Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 07.12.2012 N 12-72 шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
28.01.2004 жылы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде 1467 нөмірімен тіркелген, 17.02.2004 жылы "Жетісу" газетінің 20-шы санында, 17.02.2004 жылы "Огни Алатау" газетінің 20-ші санында жарияланған Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешімін, 2004 жылғы 24 мамырда құқықтық нормативтік актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде 1635 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 5-44 "Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2004 жылғы 30 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде 1714 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 24 маусымдағы N 7-54 "Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдеріне төменгідей өзгерістер енгізілсін:
N 2 қосымшадағы "Ескерту" алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихатының
сессия төрағасы М. Базарбаев
Облыстық мәслихат
хатшысы А. Сыдық