Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 721 "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын орта кәсіптік білім беру ұйымдарында орта кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2005-2006 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (қоса беріледі).
2. Облыс әкімиятының білім беру департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын орта кәсіптік білім беру ұйымдарында орта кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналып бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды жүргізсін.
3. Облыс әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды 2005 жылға арналған бюджетпен бекітілген білім беру ұйымдарын ұстау үшін көзделген шығыстар шегінде қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 "Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысынан бөлінсін:
І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін, - 0,5 пайыз;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, - 1 пайыз;
ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға түсетін ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн, - 30 пайыз;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін, - 2 пайыз.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.
Облыс Әкімі Б. Жексембин
Облыс әкімиятының
2005 жылғы 26 мамырдағы N 172
"Орта кәсіптік білімді мамандар
даярлауға 2005-2006 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын бекіту туралы"
қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын орта кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауға 2005-2006 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Коды |
Кәсіптік орта білімді мамандар даярлау бағыттарының атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
|
Барлығы |
Оның ішінде қазақ тілінде |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
0501002 |
Ветеринария |
40 |
40 |
4412002 |
Фермер шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу |
40 |
40 |
4406002 |
Агрономия |
15 |
15 |
4402002 |
Ауыл шаруашылығын механикаландыру |
20 |
20 |
4405002 |
Жерге орналастыру |
20 |
20 |
0601002 |
Кітапхана ісі |
20 |
20 |
3002002 |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
15 |
10 |
3706002 |
Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету |
35 |
35 |
4123002 |
Киімдерді құрастыру және модельдеу |
20 |
5 |
4214002 |
Нан пісіру, макарон және тәтті тағам өндірісінің технологиясы |
5 |
5 |
0705002 |
Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит |
75 |
75 |
0310002 |
Дене тәрбиесі |
20 |
20 |
2002002 |
Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану |
50 |
50 |
3925002 |
М?най және газды қайта өңдеу технологиясы |
45 |
45 |
0619002 |
Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер |
25 |
20 |
0716002 |
Банк ісі |
50 |
50 |
0314002 |
Бастауыш сыныптарда оқыту |
64 |
45 |
0306002 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
40 |
40 |
0604002 |
Аспапта орындаушылық |
21 |
15 |
0607002 |
Хорда дирижерлық ету |
7 |
4 |
0712002 |
Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын менеджмент |
25 |
25 |
0831002 |
Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын маркетинг |
25 |
25 |
3312002 |
Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, іске қосу және пайдалану |
15 |
5 |
0313002 |
Кәсіптік білім беру |
50 |
45 |
4303002 |
Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану |
15 |
15 |
0205002 |
Құқықтану |
15 |
15 |
2506002 |
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика |
25 |
10 |
0703002 |
Қаржы |
40 |
40 |
4323002 |
Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және жүргізу |
25 |
- |
3306002 |
Электр және электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
15 |
15 |
0802002 |
Күрделі тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету |
20 |
20 |
0612002 |
Актерлік өнер |
15 |
15 |
0401002 |
Емдеу жұмысы |
140 |
80 |
0402002 |
Акушерлік жұмыс |
50 |
50 |
0403002 |
Мейірбике ісі |
60 |
60 |
Жиынтығы: |
1162 |
994 |
<*> Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Жамбыл облыстық әкімиятының 2005 жылғы 28 шілдеде N 221 шешімімен.