Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысының Әкімдігінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 165 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 08 тамызда N 1941 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі N 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012.09.18 N 286 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің ошақтарын жою және оқшаулау жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс аумағында жалпы көлемі 251,004 мың гектар болатын карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар (қалалар) шеңберінде 1-қосымшаға сәйкес карантиндік тәртіп жариялай отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы әкімдігінің 2007.01.22 N 5 Қаулысымен.
       2. Облыс аумағында карантиндік аймақ енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Н.С. Айтуғанов), облыстың ауыл шаруашылығы департаменті (Ж.Б. Балтабеков), аудандар және қалалар әкімдері осы қаулының орындалғаны туралы облыс әкімдігіне жыл сайын, 25 қыркүйек пен 30 желтоқсанға ақпарат тапсырсын.
      4. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 01 маусымдағы "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" 130 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          В. Долженков

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
"Облыс аумағында карантиндік аймақ
белгілеу туралы" N 165 қаулысына
N 1 қосымша

Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса
қауіпті зиянкестерін жоюға арналған карантиндік аймақ көлемі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 2007.01.22 N 5 Қаулысымен.

N

Аудан
дар

Барлық
залал-
данған
жер
көлемі
(га)

соның ішінде карантиндік объектілердің түрлеріне
шаққанда

кали-
форния-
лық
қал-
қаншалы-
сымыры

амери-
кандық
ақкөбе-
лек

Комс-
 
ток
құрты

шығыс
жеміс жемірі

жусан
жапы-
 
рақты
ойран
шөп

жата-
ған у
кекіре

сары
шыр-
мауық

картоп-
тық
алтын
түс
тес
жұмыр
құрты

1

Алакөл

21005






20000

1005


2

Ақсу

22296






21715

581


3

Балқаш

1710






30

1680


4

Еңбекші-
қазақ

46972,3

857

365


617,5

2708

30592,7

11832,1


5

Ескел-
ді

5750






2550

3200


6

Жамбыл

6230






5620

610


7

Іле

5634

74

470



340

3000

1750


8

Қара-
сай

8048

422

150


235

214

3946

3081


9

Қара-
тал

11838






7945

3893


10

Кербұ-
 
лақ

48685






48505

180


11

Көксу

22610

15





13985

8610


12

Пан-
 
филов

6542

249


121

367


4300

1505


13

Райым-
 
бек

4269,21






3950

280

39,21

14

Сарқан

13661

1





12620

1040


15

Талғар

19170,5

429

398


143,5

2927

12864

2409


16

Ұйғыр

1358






778

580


17

Текелі
қ-сы

1150






850

300


18

Талды-
 
қорған
қ-сы

3615

25





1650

1940


19

Қапша-
 
ғай
қ-сы

460






300

160



ЖИЫН-
 
ТЫҒЫ:

251004

2072

1383

121

1363

6189

195200,7

44636,1

39,21

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Алматы облыстық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Н. Айтуғанов

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
"Облыс аумағында карантиндік аймақ
белгілеу туралы" N 165 қаулысына
N 2 қосымша

Алматы облысы аумағында карантиндiк аймақ енгiзу жөнiндегi iс -
шаралар жоспары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы әкімдігінің 2007.01.22 N 5 Қаулысымен.

Іс-шаралардың
аталуы

Орындау
мерзiмi

Орындауға жауаптылар

1

Жер пайдаланушылар арасында карантиндiк тәртiпті және карантиндiк объектiлердi жою жөніндегі талаптарды қалтқысыз орындау міндеттері туралы ұйымдастырушылық - түсінік жұмысын қамтамасыз ету

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудан, қала және ауылдық және кенттік округ әкімдері

2

Карантиндiк iс-шараларды насихаттау:
1) химиялық күрес шараларын жүргiзу жөнiнде тұрғындарға хабарлау;
2) тұрғындармен әңгіме өткізу және консультация беру;
3) баспасөз бен теледидарда материалдар жариялау

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудан және қала әкімдері

3

Облыстың аудандары мен қалалары және елді мекендері аумақтарында, шекара маңындағы 3 километрлік аймақтағы алқаптарды, автомобиль жолдары жағалауларын қоса отырып, карантиндiк объектiлермен залалданған ошақтарды анықтау үшін тексеру жүргізу

вегетациялық кезеңде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық инспекциясы, карантиндік объектілермен залалданған жер иелері

4

Карантиндік объектілерді жою шараларын жүргізу:
1) карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары;
2) карантиндік объектілерді механикалық жолмен жою

вегетация-
лық кезеңде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық инспекциясы, карантиндік объектілермен залалданған жер иелері

5

Карантиндік объектілермен күрес жөнінде өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау мақсатындағы бақылап - тексеру жұмыстарын жүргізу

жою іс-
шаралары аяқтал
ғанда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

6

Залалданған аумақтардың шекарасын, қосымша тексерулер жүргізу жолымен нақтылау

қазан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

7

Ауылшаруашылығы өнімдерін залалданған аймақтардан алып шығу кезінде карантиндік қатаң бақылауды қамтамасыз ету, тасымалдайтын ыдыстарды, көлік құралдарын, жабық товар вагондары мен жүк автомашиналарын аэрозольдармен залалсыздандыру (қажетіне қарай)

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

8

Өсімдік қорғау жөніндегі химиялық құралдармен және химиялық өңдеуден өткізуге қажет қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз ету

химиялық өңдеу басталғанға дейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, ауылдық және кенттік округ әкімдері

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Алматы облыстық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Н. Айтуғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады