Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2014 № 5С-32-10 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің күшіне енуіне байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2003 жылдың 20 қаңтарында N 1503 тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N С-22-6 "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігінде "Қазақстан Республикасының Жер туралы" Заңының 7 бабының 6,3 тармақтарымен" сөздері "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11 бабының 1 тармағымен" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы