2005 жылғы 10 наурыздағы ІІІ шақырылған ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы" N 3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған кезекті XXVI сессиясының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12 шешімі. Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 26 қаңтарда N 8-1-20 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 мамырдағы N 52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.05.23 N 52 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2005 жылғы 10 наурыздағы ІІІ шақырылған ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы" N 3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін (2005 жылғы 12 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі тіркелу нөмірі - N 1760, 2005 жылғы 27 сәуірдегі "Взгляд на события" газетінің N 16 (081) жарияланған):
      1) 2005 жылғы 10 наурыздағы ІІІ шақырылған ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы" N 3 шешімінің 1 тармағындағы "Қағидасы бекітілсін" сөздерінен кейін "(әрі қарай - Қағида)" сөздерімен толықтырылсын;
      2) Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасының оң жақ жоғарғы бұрышындағы "Қарағанды қалалық мәслихатының 2005 жылғы 10 наурыздағы кезекті ХVІ сессиясының N 3 шешіміне қосымша" сөздері "Бекітілген 2005 жылғы 10 наурыздағы кезекті сессияның N 3 шешімі" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) Қағиданың 2 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: "Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) бақ - функционалдық аймаққа бөлінген және ұзақ мерзімді демалысқа арналған жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;
      2) газон - көгалдандырылған аймақтың ашық учаскелерінде арнайы таңдап алынған шөптердің тұқымын себу арқылы жасалған шөптесін жабынды;
      3) жасыл желектер - шығу тегi табиғи және жасанды, азаматтық заңға сәйкес мүлiкке жататын және қала меншiгi болып табылатын сүректi-бұта және шөптесiн өсiмдiктер;
      4) жасыл алап - бақ ландшафтының ең ірі бірлігі. Шудан, шаңнан қорғайтын, сондай-ақ визуальды изоляция құрайтын ені 100-150 метр;
      5) жасыл желектердi қорғау - жасыл желектердi, көгалдандырылған аймақтарды жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндiруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;
      6) жасыл желектердi жою - жасыл желектердiң өсу процесiнiң тоқтауына әкелiп соғатын зақымдану;
      7) жасыл желектердiң зақымдануы - ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу процесiнiң тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердiң ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;
      8) көгалдандырылған аймақтар - табиғи және жасанды жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орын тепкен, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлер, мекен-жайлар, қоғамдық, iскерлiк, коммуналдық, өндiрiстiк жерлерге арналған құрылысы шағын аймақтар;
      9) көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағы - тұрғындар үшiн пайдаланылатын аймақ: бақшалар, бақтар, мәдени және демалыс бақтары, мемориалдық кешендер, скверлер, бульварлар, көшелер мен көлік магистралдары, жағалаулық орман-бақтар, лугобақтар, гидробақтар;
      10) көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы - тұрғын-жай құрылысы, азаматтық, өндірістік құрылыстар, халыққа қызмет көрсету мекемелері, емдiк, оқу және ғылыми мекемелер, халықтың жекелеген топтарының пайдалануына арналған санитарлық-қорғау аймақтары;
      11) көгалдандырылған арнайы аймақ - тәлiмбақтар, гүлдiк-оранжереялық шаруашылық аймақтары, көрмелер, ботаникалық, дендрологиялық және зоологиялық бақтар, зираттар;
      12) өтемдiк көгалдандыру - жойылған немесе зақымданған жасыл желектердiң қайта өндiрiсi;
      13) өтемдiк құн - жасыл желектердiң зақымдануы немесе жойылуы кезiндегi олардың құндылығын есепке алу үшiн тағайындалған, жасыл желектердi күтiп-баптауға және тұрғызуға жұмсалған шығындарды қосқандағы құндық бағалануы. Өтемдiк құнға, екпелердi қайта өндiру (отырғызу), оларды ұзақ уақыт күту шығындары, сонымен қатар жасыл желектердiң тұрған орны және сапалылығы, құндылығына байланысты анықталған экологиялық шығынның орнын толтыру енедi;
      14) санитарлық-қорғаныс белдеуi - көгалдандырылған арнайы, қаланы өндiрiстiк кәсiпорындардан бөлiп тұрған қала тектес мекендер бөлiгi, көлемi және ұйымдастырылуы, қоршаған ортаға өндiрiстiк зиянды әсерiнiң сипатына байланысты болатын аймағы;
      15) селитеб аумақ - қалалардағы жалпы пайдаланыстағы тұрғын үй, қоғамдық құрылыстар, көшелер, алаңдар мен жасыл көшеттер орналасқан жер учаскелері;
      16) сквер - алаңды, қоғамдық орталықты, магистралды безендіру элементі болып табылатын, қысқа мерзімді демалуға және жүргіншілердің жүруіне арналған шағын көлемді жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;
      17) уәкiлеттi орган - жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша атқару органы."
      4) Қағида қосымшамен толықтырылсын (қосымшаға сәйкес);
      5) 14 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: "Азаматтардың, заңды тұлғалардың өз пайдалары нәтижесінде жүргізген (жүргізілетін) жасыл желектерді жоюдың өтем құны, осы қағиданың 13 тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда ескертіліп, қосымшаға сәйкес өтем бағалымын есептеумен өтеуге жатады.".

      ІІІ шақырылған қалалық
      мәслихаты кезекті ХХVІ
      сессиясының төрағасы                       А. Лепекоршев

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарағанды қаласының
      Қазыбек би атындағы аудан әкімі            А. Сәлімбаева

      Қарағанды қаласы
      Октябрь ауданының әкімі                    А. Ессе

      Қарағанды қаласы бойынша
      мемлекеттік
      санитарлы-эпидемиологиялық
      қадағау департаменті
      филиалының бастығы                         Т. Хамитов

      Қарағанды қаласы
      Қазыбек би атындағы
      ауданның ішкі істер
      басқармасының бастығы                      М. Қашкеев

      Қарағанды қаласы
      Октябрь ауданының ішкі істер
      басқармасының бастығы                      Т. Нұрғалиев

      Қарағанды қаласы әкімі
      аппаратының мемлекеттік-
      құқықтық бөлім бастығы                     Е. Ахметов

      Қарағанды облыстық орман және
      аңшылық шаруашылық аймақтық
      басқармасының бастығы                      А. Бербер

      Қарағанды облыстық қоршаған
      ортаны қорғау аймақтық
      басқармасының бастығы                      Б. Смағұлов

Қарағанды қалалық мәслихатының
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
N 12 шешіміне қосымша

2005 жылғы 10 наурыздағы
қалалық мәслихаттың
N 3 шешімімен бекітілген
Қарағанды қаласында жасыл
желектерді күтіп ұстау мен
қорғау Қағидасына қосымша

Қарағанды қаласы бойынша жасыл желектерді жою үшін төлем алу құны (өтем бағамы)

Ағаштар мен бұталардың тұқымы

Өлшем бірлігі

Төлем алу құны

Қаланы көгалдандыруда кең пайдаланылатын жапырақты бұталарды жою

Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

1200

Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрден 1 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

2400

Діңгекшенің диаметрі 1 сантиметрден 1,5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

3600

Діңгекшенің диаметрі 1,5 сантиметрден 2 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

4900

Діңгекшенің диаметрі 2 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

6000

Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын жапырақты және қылқан жапырақты бұталарды жою

Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

3700

Діңгекшенің диаметрі 0,5 сантиметрден 1 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

7300

Діңгекшенің диаметрі 1 сантиметрден 1,5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

11000

Діңгекшенің диаметрі 1,5 сантиметрден 2 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

14500

Діңгекшенің диаметрі 2 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

18200

Қаланы көгалдандыруда кең пайдаланылатын жапырақты ағаштарды жою

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

2400

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

4900

Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

7300

Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

9700

Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

12100

Қаланы көгалдандыруда пайдаланылатын жапырақты ағаштарды жою

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

4900

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

9700

Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

14600

Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

19400

Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

24300

Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын жапырақты және кең пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаштарды жою

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

7300

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

14500

Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

21800

Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

29100

Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

36400

Қаланы көгалдандыруда сирек пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаштарды жою

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

24300

Діңгегінің диаметрі 5 сантиметрден 10 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

48600

Діңгегінің диаметрі 10 сантиметрден 15 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

72800

Діңгегінің диаметрі 15 сантиметрден 20 сантиметрге дейін

бір данасы /теңге

97100

Діңгегінің диаметрі 20 сантиметрден және одан жоғары

бір данасы /теңге

121400

     Ескерту:
     1. Жеке тұрған ағаштардың өтем бағамы кейін діңгегінің диаметрі бойынша анықталады. Өйткені қала жағдайында көрсетілген биіктікте өлшеулерді тұрақты өткізу мүмкіншілігі жоқ, әсіресе желектерді заңсыз жою жағдайында, ал мұндай жағдай болмаған себепте, төмен, бірақ жер деңгейінен 30 сантиметрдегі биіктіктен кем емес. Өтем бағамын есептеу кезіңде көптеген ауытқылардан болмауы үшін оны кесте бойынша жүргізу ұсынылады, қай жерде ағаштар топтарға діңгек диаметрлерінің сатысы бойынша бөлінген - саты қадамы 5 сантиметр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады