РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын" одан әрі жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы негізінде және облыстық бюджетті орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы "Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуі және жол ақысына жеңілдік берудің Ережесін бекіту туралы" № 76 қаулысына (N 1013 тіркелген және облыстық "Ақ жол" газетінде 2003 жылғы 19 шілдеде, облыстық "Знамя труда" газетінде 2003 жылғы 17 шілдеде жарияланған, Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167 қаулысымен өзгерістер енгізілген, № 1412 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған қаулының 2 тармағындағы "Облыс Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Т.Тұрашев)" сөздері "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев)" сөздерімен ауыстырылсын;
2) қаулының 3 тармағындағы "Облыс Әкімінің қаржы басқармасы (Б.Аманбеков)" сөздері "Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті (Б.З.Иманәлиев)" сөздерімен ауыстырылсын;
3) Ереженің кіріспе бөліміндегі ""Жергілікті өкілетті орган шешімімен жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу"" сөздері ""Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдау"" сөздерімен ауыстырылсын;
4) Ереженің 1 тармағындағы "(жылына 1 рет)" сөздерінен кейін "30 күнтізбелік мерзімге" деген сөздерімен толықтырылсын;
5) Ереженің 2 тармағындағы "Жамбыл облысы Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" сөздері "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н.Байбековке жүктелсін.
Облыс Әкімі | Б. Жексембин |