Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.12.25 № 409 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 1) тармақшасының және Жамбыл облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 28 қазанда N 1475 тіркелген облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 шешімімен бекітілген "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасының" негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2007 жылдың 31 желтоқсаны
аралығында туылған төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен төленетін біржолғы жәрдемақы көлемі 10000 (он мың) теңге көлемінде бекітілсін.
2. Біржолғы жәрдемақыны алу құқығы Қазақстан Республикасының
азаматтарына, оралмандарға, шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға берілсін.
3. Біржолғы жәрдемақы ата-аналарының біреуіне (тірі бала туған анаға немесе сол баланың әкесіне), ата-анасының екеуі де болмаған жағдайда қамқоршысына немесе баланың басқа да заңды өкіліне:
1) табысына;
2) жәрдемақының басқа да түрлерін алатынына;
3) төртінші баланың туылған жеріне қарамастан төленеді.
4. Біржолғы жәрдемақыны алуға өтініш білдіру мерзімі төртінші
баланың туылған күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.
5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері осы қаулыны орындау мақсатында:
1) біржолғы жәрдемақыны алу үшін қажет құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықтасын;
2) 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейін жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларға біржолғы жәрдемақыны уақтылы төлеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.
7. Осы қаулы Жамбыл облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс Әкімі Б.Жексембин