Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ :
Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың " Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы " 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 шешімінің (Әділет департаментінде 1475 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, 2004 жылғы 16 қарашада облыстық "Ақ жол" газетінің N 140 (15462) санында жарияланған) Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 41-ші тармағындағы "Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың еліміздің барлық әйелдеріне бала тууды арттыру жөніндегі өңдеуін қолдау мақсатында 4 және одан да көп бала туған әйелдерді материалдық жағынан ынталандыру" сөздері "Төртінші баласын туған әйелдерге қосымша біржолғы жәрдемақы бөлінсін" деген сөздерге ауыстырылсын.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Сейдазимов Ә.Әсілбеков