Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 56 шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы негізінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 мәслихат шешімімен бекітілген Ережесіне Әділет басқармасында 2003 жылғы 27 қарашада N 2463 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының екінші сессиясының 2003 жылғы 17 қазандағы N 14 шешімі, Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 шілдеде N 2868 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 63 шешімі, Әділет департаментінде 2004 жылғы 14 қазанда N 2935 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 83 шешімі, Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда N 3000 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының 2004 жылғы 12 қарашадағы N 87 шешімі және Ақтөбе қалалық Әділет басқармасында 2005 жылғы 27 маусымда N 3-1-11 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 144 шешіміне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып келесі өзгерту енгізілсін:
бірінші тармақтағы 2 азат жолда:
"10" саны - "20" санына ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2005 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы