Алматы облыстық Мәслихатының 2001 жылдың 20 қарашасындағы N 16-106 "Облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставканы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 19 тамыздағы N 19-141 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 26 тамызда N 1942 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы N 35-211 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 20.08.2014 N 35-211 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылдың 25 желтоқсанда мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 528 нөмірмен тіркелген 2001 жылдың 20 қарашасындағы "Облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставканы бекіту туралы" N 16-106 нөмірлі шешіміне енгізілген өзгерістермен 2004 жылғы 17 қаңтарындағы "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің 20 нөмірінде жарияланған 2004 жылдың 28 қаңтарда мемлекеттік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 1467 нөмірмен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы мөлшерін белгілеу туралы" N 3-19 нөмірлі шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      N 2 қосымшадағы "Ескерту" алынып тасталсын.
      N 3 қосымшадағы "Ескерту" сөзінен кейінгі 1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми түрде бірінші рет жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Т. Ысқақов

      Облыстық мәслихатының
      хатшысы                                    А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады