Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.06.16 № С-25/9 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтарында № 148-ІІ ЗРК "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұсынылған "Көкшетау қаласының Құрметті азаматы атағын беру Ережесі" бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттік пен этика, халық денсаулығы, білім беру, мәдениет, құқық және тәртіп сақтау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелгеннен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының кезекті
19 сессия төрағасының міндетін атқарушы,
Көкшетау қала мәслихаттың хатшысы
Көкшетау қалалық мәслихатының
2005 жылы 15 ақпаннан № С-19/13
шешімімен бекітілді
"Көкшетау қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі
1. Жалпы жағдайы
1. "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деген Атақ (бұдан әрі - Атақ) беру ізгіліктің ынтасы болып табылады, еңбегін қоғам болып мойындап, бастамалары көрсетіледі. Ол азаматтың жалпы белсенділігін, еңбегін жоғары ұстауға ынталайды, қаланың экономикалық, әлеуметтік саласына қосқан үлесін көтермелеу болып, қазақстанымыздың жастарын батылдыққа, ұлт намысын қорғауға, отанын сыйлауға ұлт арасындағы ынтымақтыққа үйретуге шақырады.
2. Атақ Көкшетау қаласының тұрғындарына төмендегідей қалаға сіңірген еңбектері үшін беріледі:
1) Ұлы Отан Соғысында көрсеткен батырлығы, ерлігі, тыныштық кезінде азаматтық және профессионалдық міндеттерін ерекше атқарған, мемлекеттік наградалары бар азаматтар;
мемлекеттік және саяси қайраткерлер, мемлекеттік қызметте өзін жақсы жағынан көрсеткені үшін, қаланы өркендетуге көмектескені үшін, Қазақстанның тыныштығын сақтағаны үшін, "Халық қаһарманы", Қазақстан Республикасының сыйлықтарымен марапатталғаны үшін;
2) ерекше қосқан үлесі үшін:
Көкшетау қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін инновациялық қайраткерлік және жаңа технологияны енгізіп қаланың өсіп-өнуіне, көркеюіне үлесін қосқаны, экономикалық, қаржы, өнеркәсіп жағынан өсуіне жағдай жасағаны;
халықты, қоршаған ортаны сауықтандыруға, емдеу-профилактикалық шаралардың үнемді де ұтымды түрлерін, мәдени және спорт жұмыстарын ерекше өркендеткені үшін,
заң жұмыстарын қатаң ұстау және құқылық тәртібін; әскерлік міндетін орындау кезінде көрсеткен батырлығы мен батылдығы,
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтарының қала алдындағы сіңірген еңбегі үшін,
ғылым саласының жетілдіруіне үлес қосқаны үшін, білім беру сапасын көтеруіне, әдебиет, сурет салу, фестиваль, халық шығармашылық көрмелермен насихаттау, Қазақстан Республикасының халықтарының мәдени өсуіне көп үлес қосқаны үшін,
3) олимпиядалық ойындардың, әлем және республика чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, еліміздің атын әлемге шығарғаны үшін;
3. Атақ ерекше құрмет белгісі ретінде басқа қалалар мен облыстар тұрғындарына, басқа елдің азаматтарына қаланың, еліміздің экономикалық-әлеуметтік, мәдени ынтымақтастығын, көршілес елдермен достығын нығайтуы жолында атқарған еңбектері үшін.
2. Атақ беру ұсынысының тәртібі
4. Үміткерге Атақ беру туралы ұсыныстар қалалық мәслихат депутаттарымен (депутаттар санынан 1/5 кем болмауы керек) еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен, партиялармен қалалық әкімдікке ұсынылуы мүмкін.
5. Қалалық әкімдіктің Атақ берілетін үміткер туралы ұсынысы қалалық мәслихатқа Атақ берілгенге дейін бір ай бұрын берілуі керек.
Қала әкімдігі ұсынылатын үміткерлер үшін қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) еңбек ұжымдарының немесе қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен партиялар жиналыстарының хаттамасы, қалалық мәслихат депутаттарының үндеулері;
2) өмірбаяны туралы мәлімет;
3) ерекше қызметін растайтын құжаттар, мемлекеттік наградалар тізімі.
6. Атақ беру жылына екі рет, яғни Қала күніне, Республика күніне қарсы жүргізіледі.
7. Қалалық мәслихат комиссиясы сессия құжаттарын екі жұма бұрын дайындауы керек яғни депутаттардың құқығы, этикасы, ел денсаулығы, білімі, мәдениеті, құқығы және тәртібі туралы.
8. Атақ қалалық мәслихаттың шешімімен беріледі.
9. Атақ берілгені жөнінде мәслихат шешімін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
10. Атақ алғандары үшін ақпарат азаматтардың құрмет Кітабіне жазылады, Көкшетау өлкетану мұражайында сақталады.
11. Атақ беру салтанатты жағдаймен жарияланады.
12. Көкшетау қаласы әкімімен, қалалық мәслихат хатшысының қолынан әр атақ алушыға тапсырылады:
1) куәлік,
2) төсбелгі,
3) ескерткіш лента.
13. Атақ алғандарға қайтыс болған жағдайда тұрған мекен жайларына ескерткіш тақта қойылады.
14. Атақ алған азаматтар қалалық мәдени шараларға, мерекелерге әдейі шақырылады.
15. Атақ алғандар куәліктерін, төсбелгі, ескерткіш ленталарын сақтауға міндетті.
16. Атақ алғаны туралы көшірмелері жоғалған кезде тексеру мүшелердің шешімімен қайтадан беріледі.
17. Атақ алу куәліктерін, төсбелгі, ескерткіш ленталардың шығыны заң бойынша шамамен қала бюджетінің көлемінде қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз етумен шектеледі.
Азаматтар Кітабін жасау шығыны және ескерткіш тақталар орнату заңның тәртібі бойынша шамамен қала бюджетінің көлемінде қаралып Көкшетау қаласы әкім аппаратын ұстауға беріледі.
Ескерткіш тақталарды сақтау мемлекеттік мекемелерге қала бюджетінен қаржыланатындарға, қалалық өкілетті әкімшілікпен қалалық коммуналдық меншігіне жүзеге асыруға жүктеледі.
18. Атақ алған адамның қайтыс болған жағдайда оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагердің келісімімен мұражайларға сақтауға, экспонатар жасауға тапсырылады.
3. Төсбелгі мен ескерткіш лентаның сипаттамасы
19. "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деген төсбелгі алтын түсті металлдан жасалады, диаметрі 29 миллиметр ені 4 миллиметр.
Оң жақ бетінде "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деген жазуы бар, екі жағы да лавр гүлшоғымен безендірген.
Белгі екі тетікшенің көмегімен қалыпқа бекітіледі, ені 27 миллиметр ұзындығы 15 миллиметр. Қалып алтын түсті металлдан жасалады. Қалыптың оң жақ бетінде Қазақстан Республикасының жалауы бейнелеген. Қалыптың оң жақ бетінің шеттері алтын түстес.
Барлық көріністер мен жазбалар толықша келген.
Қалыптың сыртында марапатталғанның киіміне сәйкес бейімделген бекітпелер орнатылған.
20. Ескерткіш лентасы көгілдір түсті немесе жібек матадан жасалады, ені 2 метр 37 сантиметр, ұзындығы 16 сантиметр, лентада "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деп екі тілде яғни қазақша, орысша жазылған лентаның шеттері қазақ өрнегімен әдеміленген.
4. Атақты қалпына қайта беруі және жоюы
21. Атақты алып тастау Көкшетау қалалық мәслихатының сессиясының шешімімен мынадай жағдайда қаралады:
1) заң күшіне соттың айыптаушылық үкімінің енуі;
2) жағымсыз іспен айналысуы, атаққа кір келтіру, лентада "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деген Атақты алып тастау туралы қызметкерлердің ұсынысы.
22. Заңсыз бас бостандығынан айырылғандар, яғни өзін ақтап шыққандар "Көкшетау қаласының құрметті азаматы" деген Атақты сот шешімімен қайта бере алады.