Заңды тұлғалық белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 1 наурыздағы N 60/2 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 24 наурызда N 2927 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы N 185/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.20.06. N 185/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының  27-бабы  1-тармағының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992  жылғы 15 қаңтардағы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер  туралы" Заңы  6-2 - бабының  2-тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Заңды тұлғалық белгiлерi жоқ шағын дiни топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi қоса берiлiп отырған нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
      2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi заңды тұлғалық белгiлерi жоқ шағын дiни топтарды  есептiк тiркеудi Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 
2005 жылғы 1 наурыздағы   
"Заңды тұлғалық белгiлерi жоқ
шағын дiни топтарды есептiк 
тiркеудi ұйымдастыру туралы"
N 60/2 қаулысымен     
бекiтiлдi          

Заңды тұлғалық белгiлерi жоқ шағын дiни топтарды
есептiк тiркеудi ұйымдастыру жөнiндегi
нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық заңды тұлғалық белгiлер жоқ шағын дiни топтарды (бұдан әрi - шағын дiни топтар)есептiк тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi және Павлодар облысының барлық аумағында жұмыс iстейдi.
      2. Шағын дiни топтарды есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы"  Заңына  сәйкес iске асырылады.
      3. Тiркеушi органда тiркелуге тиiстi шағын дiни топтарға заңдық тұлға мәртебесiндегi Қазақстан Республикасының дiни бiрлестiктерiнiң бiр құрылымы болып саналатын жергiлiктi дiни қауымдастықтар жатқызылады.
      4. Шағын дiни топтарды есептiк тiркеу осы субъектiлердiң дiни қызметтi заңды iске асыруларының заңды тәсiлi болып табылады және тiркеушi органның журналына шағын дiни топ жайында мәлiметтер енгiзу арқылы iске асырылады.  

  2. Шағын дiни топтарды есептiк тiркеу тәртiбi

      5. Шағын дiни топ тiркеушi органда есептiк тiркеуден өткен кезден бастап дiни қызметiн iске асыру құқына ие болады. 
      6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi аппараттарының дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi органдары шағын дiни топтарды есептiк тiркеуге алады.
      7. Шағын дiни топты тiркеуге алу үшiн оның басшысы немесе өкiлеттi тұлға тiркеушi органға мына құжаттарды ұсынады:
      1) шағын дiни топтың атауы, уағыздалатын дiнi, орналасқан жерi, топ басшысы туралы мәлiметтер, кәмелетке толған мүшелерiнiң саны, ғибадат үйi және оның қызметiн iске асыру аумағының шегi көрсетiлген есепке алу туралы өтiнiштi;
      2) құрылымына шағын дiни топ енген заңдық тұлға мәртебесiндегi дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн.
      8. Есептiк тiркеу қатаң есептегi арнайы журналға шағын дiни топ жайындағы мынадай мазмұндағы мәлiметтер енгiзу арқылы iске асырылады:
      1) тiркеу нөмiрi;
      2) тiркелу мерзiмi;
      3) шағын дiни топтың атауы;
      4) шағын дiни топтың мекенжайы;
      5) құрылымына тiркелетiн шағын дiни топ енген дiни бiрлестiктiң атауы;
      6) уағыздалатын дiнi;
      7) шағын дiни топ басшысының немесе уәкiлеттi  тұлғасының аты-жөнi;
      8) шағын дiни топтың кәмелетке толған мүшелерiнiң саны;
      9) ғибадат үйiнiң барлығы.
      9. Есептiк тiркеу құжаттар ұсынылғаннан кейiнгi 15 күннен аспайтын мерзiмде iске асырылады.
      10. Тiркеушi орган тiркеу журналына мәлiметтер енгiзгеннен соң шағын дiни топтың басшысына немесе уәкiлеттi тұлғаға жергiлiктi атқарушы органда есепке алынғаны жөнiнде тиiстi анықтама берiледi.
      11. Шағын дiни топтағы өзгерiстер болған жағдайда тiркеушi орган есепке алу журналына  осылар жайында  тиiстi мәлiметтер енгiзедi. 
      12. Шағын дiни топтарды есепке алу жөнiндегi мәлiметтер, сондай-ақ есепке алу журналына енгiзiлген  өзгерiстер мен толықтырулар облыс iшкi саясат департаментiне жiберiледi.
      13. Шағын дiни топ өз қызметiн нақты доғарса немесе әдiлет органдарында дiни бiрлестiк не дiни бiрлестiк филиалы және өкiлдiлiгi ретiнде тiркеуден өткен жағдайда жергiлiктi атқарушы органнан тiркеуден шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады