Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N А-4/364 қаулысы. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 4 мамырда N 1-1-8 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № А-9/1795 қаулысымен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009.09.16 № А-9/1795 қаулысымен   
      Қазақстан Республикасының " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", " Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату бойынша қоса берілген Ереже бекітілсін (бұдан әрі-Ереже).
      2. "Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне Ережені сақтауға бақылау жасау жүктелсін.
      3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын баспа өнімдерін жекелеп сататын кәсіпорындардың орналасу жазбасын беру қала әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау  қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Қ.Құлышевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді.

       Қала  әкімі

                                     Көкшетау қаласы
      әкімдігінің 2005 жылғы
      21.04. N А-4/364
            "Эротикалық сипаттағы 
      материалдары бар мерзімдік
                  баспа өнімдерін жекелеп
        сату ережесін бекіту туралы"
            қаулысымен бекітілген

  Көкшетау қаласы аймағында эротикалық сипатты материалдарды
басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату
Ережесі

      Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"  Заңының 4 бабының 2 тармағы негізінде әзірленген және оны Көкшетау қаласы аймағында меншіктің қай түрі болса да заңды және жеке тұлғалардың орындауы міндетті болып саналады.
      1. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату осы Ереженің 2 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларына қайшы келмейтін арнайы белгіленген стационарлық жайларда іске асырылады.
      2. Жоғары көрсетілген баспа өнімдерін сатуға тыйым салынады:
      1) 18 жасқа толмаған адамдарға;
      2) Балалар және оқу орындарында, оларға телінген аймақтың 100 метр радиусінде;
      3) Мемлекеттік мекемелерде, мәдениет,білім,денсаулық сақтау мекемелеріне, сонымен қатар сәулеттік және тарихи ескерткіштер жанында.
      4) Қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдардың бұқаралық демалу орындарында.
      5) Витринаға қойылған әрбір данасының түссіз бумасы болуы.
      3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін сату үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру негізі:
      1) Эротикалық өнімдер тізімі көрсетілген ерікті түрде жазылған өтініш және кәсіпкерлік қызметті іске асыру құқығын растайтын құжат.
      2) Қала әкімінің аппараты берген кәсіпорындардың жекелеп сату орындарының жазбасы.
      4. Осы Ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке әкеледі.
      5. Осы Ереже эротикалық сипатта басылатын барлық мерзімдік баспа өнімдеріне, оған қоса таяу және қиыр шет елден әкелінетін баспа өнімдеріне таратылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады