Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған соғысқа қатысқандар мен мүгедектер қатарындағы қайтыс болған адамдарға әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қою жөнінде көрсетілген көмекке есеп жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық Мәслихатының XI сессиясының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 172 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 31 наурызда N 1752 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 109 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 23.09.2021 № 109 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 13 бабын орындауға орай және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған соғысқа қатысқандар және мүгедектер қатарындағы қайтыс болған адамдарға әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қоюға төлем мөлшері нақты жұмсалған сома бойынша бірақ 45 айлық есептік көрсеткіштен аспай анықталсын.

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне (Бүркеева С.М.):

      1) жоғарыда айтылған азаматтардың санаттарына әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қою мәселелері бойынша келген адамдардан өтініш қабылдау аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы қайтыс болған адамның тұрғылықты жерінде мынандай құжаттарды қабылдап жүргізілсін:

      қайтыс болғаны туралы куәлік;

      қайтыс болушының мәртебесін нақтылайтын құжаттар;

      2) жоғарыда айтылған азаматтардың санатына әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қоюға байланысты шартқа отыру және есеп жүргізу мәселелеріне рұқсат етілсін.

      3. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары осы шешімді барлық мүдделі қызметтерге жеткізсін және жоғарыда аталған азаматтардың санатына әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қоюға төлем жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілу қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуы әлеуметтік-мәдени дамуы мен тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға (Әдекенов С.М.) жүктелсін.

      5. Осы шешім 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы


Облыстық Мәслихаттың хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады