестікке келтіру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Облыстық мәслихаттың Әділет департаментінде 2004 жылдың 7 желтоқсанда N 2920 тіркелген 2004 жылғы 28 қазандағы N 3С-8-5 шешімімен бекітілген облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су" Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Қоса беріледі).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

 

       Облыстық мәслихат                   Облыстық мәслихаттың

       сессиясының төрағасы                хатшысы

 

Облыстық мәслихаттың 
2005 жылғы 8 сәуірдегі
N 3С-11-13 шешіміне 
қосымша       

 

Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қазандағы N 3С-8-5
шешімімен бекітілген облыс тұрғындарын сапалы сумен
қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су"
Бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарына
енгізілген өзгерістер

 

      1. Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған шаралар бөлімінде:
      1) 1 тармақшадағы Ақкөл қаласы бойынша:
2005 жылы 12,1 млн. теңгеге "Канализациялық жүйелерін қайта құру" енгізілсін;
      2005-2006 жылдары барлық шаралар алынып тасталсын.
      2) 2 тармақшадағы Аршалы поселкесі бойынша 2005 жылы қаржыландыру сомасы 7,5 млн. теңгеден 17,103 млн. теңгеге өзгертілсін.
      2005 жылы 8,026 млн. теңге сомасында "Су құбырын күрделі жөндеу"  енгізілсін.
      3) 3 тармақшадағы Астраханка селосы бойынша:
      2005 жылы қаржыландыру сомасы 6,0 млн. теңгеден 6,263 млн. теңгеге өзгертілсін;
      Акимовка (1,0 млн. теңге), Приишимка (1,5 млн. теңге), Ақбейіт (0,5 млн. теңге) селолары бойынша 2006 жылғы барлық шаралар алынып тасталсын.
      4) 4 тармақшадағы Атбасар қаласы бойынша:
      2005 жылғы қаржыландыру сомасы 8,01 млн. теңгеден 9,783 млн. теңгеге өзгертілсін.
      5) 5 тармақшадағы Макинка қаласы бойынша:
      2005 жылы 8,1 млн. теңге теңге сомасында "Канализация жүйесін күрделі жөндеу" енгізілсін;
      Елтай селосы бойынша (5,0 млн. теңге) 2006 жылғы шаралар алынып тасталсын.
      6) 7 тармақшадағы Ерейментау ауданы бойынша:
      Уленты селосы бойынша 2006 жылғы (5,0 млн. теңге) шараларды қаржыландыру 2005 жылға өзгертілсін;
      Звенигородка селосы бойынша 2005 жылы шараларды қаржыландыру 10,0 млн. теңгеден 15,0 млн. теңгеге өзгертілсін.
      7) 8 тармақшадағы Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      2005 жылғы қаратал (2,5 млн. теңге), Мамай 2,5 млн. теңге, қоғам (2,5 млн. теңге), Кеңащы (2,5 млн. теңге) селолары бойынша барлық шаралар алынып тасталсын;
      Трудовое селосында 2006 жылы қаржыландыру шаралары 6,0 млн. теңгеден 5,7 млн. теңгеге өзгертілсін.
      8) 9 тармақшадағы Есіл ауданы бойынша:
      Ақсай селосы бойынша 2005 жылы 6,451 млн. теңге сомасында "Су құбырын күрделі жөндеу" енгізілсін.
      9) 11 тармақшадағы Державинск қаласы бойынша:
      2005 жылы 4,6 млн. теңге сомасында "Аудандық аурухананың канализациялық жүйесін және септигін жөндеу" енгізілсін;
      2005 жылы 8,0 млн. теңге сомасында "Су тоғанын (плотина) күрделі жөндеу" енгізілсін;
      Құмсуат селосы бойынша 2005 жылғы (2,0 млн. теңге) шаралар алынып тасталсын.
      10) 12 тармақшадағы қорғалжын ауданы бойынша:
      "Кеңбидайық" және Нұра су қоймаларына гидротораптарға суды қорғау белгілерін қоюға" 2005 жылы 3,2 млн. теңге енгізілсін;
      Шалқар (5,0 млн. теңге), Үшсарт (2,0 млн. теңге) селолары бойынша барлық шаралар алынып тасталсын.
      11) 13 тармақшадағы Зеренді селосы бойынша:
      "Аудандық аурухананың канализациялық құбырларын күрделі жөндеуге" 2005 жылы 6,7 млн. теңге енгізілсін.
      2005 жылы 10 млн. теңге, 2006 жылы 27 млн. теңге сомасында Қонысбай селосында "Су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу" енгізілсін.
      12) 14 тармақшадағы Сандықтау ауданы бойынша:
      2005 жылы 8,2 млн. теңге сомасында "Жабай өзені аймағында иесі жоқ өндірістік нысандарды жою" енгізілсін;
      Балкашино селосында "Су құбырларын күрделі жөндеуге" 2005 жылы 20,0 млн. теңге енгізілсін.
      13) 16 тармақшадағы Щучье ауданы бойынша:
      Озерное (0,9 млн. теңге), Климовка (1,5 млн. теңге) селолары бойынша 2005 жылғы барлық шаралар алынып тасталсын.
      14) 18 тармақшадағы Шортанды ауданы бойынша:
      "Шортанды поселкесі су құбырларын күрделі жөндеуге" 2006 жылы 30,0 млн.теңге енгізілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады