Үшінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 158 "Жуалы ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы N 163 шешімі. Жуалы ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 08 қарашада N 19 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы №39-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 13.02.2019 №39-5 шешімімен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараныз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Үшінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі "Жуалы ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы" N 158 (тіркеу N 6-4-14, 2005 жылғы 13 қазанда аудандық "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінің N 106 (7350) санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Жуалы ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау туралы Ережесінің 1 бөлімі мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 тармақтарымен толықтырылсын:

      "21-1. Қоғамдық орындар, құрылысы бітпеген және бұзылған құрылыс объектілерінің аумақтарын тазалау және тәртіпке келтіру арнайы тәртіппен жүргізіледі.

      21-2. Заңды және жеке тұлғалар көгеріштердің сақталуын және оларды күтуі міндетті, ол үшін барлық кешенді тазалау, суғару, бұтау, тыңайтқыш енгізу, әр-түрлі зиянкестерден қорғау агротехникалық іс-шаралар жасауы тиіс.".

      2 бөлімі мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2 тармақтарымен толықтырылсын:

      "41-1. Көшенің құрылыс алаңынан және көгеріш өсірілген аумақтан бос көлік өтетін және жаяу жүргінші бөлігін, сонымен қатар басқада жалпы қолданылатын орындарды әр түрлі қалдық түрлерімен (бөтелке, қағаз, темекі қалдығы), тұрмыс қалдықтарымен ластауға.

      41-2. Белгіленбеген жерлерде хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалар, плакаттар, парақшалар және басқа да ақпараттық материалдар жапсыруға, ілуге.".

      2. Аудандық мәслихаттың депутаттары аудан тұрғындары арасында осы Ережені сақтау міндеттілігі және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы жөніндегі кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, тұрғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны адамдардың құқығын, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы С.Сәдіров) жүктелсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ғ. Зерекбайұлы
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Е. Аманбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады