2005-2006 жылдары күзгi-қысқы аңшылықты ашу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 274 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 қазанда N 1924 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 01-30-1018 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.11  № 01-30-1018 хатымен.
      Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға 2005 жылға арналған лимиттердi бекiту туралы" 2005 жылғы 19 наурыздағы  N 253 , "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 31 желтоқсандағы  N 1469 , "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 31 желтоқсандағы  N 1458 қаулыларына сәйкес, облыс әкiмияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

        1. Қосымшада көрсетiлген аумақта және  мерзiмде жабайы құстар мен терiсi бағалы аңдарды күзгi-қысқы маусымдарда аулауға рұқсат етілсін.

      2. Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасына (келісім бойынша):
      1) аңшылық шаруашылығын жүргiзушiлер арасында жабайы құстар мен терiсi бағалы аңдарды аулау лимитiн бөлiп беру;
      2) облыстың жабайы аңдарын қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету;
      3) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат берудi ұйымдастыру  ұсынылсын.

      3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық iшкi iстер департаментіне (келісім бойынша) сенiп тапсырылған аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамаларын сақтауына қатаң бақылау орнату ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнің орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсiн. 

      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкiмi                             Б. Палымбетов

Маңғыстау облысы әкiмиятының
2005 жылғы 28 қыркүйекте
N 274 қаулысына қосымша

2005-2006 жылдары Маңғыстау облысындағы күзгi-қысқы аңшылық
МЕРЗІМІ

N

Аң-құс түрлері

Мерзiмi

Аумақ 

1

Көгершiн, кептерлер 

2005 жылдың 15 қазаннан бастап 30 қарашаны қоса

Бостанқұм
Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

2

Үйректер, қаздар, суқұзғыны,

       Шәукiлдек

2005ж. 15 қазаннан бастап 30 қарашаны қоса (жабайы үйректрге көктемгі аңшылық мерзімде 15 күнтізбелік күннен асырмай 2006 жылдың 1 наурыздан 10 мамырға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі )  

2005ж. 15 қазаннан бастап 30 қарашаны  қоса (шәукілдіктерге аңшылық аң аулайтын иттердiң тұқымымен 2006 жылдың 15 наурызынан  бастап 10 мамырын қоса)

Бостанқұм
Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

3

Кекiлiктер

2005 жылдың 15  қазаннан 30 қарашаны қоса 

Бостанқұм
Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

4

Түлкi, қарсақтар

2005 жылғы 1 қарашадан бастап 2006 жылғы 15 ақпанын қоса

Бостанқұм
Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

5

Қоян

2005 жылғы 1 қарашадан бастап 2006 жылғы 15 ақпанын қоса

Бостанқұм
Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

6

Қабан

2005 жылдың 15 қазаннан 31 желтоқсанды қоса

Желтау-Көлеңкелі

7

Қасқыр шиебөрі

жыл бойы

Қаратау тауы
Голубая бухта
Ащысор
Теңіз жағалауы
Қаражанбас
Желтау-Көлеңкелі
Қияқты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады