Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 Шешімі. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 28 қазанда 1475 нөмірімен тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

    Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.  

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТЕДІ :

      1. Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріледі).

      2. Бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың жастар, отбасы және әйелдер ісі, мүгедектер мен тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

       Облыстық мәслихат                      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                          хатшысы

      Е.СОЛТЫБАЕВ                               Ә.Әсілбеков

Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы
27 тамыздағы "Жамбыл облысының
2005-2007 жылдарға арналған ана мен
баланы қорғау Бағдарламасы туралы
N№5-5 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

  Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға
арналған ана мен баланы қорғау
БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты 
 
        2. Кіріспе 

      3. Облыста ана мен баланы қорғаудың қазіргі таңдағы жай-күйін талдау 

      4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері 

      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 

      7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      8. Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 

  1. Бағдарламаның паспорты

Атауы      

Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына халқына Жолдауынан туындаған, оның 2004 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде берген тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 шілдедегі "Аймақтарда әлеуметтік саланы дамыту мәселелері туралы» мәжілісіндегі тапсырмалары

Негiзгi әзірлеушілер

Облыс Әкімінің денсаулық сақтау, білім, спорт және туризм, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыс әкімияты жанындағы комиссиялар

Мақсаты

Бағдарламаның негiзгi мақсаты мыналар болып табылады: ана мен бала өмiрiн және денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, салааралық ынтымақтастық арқылы сапалы медициналық көмек алу үшін жағдайлар жасау, ана мен нәресте өлiмiн төмендету, облыстағы туу жасындағы әйелдер денсаулығы индексін арттыру, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту жолымен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, жетім балаларға, мүгедек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен отбасылардың және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету, кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзушылықтың, қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды жандандыру

Міндеттері

Жүзеге асыру тетіктерін жасау мәселелері бойынша облыстық деңгейде мүдделі басқармалар және ведомстволардың нақты іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу туралы» Заңын түсіндіру және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, ата-аналар арасында жаппай құқықтық білім беру жөнінде жоспарлы ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру

Жүзеге асыру тетіктері

Аналар мен балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балаларға тәлім-тәрбие беруді реттейтін облыс әкімиятының қаулыларын, облыс Әкімінің шешімдерін дайындау

Қаржыландыру көздерi мен көлемі      

Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз ету жергiлiктi бюджет және бюджеттен тыс қаржылар есебінен жүзеге асырылады. Барлығы: 1058,6 млн. теңге

Күтiлетiн нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру тек ана мен баланың ғана емес, сонымен қатар барлық тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, сонымен бірге аймақтың дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Денсаулық сақтау саласын халықаралық стандарттарға, емдеудің жаға технологиялары мен әдіс-тәсілдеріне жүйелі түрде көшудің басы. Оқушылардың білім алуы мен тәрбиесі, балалардың жеке тұлға ретінде толық қалыптасуы, кәмелетке толмағандар мен әйелдердің құқықтарын қорғау үшін жағдайлар туғызу және жақсарту 

Жүзеге асыру мерзiмi

2005-2007 жылдар

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы егемендік алған күннен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының және көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болуы, оның халықаралық қауымдастыққа толық құқылы мүше болуына мүмкіндік беріп отыр. 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму  стратегиясында , Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Қазақстан халқына  Жолдауында азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығы негізгі ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. 

      Халық денсаулығының жағдайы Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгінің, экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтiк өмірінің негiзгi құрамдас бөлігі болып табылады.

      Облыс халқының үштен екi бөлiгiн 18 жасқа дейiнгi балалар мен бала босану жасындағы әйелдер құрайды. Ұлттың денсаулығы мәселесiнiң өзектi және маңызды екенiн ескере отырып, ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекеттің, денсаулық сақтау органдарының жұртшылықтың басты назарында болуы тиіс.

      Бала туу көрсеткіштерінің жақсара түсуімен, табиғи өсімнің жақсаруымен, тиісінше тұрғындар санының арта түсуімен демографиялық ахуалдың нақты ілгерілгендігі байқалады.

      Соңғы жылдары облыстың денсаулық сақтау жүйесінде емдеу-алдын алу ұйымдарының желісі дамып, жетілдірілуде, жаңадан селолық ауруханалар, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер қалпына келтіріліп, ашылды. 

      Алайда, өткен жылдары облыстың денсаулық сақтау саласының сапалық жоғары деңгейге көтерілгеніне халық денсаулығы ахуалындағы оңды үрдістерге қарамастан, халықтың денсаулығын қорғау саласында елеулі проблемалар сол күйінде қалып отыр. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың: туберкулез, онкологиялық аурулар, диабет, маскүнемдік, нашақорлық, АҚТҚ/ЖҚТБ, жүйке ауруларының өсім қарқыны байқалады. 

      Ұлттың тектік қорын жақсартуға қол жеткізу үшін аналар мен балалардың денсаулығын қорғауды жақсарту жөнінде нақты шаралар қабылдау қажеттігі туындап отыр. 

      Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесі мен спорт ерекше орын алады. Облыста жыл сайын бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу және оған тұрғындардың қатысуы арта түсуде. Егер 2001 жылы дене тәрбиесі және спортпен 46242 адам шұғылданса, қазіргі таңда олардың саны 323123 адамға артып отыр. Яғни, олардың саны облыс тұрғындарына шаққанда 7 есеге немесе 32,8 пайызға артқан. 

      Осыған қарамастан бұл бағыттағы жұмыс әлі де жандандыра түсуді қажет етеді. Мұндағы басты проблемалар - дене тәрбиесі және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға тиісті жағдайлар жасау қажеттілігі.

      Балаларға білім және тәрбие беру, білім алуына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, олардың, әсіресе тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетімдер мен мүгедек балалардың құқығын қорғау, маңызды проблемалардың бірі болып табылады. 

      Облыста жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында біршама ілгерілеушілік байқалады. 2004 жылдың 1 жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасында 82 қылмыс тіркелген, ал өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 124 құраған, яғни 33,9 пайызға төмендеп отыр. 

      Облыстың білім беру мекемелерінде тұрақты түрде адамгершілік және құқықтық мәдениет тақырыптарына конференциялар, семинарлар, сондай-ақ "дөңгелек үстел" кездесулері өткізіліп тұрады. Бұл жұмыстардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс табуда. 

      Осыған қарамастан кәмелетке толмағандар арасында құқықтық білім деңгейі төмен күйінде қалуда, мұның өзі балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің арта түсуінің себептерінің бірі болып отыр. 

      "Жамбыл облысындағы 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау" бағдарламасы ел Президентінің 2004 жылдың 19 наурызында аналар мен балалар қызметінің басымдылығы мәселесі бойынша кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес жасалып отыр.

  3. Облыста аналар мен балаларды қорғаудың
қазіргі таңдағы жай-күйін талдау

      Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық оңды өзгерістердің орын алуына орай Жамбыл облысында бала туу көрсеткіші арта түсуде (2002 жылы - 16,4, 2003 жылы - 19,6), сондай-ақ тұрғындардың табиғи өсімі де артуда (2002 жылы - 7,8, 2003 жылы - 10,6). Ана мен бала өлімінің көрсеткіші де төмендеп отыр. 2003 жылы жаңадан туған 100 мың нәрестеге шаққанда аналар өлімі 2002 жылғы 50,5 орнына 41,5 құрады. Алайда, бұл көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан Қазақстанның жекелеген аймақтарымен салыстырғанда бұл көрсеткіш жоғары болып қалуда. 

      Соңғы 10 жылда нәрестелер өлімінің көрсеткіші жылдан жылға төмендеп келеді, егер 1993 жылы бұл көрсеткіш 31,8 промилле болса, 2003 жылы - 15,6 промилле болды. Республика көлемінде бұл көрсеткіш 2003 жылы - 14,6 промиллені құрады. Аталған көрсеткішті басқа мемлекеттермен салыстырғанда: Тәжікстанда - 27,2 промилле, Өзбекстанда - 18,3 промилле, Қырғызстанда - 21,7 промилле құрап, оларда бізден әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр. Нәрестелер өлімі көрсеткішін дамыған мемлекеттермен салыстыратын болсақ біздің облысымызда ол өте жоғары. Жапонияда бұл көрсеткіш - 6,4 промилле, Францияда - 7,2 промилле, Германияда - 6,8 промиллені құрап отыр.

      Ана өлімінің көрсеткіші де жылдан жылға төмендеп келеді. Соған қарамастан бұл көрсеткіш басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлі де жоғары. Өзбекстанда бұл көрсеткіш 33,5 промилле, Қырғыстанда 46,1 промилле, ал дамыған мемлекеттерде ана өлімінің көрсеткіші өте төмен.

      Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жақсара түсуде. 2004 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына бюджетте 6078967,0 мың теңге қарастырылған, бұл 2003 жылға қарағанда 1179801 теңгеге артық. Ана мен баланы қорғау қызметтерінің материалдық-техникалық базасы да нығая түсуде. Оларды автокөлікпен және жабдықтармен жарақтандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. 2004 жылы Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында 2 перзентхананы іске қосу көзделуде. 

      Әлі де болса салмағы төмен, туа біткен кемістіктермен туылатын балалар саны жоғары болуда, мұның өзі аналар мен олардың дүниеге келетін сәбилерінің денсаулықтарының төмендеуі артып отырғанын көрсетеді. 

      Облыста бала тууға қабілетті әйелдер денсаулығының көрсеткіші төмен болып отыр, ол бар болғаны 18-20 пайызды құрауда, ал ауа-райы қолайсыз аудандарда (Сарысу, Талас, Мойынқұм) бұл көрсеткіш 10 пайызға дейін. Әйелдер ауруларының арасында әлеуметтік маңызы бар аурулар жоғары болуда. Сондай-ақ, түсік жасату өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

      Облыста тамақтануға және заттардың алмасуына қатысты, сондай-ақ туа біткен ауруларға байланысты аурушаңдық та орын алуда. 

      Селолық жерлерде балалардың 80 пайызы ерте жастан қан аздығымен, рахитпен ауырады, психикалық және дене дамуы кешеуілдеуде. Жастардың көпшілігі өз денсаулықтарының дұрыс болмауы салдарынан әскери міндеттерін атқара алмауда. 

      Балалар арасында аурушаңдық арта түсуде. Соңғы кездері облыста балалар арасында аурудың созылмалы түрлері көбеюде. Мәселен, аурудың осындай созылмалы түрлері мектеп жасына дейінгі балалардың 20 пайызында, ал оқушылардың 50 пайызында кездесіп отыр. Сол сияқты, көз, құлақ және ауыз қуысы аурулары да арта түсуде. 

      Жыл сайын 20 мыңға жуық балалар диспансерлік есепке алынады, солардың тек 5-6 пайызы ғана сауықтыру-емдеу мекемелерінде ем қабылдайды. 

      Жыл сайын мүгедек балалар саны арта түсуде, бүгінгі таңда олардың жалпы саны 3 мыңға жуық. Оларды оңалту және белсенді өмір сүруге қалыптастыру сұрақтары айрықша көңіл бөлуді қажет етіп отыр.

      Жабдықтар сатып алу жеткілікті деңгейде қаржыландырылмағандықтан және материалдық-техникалық базаларды жөндеу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеуі салдарынан ана мен баланы қорғау ұйымдары тиісті санитарлық талаптарға сай болмауда, сол себепті олар қаржылай қолдауды жақсартуды қажет етіп отыр. Мұның өзі балалар және тууға қабілетті аналармен жұмыс істеу барысындағы іс-әрекеттерге, ең бастысы емдеу-диагностикалық көмек көрсету сапасына кері әсерін тигізуде. 

      Облыста жедел медициналық көмек көрсетуге мамандандырылған бригада, санитарлық авиация қызметтері тоқыраған. 

      Тұрғындарға жоғары дәрежедегі медициналық көмек көрсетуді жетілдіретін уақыт келді, оның ішінде жүкті және босанатын әйелдерге жәрдем көрсету үшін санитарлық авиацияны қалпына келтіру қажет, әсіресе шалғай орналасқан аудандарға (Мойынқұм, Сарысу, Талас, Қордай, Шу) қызмет көрсету үшін. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары"  Жолдауындағы денсаулық саласын жақсарту арқасында сәбилердің тууының өсімі мен өлімін азайту жайлы тапсырмасын, сондай-ақ облыстағы көп балалы аналардың еліміздегі барлық әйелдерге арналған осы Жолдауды қолдау жөніндегі үндеуін жүзеге асыру мақсатында облыс бюджетінен 4 және одан көп бала туған әйелдерге қосымша жәрдемақы тағайындау қажет, бұл облыстағы демографиялық ахуалды жақсартуға өз үлесін қосатын болады.

      Облыста балалар мен аналарға санаторлық және сауықтыру қызметтерін көрсету күрделі күйінде қалуда. Облыста сал және жүйке ауруларына шалдыққан балаларды емдеу мақсатында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сауықтыру орталығын ашу қажет. 

      Денсаулық сақтау және білім органдары арасындағы үйлестіру жұмыстарының өз деңгейінде болмауы салдарынан балаларды медициналық жағынан қамтамасыз ету нашарлады. 

      Санаторлық-сауықтыру ұйымдарында жұмыс істейтін мектептердің қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы алаңдатушылық туғызуда, ең алдымен олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы, әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиісті деңгейде емес. 

      Тастанды балалар саны арта түсуде, бұл балалар үйлері жүйесін дамытуды талап етуде, осының салдарынан тастанды балалардың стационарлық емдеу орындарында ұзақ уақыт болып, бұл олардың психикалық және дене жағынан кешеуілдеп дамуына әсер етеді. 

      Бүгінгі таңда облыста 2682 жетім және ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар бар. Бұлардың арасында қазіргі уақытта 3 балалар үйінде және 1 мектеп-интернатта 826 бала тәрбиеленіп жатыр. 

      Жетім балаларды және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды дер кезінде есепке алып, тиісті мекемелерге орналастыру үшін қалалық және аудандық білім басқармаларында балалардың құқығын қорғау жөніндегі мамандарды штаттық кестеге енгізу қажет. 

      Салауатты өмір салтын насихаттауды жандандыру мақсатында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды кеңінен қамти отырып, бұқаралық спорт және туристік іс-шараларды одан әрі жалғастыру керек. Тұрғындардың, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен жаттығуға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында тиісті объектілер мен оқу орындарын спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінің материалдық-техникалық базаларын нығайта отырып, тұрғылықты жерлер бойынша ойын алаңдарын қалпына келтіріп, аула клубтарын құру керек. 

  4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты ана мен баланың денсаулығын қорғау, олардың өмірін жақсарту; құқықтарын қорғау; аналар мен балалар арасындағы аурушаңдықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, уытқұмарлықтың және темекі тартудың алдын алу, мамандандырылған медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту; аналар мен балаларға санаторлық және сауықтыру қызметтерін көрсету; балалар және перзентханалардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту.

      Негізгі міндеттерге мыналар жатады: 

      1) Облыста нарықтық қатынастар жағдайында аналар мен балалардың денсаулығын қорғау мәселесіне қатысты шаралар мен тетіктерді іске қосу. 

      2) Балалар мекемелері мен перзентханаларды қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жақсарту. 

      3) Медициналық қызметкерлердің біліктілігін диплом алдындағы және диплом қорғау кезіндегі даярлықтарына орай шеберліктерін арттыру.

      4) Оқушылардың денсаулықтарын сақтау және қорғау мақсатында оқу-практикалық сабақтардың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

      5) Жетім балаларды және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдау жөнінде іс-шаралар әзірлеу және оны іске асыру.

      6) Кәмелетке толмағандарға құқықтық, адамгершілік тәрбие беру әрі олардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

      7) Жүзеге асыру тетіктерін жасау мәселелері бойынша облыстық деңгейде мүдделі басқармалар және ведомстволардың нақты іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу туралы"»Заңын түсіндіру және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, ата-аналар арасында жаппай құқықтық білім беру жөнінде жоспарлы ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру. 

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге
асыру тетіктері

      Бағдарламаны жүзеге асыру үшін көзделген іс-шараларды кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жоспары жасалынған. Көзделген іс-шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметтерін үйлестіру қажет. 

      Бағдарламаның негізгі мақсаттары және басым бағыттары мыналар болып табылады: 

      1) Аналар мен балалар денсаулығын нығайтуға, емдеу-диагностикалық көмек сапасын жақсартуға бағытталған облыс әкімиятының қаулылары мен облыс Әкімінің шешімдерін дайындау. 

      2) Денсаулық сақтау саласында балалар және бала босандыру қызметіне баса көңіл бөлу. 

      3) Ана мен бала денсаулығын қорғау ісінде Бағдарламадағы басты мақсаттарды шешу барысында салааралық мәселелерді жүзеге асыру. 

      4) Аналар мен балалардың алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек алуына қол жетімділігін қамтамасыз ету.

      5) Балаларды, жүкті әйелдерді, тұрмысы төмен және көп балалы аналарды азық-түлікпен атаулы қамтамасыз ету.

      6) Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, мектеп ұжымдарындағы және интернат ұйымдарындағы балалардың медициналық жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру. 

      7) Аналар мен балаларды дер кезінде емдеу және сауықтыру.

      8) Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар мен аналарды атаулы сауықтыру.

      9) Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша отбасылар мен қоғамның білімін тереңдету, ананың қауіпсіздігін қорғау, балалар арасындағы аурудың алдын алу.

      10) Мектепке дейінгі және мектептегі тәрбие беру жүйесінде валеология негіздерін оқыту. 

      11) Аталған Бағдарламада көзделген нақты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жергілікті билік, мемлекеттік, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдар арасында өзара байланыс орнату.

      12) Аналар мен балалар денсаулығын қорғау бағытындағы мәселелерді шешу мақсатында тұрғындарды және қоғамдық ұйымдарды кеңінен қамту.

      13) Балалардың құқығын қорғау мәселелерін шешуді тереңірек және жүйелі түрде қамтамасыз ету.  

      14) Облыстың, әсіресе шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін санитарлық авиацияны қалпына келтіру. 

  6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      2005-2007 жылдары Бағдарлама жергілікті бюджеттердің қаржыларымен жүзеге асырылады.

  "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен 
баланы қорғау" Бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті қосымша қаржылай шығындар (млн. теңгеде)

                             Жылдар 
 
 

    Бюджет түрі  

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Барлығы

Облыс Әкімінің денсаулық сақтау басқармасы бойынша  

269,9 274,5 299,2 843,6

Облыс Әкімінің білім басқармасы бойынша  

30,0

35,0

45,0

110,0

Облыс Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша 

30,0

35,0

40,0

105,0

Барлығы

329,9

344,5

384,2

1058,6

      2004 жылы облыс бойынша аналар мен балаларды қорғауға 1247254 мың теңге бөлінді. 

      2005-2007 жылдары іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы бюджеттік қорлар көлемі тиісті қаржылық жылды жоспарлау барысында нақтыланады. 

  7. Бағдарламаны жүзеге асырудан
күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде аналар мен балаларды қорғаудың жүйелі желісі қалыптасады әрі ол орталықтандырылған қаржы арқылы шешіледі. 

      Аналар мен балаларды қорғау проблемасы мынадай мақсаттарды көздейді: 

      1) Аналар мен балалар арасындағы аурушаңдықты азайту, балалардың психикалық жағынан дамуын жақсарту, тұрғындар денсаулығын нығайту. 

      2) Аналар, балалар мен сәбилер өлімінің деңгейін кеміту.

      3) Аналар мен балаларға медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту. 

      4) Облыста аналар мен балаларға мамандандырылған медициналық көмек қызметін дамыту. 

      5) Балалар мүгедектігін төмендетуге жағдайлар жасау. 

      6) Балалар мен аналарға санаторлық және оңалту көмектерін арттыру 

      7) Акушер-гинекологтардың, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің, басқа да мамандық дәрігерлерінің біліктілігін аналар мен балаларды емдеу ісінде жаңа үлгідегі тиімді әрі шығыны аз болатын алыс және жақын шет елдер тәжірибелерін пайдалана отырып арттыру.

      8) Облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйелдерге арнап 40 төсектік бөлімше, қалалық перзентханада 20, облыстық ауруханада 20 төсектік бөлімше ашу. 

      9) Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын постгепатиттік санаторий негізінде жүйке және сал ауруларына шалдыққан балалар үшін 40 төсектік оңалту орталығын ашу. 

      10) Қалалық аумақтық емханаларды, орталық аудандық ауруханалардың перзентханаларын, аудандардың консультативтік емханаларын қосымша бүгінгі үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз ету. 

      11) Перзентханаларды, облыстық перинаталдық орталықты, қалалық перзентханалар мен балалар мекемелерін (облыстық балалар ауруханасы, облыстық жұқпалы балалар ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы) аудандық ауруханалардың балалар бөлімшелерін қазіргі үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз ету.

      12) Кәмелетке толмағандардың денсаулығын қорғау және олардың заңды құқықтарын тиімді іске асыру, өмір сүру, тәрбие, білім және еңбек, демалыс жағдайларын жақсарту, балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

      13) Жетім балаларды, мүгедектерді, ата-ананың қарауынсыз қалған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік жағынан қорғау. 

  8. Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен
баланы қорғау Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар 

(мың теңге)

Қаржыландыру  көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар

1

Педиатрлардың, неонатологтардың, акушер-гинекологтардың, терапевтердің  және басқаларының алыс және жақын шет елдерде біліктілігін арттыру

Біліктілікті арттыру кестесіне сәйкес 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

  2,0

    5,0

      5,0

Мемлекеттік органдарды ұстауға қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

2

Жоғары оқу орындарының түлектерін келісім-шарт негізінде тарту арқылы медициналық кадрлармен қамтамасыз ету, оларды материалдық жағынан ынталандыру

Облыс әкімиятына ақпарат 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл -

3-4 тоқсан

2006 жыл -

3-4 тоқсан

2007 жыл -

3-4 тоқсан

  5,0

  5,0

  5,0

Жергілікті бюджет 

3

Аудан емханаларында  және Тараз қаласының 10 мектебінде оқушылардың тістерін уақтылы санациялау үшін балалар стоматологының кабинетін ашу

Облыс Әкімінің денсау-
лық
сақтау басқармасының, облыс Әкімінің білім басқармасының бұйрықтары 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл -

4 тоқсан

2006 жыл -

3 тоқсан

2007 жыл -

3 тоқсан

  15,0

  15,0

  20,0

Жергілікті бюджет

4

Оңды Манту реакциясы бар туберкулез ауруына шалдыққан балаларды тексеруге қаржы бөлу. Рентген аппаратын алу

Облыс Әкімінің
денсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл -

3-4 тоқсан

2006 жыл -

3-4 тоқсан

2007 жыл - 

3-4 тоқсан

  2,0

  2,0

  2,0

Жергілікті бюджет 

5

Жалпы білім беретін мектептердің медициналық кабинеттерін  қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы және облыс Әкімі білім басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

  15,0

    20,0

      25,0

Жергілікті бюджет

2. Экология және аналар мен балалардың денсаулығы

6

Экологиялық ахуалдың тұрғындарға, оның ішінде аналар мен балаларға әсері жөнінде кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу

Жоспарға сәйкес

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы, бұқаралық  ақпарат құралдары

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет,  қарастырылған қаржылар шегінде 

7

Жүкті әйелдерге және қаны аз балаларға, сондай-ақ йод жетіспейтін ауруларға қаржы бөлу

Облыс Әкімінің  денсау-
лық
сақтау
басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

      49,0

      49,0

      49,0

Жергілікті бюджет

3. Балалар мен аналарды тамақтандыру

8

Емшекпен емізу жөніндегі ДДСҰ (Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы) бағдарламасын енгізуді жалғастыру

Жоспарға сәйкес

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жыл -

3 тоқсан

2006 жыл - 

3 тоқсан

2007 жыл -

3 тоқсан

  4,8

  5,0

  5,2

қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

9

Облыстық перинаталдық орталықтың "Аналар қауіпсіздігі» бөлімі негізінде емшекпен емізу мәселелері бойынша дәрігерлердің  және орта медицина қызметкерлерінің оқуын ұйымдастыру

Облыс Әкімінің
денсау-
лық
сақтау
басқармасының

бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

10

Нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау министрлігінің педиатрларға, акушер-гинекологтарға, неанатологтарға бұйрықтар жинағын, жүкті әйелдерге және емшекпен емізіп жүрген әйелдерге арнап емшекпен емізу туралы дидактикалық материал, Жамбыл медициналық колледжі оқушылары үшін сәйкестендірілген оқу материалын шығару

Облыс Әкімінің
денсау-
лық
сақтау
басқармасының
бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жыл-

2 тоқсан

2006 жыл-

1 тоқсан

2007 жыл -

3 тоқсан

  1,0

  1,0

  1,0

Жергілікті бюджет

11

Жамбыл медициналық колледжі негізінде орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Біліктілікті арттыру  кестесіне сәйкес

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жыл -

2 тоқсан

2006 жыл -

1 тоқсан 

2007 жыл -

3 тоқсан

  1,0

  1,5

  2,0

Жергілікті бюджет:  қарастырылған қаржылар шегінде 

12

Диспансерлік есепте тұрған 3 жасқа дейінгі балаларды арнайы емдік тамақпен қамтамасыз ету

Облыс Әкімінің  денсау-
лық
сақтау
басқармасының
бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

  10,0

    19,0

      21,0

Жергілікті бюджет

4. Аналар мен балалар денсаулығын қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыс

13

Әйелдер және балалардың скринингтік профилактикалық байқаудан кезең-кезеңімен өткізуді енгізу

Жоспарға сәйкес

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет:  қарастырылғанқаржылар шегінде 

14

Жиі кездесетін және туа біткен ауруларға (гипотиреоза, фенилкетонурии). скрининг-диагностикалық тексеру жүргізу және медициналық-генетикалық орталықтарда мәліметтер жиынтығын жасау

Жоспарға сәйкес

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

  10,0

    12,0

      12,0

Жергілікті бюджет

15

Облыстық балалар ауруханасынан  және облыстық перинаталдық орталықтың жанынан әйелдер мен балаларға кеңес беретін кураторлық жұмысты жетілдіру

Облыс Әкімінің
денсау-
лық
сақтау
басқармасының
бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет:  қарастырылған қаржылар шегінде 

16

Тұрмысы төмен отбасылардан  шыққан тууға  қабілетті әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету

Тізімге сәйкес 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

  10,0

    10,0

      10,0

Жергілікті бюджет

17

Жүкті әйелдердің босанар алдында тістерін емдеуді күшейту, стоматологиялық ауруларын, мектеп жасындағы балалардың лор-патологияларын алдын алуды ұйымдастыру

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау
басқармасы,

облыс Әкімінің білім басқармасы

бұйрықтары

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет,  қарастырылғанқаржылар шегінде 

18

Ана және баланың денсаулығының  мәселелері бойынша облыстық теледидарда, радио мен ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланымдар ұйымдастыру

Кесте бойынша 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, бұқаралық  ақпарат құралдары

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

19

Тұрғындардың осал топтарының арасында вирустық "А" гепатитіне қарсы иммунизация жүргізу

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау
басқармасының және

облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының

бұйрықтары

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы 

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

20

Тұрғындардың осал топтары арасында тұмауға қарсы иммунизация жүргізу

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау басқармасының және

облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының

бұйрықтары

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы

2005 жыл - 

3 - тоқсан

2006 жыл- 

3 - тоқсан

2007 жыл - 

3 - тоқсан


қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

21

Тұрмысы төмен отбасылардан  шыққан балаларды қамти отырып спорт түрлері бойынша бұқаралық спорт шараларын өткізу

Кесте бойынша 

Облыс Әкімінің спорт және туризм басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы 

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

5.Аналар мен балаларға медицина көмегін жетілдіру 

22

Жүкті және босанатын әйелдерге шұғыл жоғары дәрежелі көмек көрсетуді жетілдіру, облыста санитарлық авиациялық қызмет көрсетуді қалпына келтіру, соның ішінде шалғай аудандарының тұрғындарына (Мойынқұм, Сарысу, Талас, Қордай, Шу) 

Облыс Әкімінің
денсау-
лық
сақтау
басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 

1-4 тоқсандары аралығында 

  15,0

    15,0

      15,0

Жергілікті бюджет

23

қалалық перзентханада  жүкті әйелдер үшін қосымша 20 төсектік және жаңа туған сәбилерді екінші кезеңде күтімге алу үшін 20 төсектік бөлімшелер ашу

Облыс әкімиятына ақпарат 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 ж. - 

2 тоқсан 

2006 ж. - 

2 тоқсан 

  24,0

  12,0

Жергілікті бюджет

24

Диагностика және емдеу үшін перзентханалар мен балалар ұйымдарын кезең-кезеңімен қазіргі үлгідегі медициналық жабдықтармен  қамтамасыз ету. Оларды автотранспортпен жабдықтау

Облыс әкімиятына ақпарат 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

                                            2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

                                  2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

УЗИ-аппараты-6 - 15,0,

кювездер - 15 - 19,8,

РО6-5- 8,0,

реанимациялық орын - 3-3,8 ,

акушерлік жиынтық - 9- 0,4,

операциялық үстелдер - 11-8,5,

биохимиялық анализатор - 2-4,3,

КЩР анализаторы -6-0,3, үлкен хирургиялық жиынтық 3 - 1,1,бронхоскоп-2-2,0,көп каналды ЭКГ-аппараты - 8-4,0,

муфельдік пеш - 4 - 4,0

Санитарлық транспорт - 2 2,0.

Барлығы: 73,2

УЗИ-аппараты-6- 15,0,кювездер - 20 - 26,4, РО6-5- 8,0, реанимациялық орын - 3 -3,8, акушерлік жиынтық - 20-0,8,

операциялық үстел - 25 - 12,3, биохимиялық анализатор - 2 - 4,3, КЩР анализаторы -6-0,3,

үлкен хирургиялық жиынтық 3-1, 1

бронхоскоп-2-2,0 ,

муфельді пеш - 4 - 4,0

Барлығы:  78,0

УЗИ - аппараты - 10 -  25,0,

кювездер - 20 - 26,4,

РО6 - 6 - 9,6,

реанимациялық орын - 6 - 7,6,

акушерлік жиынтық - 20 - 0,8,

операциялық үстел - 25 - 12,3,

биохимиялық анализатор - 2 - 4,3,

КЩР анализаторы - 6 - 0,3,

үлкен хирургиялық жиынтық 3-1,1,

бронхоскоп - 2 - 2,0,

муфельдік пеш - 4 - 4,0,

Барлығы: 93,4

Жергілікті бюджет:

25

Жаңа халықаралық емдеу хаттамаларын енгізу және жетілдіруді жүзеге асыру:

акушерлік-гинекологиялық көмек көлемінің стандарттары проблемалары бойынша;

жаңа туғандарға алғашқы және реанимациялық  көмек көрсету бойынша;

неврологиялық патология және қимыл әрекеттерінің бұзылуы, соның ішінде балалардың осал аурулары бойынша;

туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қан тамыр аурулары;

күйік аурулары;

эндокриндік патология

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау
басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде жүргізіледі 

26

Балаларға сурдологопедиялық көмек көрсетуді жетілдіру: емханаларда кабинеттер ұйымдастыру (балалар, клиникалық-диагностикалық ұйымдарда); облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының отоларингологиялық бөлімшелерінде төсек орындар ашу

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау
басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2006 жыл - 

3-4 тоқсан


Жергілікті бюджет

27

Облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйелдер патологиясы үшін қосымша 40 төсек ашу

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл - 

2 тоқсан

37,0

Жергілікті

бюджет

28

Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Меркі аудандарында тұрмысы төмен отбасылардан  шыққан балаларды қамтамасыз ету үшін тегін сүт кухняларын ашу

Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Мойынқұм  және Меркі аудандары әкімдерінің шешімдері

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл -

2 тоқсан - Сарысу, Талас  аудандарында

2006 жыл -

2 тоқсан - Мойынқұм, Меркі, Т.Рысқұлов  аудандарында

2007 жыл - 

2 тоқсан - Жуалы, Жамбыл және Байзақ  аудандарында

10,0

          20,0

          20,0

Жергілікті бюджет,  қарастырылғанқаржылар шегінде 

6. Жалпы білім беретін ұйымдарда балалар денсаулығын қорғау

29

оқу процесі кезінде санитарлық-эпидемиологиялық басқармамен бірлесе отырып, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау басқармасының,

облыс Әкімі білім басқармасының және облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының

бұйрықтары

Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы 

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Мемлекеттік органдарды ұстауға бөлінген қаржылар шегінде  жүзеге асырылады 

30

Мектеп жасына дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балаларды? ауруын азайту мақсатында физикалық және табиғи тәсілдерді енгізу.  Мектептерде "валеология" пәнін оқытуды жетілдіру

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы және

облыс Әкімі білім басқармасының бұйрығы

Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында


қарастырылған қаржылар шегінде

31

Жалпы білім беретін мектептерде міндетті түрде сабақ кестесіне аптасына үшінші дене тәрбие сабағын енгізу

Облыс Әкімінің білім басқармасы бұйрықтары

Облыс Әкімінің білім басқармасы

2005 жыл - 

3 тоқсан 


қарастырылған қаржылар шегінде

32

Ауруханалар, санаторийлер  және оңалту орталықтарындағы мектептердегі ауру балаларға тәрбие беру және оқыту үшін тиісті жағдайлар жасауға шаралар қолдану

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының  бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған  қаржы шегінде

33

Жұқпалы туберкулез ауруына шалдыққан балаларды оқшау ұстау мақсатында санаторлық балалар үйін ашу

Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас аудандары  және Тараз қаласы әкімдерінің шешімі

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 

1-4 тоқсандары аралығында -  Байзақ, Жуалы аудандары;

2006 жылдың  

1-4 тоқсандары аралығында -

Сарысу, Талас аудандарында

2007 жылдың  

1-4 тоқсандары аралығында - 

Тараз қаласында 


Жергілікті бюджет: 

34

Облыстың жалпы білім беретін мектептеріндегі наркопостар жұмысының тиімділігін күшейту, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, темекі тартудың алдын алу жөнінде облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында жоспарланған іс-шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету

Облыс әкімиятына ақпарат 

Облыстың, аудандар мен қала әкімияттары жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын  қорғау жөніндегі комиссиялар, қалалық және аудандық білім басқармалары

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


қарастырылған қаржылар шегінде

35

Жетім балаларды және тұрмысы  төмен отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз ету

Тараз қаласы
ның  және аудан әкімдерінің шешім
дері

Облыс Әкімінің білім басқармасы  

2005 жыл - қаңтар 

2006 жыл - қаңтар

2007 жыл - қаңтар


Жаппай оқыту қоры, жергілікті бюджет

7. Аналар мен балаларды санаторлық сауықтыру және оңалту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру 

36

Балаларға республикалық "Алатау" санаторийінде, республикалық "Балбұлақ" оңалту орталығында мамандандырылған медициналық және сауықтыру көмектерін көрсету

Қазақ-
стан Республи
касы
денсау-
лық
сақтау
министр
лігінің
жоспары
бойынша

Облыс Әкімінің денсаулық
сақтау
басқарма
сы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Тиісті бюджет

37

Постгепатиттік санаторий негізінде сал, жүйке ауруларына шалдыққан балаларға мамандандырылған медициналық қызмет көрсету (50 төсек)

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2007 жыл - 

1 тоқсан

6,6

Жергілікті бюджет

38

Облыстық оңалту орталығында балалар мен жүкті әйелдерді емдеу мақсатында қосымша 20 төсек ашу

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2006 жыл -

3 тоқсан

9,0

Жергілікті бюджет

39

Мүгедек балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды, тұрмысы төмен отбасылардан  шыққан балаларды, жүкті әйелдерді облыстық "Ана мен бала" орталығында сауықтыру 

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының тізіміне сәйкес 

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы, облыс Әкімінің білім басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

5,4

      6,0

    7,0

Жергілікті бюджет

40

Балалар мен аналарды облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарында сауықтыруда жаңа үлгідегі бағдарламалар мен технологиялар енгізу

Облыс Әкімініңденсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің денсаулық  сақтау басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет:  қарастырылғанқаржылар шегінде

8. Кәмелетке толмағандардың және әйелдердің әлеуметтік және құқықтық қорғау

41

Төртінші баласын туған әйелдерге қосымша біржолғы жәрдемақы бөлінсін

Облыстық әкимият
тың қаулысы

Облыс Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік  қорғау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

30,0

      35,0

      40,0

Жергілікті бюджет

42

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан  шыққандарынды балалардың Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуына материалдық көмек көрсету

Облыс Әкімі денсау-
лық
сақтау басқармасының бұйрығы және облыс Әкімі білім басқармасының бұйрығы

Облыс Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік  қорғау басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы

2005 жыл -  

3 тоқсан

2006 жыл - 

3 тоқсан

2007 жыл -

3 тоқсан 


Жергілікті бюджет

43

Барлық селолық, поселкелік округтерде кәмелетке толмағандардың құқықтарын  қорғау жөнінде комиссия құру

Облыс әкимиятының қаулысы және облыс Әкімі білім басқармасының бұйрығы 

Облыс Әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия  

2005 жыл -

2 тоқсан


Жергілікті бюджет:  қарастырылғанқаржылар шегінде

44

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ата-аналар қауымдастығы арасында "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңын түсіндіру, жалпы құқықтық білім жөнінде жоспарлы әрі тиімді жұмыстар ұйымдастыру 

Кесте бойынша 

Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, облыс әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандар құқықтарын  қорғау жөніндегі комиссия, облыс Әкімінің білім басқармасы 

2005 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында

2006 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 

2007 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында 


Жергілікті бюджет

       Ескерту. 41 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 8-20  шешімімен .

      Қабылданған қысқартулар:

      АҚТҚ/ЖҚТБ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы/жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады