Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының мен Ақмола облысы әкімшілігінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 3С-14-6 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 1 қыркүйекте N 3154 тіркелді

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селолары», «селосын» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылдары», «ауылын» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының 3 ,  8,    11 баптарына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен өтінімі негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыстық әкімдік және облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Мына елді мекендер өзге де қоныстар категориясына жатқызылсын:
      Тасөткел ауылдық округінің Савиновка ауылы;
      Отрадное ауылдық округінің Шаңырақ ауылы;
      Бірсуат ауылдық округінің Балуанкөл ауылы;
      Гостелловское ауылдық округінің Дауылбай ауылы;
      Далабай ауылдық округінің Ақтөбе ауылы;
      Шалғай ауылдық округінің Шалғай ауылы.
      2) Жоғарыда аталған өзге де қоныстардың тұрғындары:
      Тасөткел ауылдық округінің Савиновка қонысының тұрғындары Тасөткел ауылдық округі Тасөткел ауылы тұрғындарының;
      Отрадное ауылдық округінің Шаңырақ қонысы тұрғындары Отрадное ауылдық округінің Отрадное ауылы тұрғындарының;
      Бірсуат ауылдық округінің Балуанкөл қонысы тұрғындары Бірсуат ауылдық округінің Бірсуат ауылы тұрғындарының;
      Гостелловское ауылдық округінің Дауылбай қонысы тұрғындары Гастелло ауылдық округінің Гастелло ауылы тұрғындарының;
      Далабай ауылдық округінің Ақтөбе қонысы тұрғындары Далабай ауылдық округінің Далабай ауылы тұрғындарының;
      Шалғай ауылдық округінің Шалғай қонысы тұрғындары Шойындыкөл ауылдық округінің Шойындыкөл ауылы тұрғындарының құрамына енгізілсін.
      3) Тұрғындары көшіп кетуіне және кейбір елді мекендердің өзге де қоныстар категориясына жатқызылуына байланысты:
      Шалғай ауылдық округінің Гагаринское ауылы;
      Западный ауылдық округінің Қызылтал ауылы;
      Шалғай ауылдық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын.
      4) Маяк ауылдық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын, Костычево ауылдық округі оған Маяк ауылын қосу арқылы Костычево, Донской ауылдары шекарасында өзгертілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрайымы

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады