Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N А-5/177 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 9 маусымда N 3142 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына , Ақмола облысының әділет департаментінде 2003 жылы 30 қазанда 2081 нөмірмен тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының және Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қазандағы "Тілекей селосы мен Тілекей округының қайта аталуы туралы" N 3С-1-20 бірлескен  шешіміне  сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыстың денсаулық сақтау бюджетін біріктіру туралы" "Акмолинская правда" газетіне 2005 жылғы 31 наурызда жарияланған және Ақмола облысының әділет департаментінде 205 жылғы 10 қаңтарда 2979 нөмірмен тіркелген N а-1/317  қаулысына , "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 31 наурызда жарияланған және (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 10қаңтарда 2979 нөмірмен тіркелген) Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыстың денсаулық сақтау бюджетін біріктіру туралы" N а-1/317 қаулысына өзгерту енгізу туралы" әкімдік қаулысына енгізген өзгерістер ескеріле отырылып, келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 1-қосымшасындағы 4-тармағында "Тілекей" сөзі "Есенгелді" сөзімен ауыстырылсын.
      19-тармақта "Болашақ" Орталығы" сөзі "Болашақ" орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу орталығы" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 2-қосымшасында 3-тармақтағы "Болашақ" орталығы" сөзі "Болашақ" орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу орталығы" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы "Облыстың қалалары мен аудандарының медициналық ұйымдарын қайта құру туралы" N А-3/49 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 1-қосымшасындағы 5-тармақта "Тілекей" сөзі "Есенгелді" сөзімен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімдігінің орынбасары Ғ.М.Бекмағанбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады