Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.10.24 № 55 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңының 10 бабына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Хромтау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 140 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармағынан қараңыз)1. Бейбіт жиналыстар, митингтер және пикеттер өткізу орындары анықталсын:
Хромтау қаласында – Есет батыр көшесіндегі "Баян" сауда орталығы, "Кеншілер мәдениет үйі", дене шынықтыру- сауықтыру кешені алдындағы алаңдар;
14 селолық округтарда – стадиондар аумағы, егерде олар болмаса, Ақжар, Табантал, Тассай, Абай, Дөң, Сарысай, Майтөбе, Аққұқдық, Бөгетсай, Тасөтекл, Қопа, Құдықсай, Қызылсу, Тамды, Көктау, Никельтау, Ойсылқара, Оңғар орталықтары мен елді мекендердің парктер аймағына тірелетін аумақтар.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Хромтау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 140 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармағынан қараңыз)2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген кезден бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Арсений |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
З.Дербісалина |