Шахтинск қаласының аумағын аймақтандыру сызбасын (аймақтар шекаралары және жер участкелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері) бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық Мәслихатының XI сессиясының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 171 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 6 сәуірде N 1762 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы N 140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 N 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-II Жер кодексінің 8-бабының 3-тармағына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабының 13-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шахтинск қаласының аумағын аймақтандырудың ұсынылған сызбасы (аймақтар шекаралары және жер участкелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері) 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Сессияның осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі (А.Қ. Бейсенов) және өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі (Н.Е. Усатов) тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Сессия төрағасы
 
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
 

      

  Облыстық Мәслихатының
2005 жылғы 17 наурыздағы
XI сессиясының N 171 шешіміне
1 қосымша

      Шахтинск қаласы аумағын аймақтандыру (жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенті мен аймақтардың шекарасы)
      СХЕМАСЫ
      қала құрылысы
      (Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.)

Кадастрлық (бағалық) аймақтың нөмірі
1 шаршы метр жер бағасының базалық ставкасына түзету коэффициенті
I
1.90
II
1.56
III
1.38
IV
1.18
V
0.76
VI
0.50
_______
Бағалық аймақтың шекарасы

  Облыстық Мәслихатының
2005 жылғы 17 наурыздағы
XI сессиясының N 171 шешіміне
2 қосымша

      Шахтинск қаласы аумағын аймақтандыру (жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенті мен аймақтардың шекарасы) Долинка, Жаңа Долинка, Солтүстік-Батыс поселкелері
      СХЕМАСЫ
      (Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.)

Кадастрлық (бағалық) аймақтың нөмірі
1 шаршы метр жер бағасының базалық ставкасына түзету коэффициенті
I
1.90
II
1.56
III
1.38
IV
1.18
V
0.76
VI
0.50
_______
Бағалық аймақтың шекарасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады