Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 313/9 қаулысымен.
Облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" N 26 шешiмiне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы "Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiн бекiту туралы" N 201/9 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 44/2
қаулысымен
енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 28 ақпанда N 2317 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 30 наурыздағы 36-нөмiрiнде жарияланды) Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережелерiн бекiту туралы" N 201/9
қаулысына
(облыс әдiлет департаментiнде 2002 жылғы 16 қазанда N 1493 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2002 жылғы 19 қазандағы 120-нөмiрiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының тақырыбындағы "беру Ережесi" деген сөздер "беру жөнiндегi Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 1-тармағындағы "қоса берiлiп отырған Ереже" деген сөздер "қоса берiлiп отырған Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(бұдан әрi - Ережелер)" деген сөздер "(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 1-1-тармағындағы "облыс коммуналдық меншiк департаментiнiң шешiмiмен" деген сөздер "облыс қаржы департаментiнiң шешiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жазбаша ұсынуынан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органдарымен келiсiлгеннен немесе жазбаша ұсынымнан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"облыс коммуналдық меншiк департаментi шешiмiнiң негiзiнде" деген сөздер "облыс қаржы департаментi шешiмiнiң негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiнде:
көрсетiлген ереженiң тақырыбындағы "беру Ережесi" деген сөздер "беру жөнiндегi Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 1-тармағындағы "Осы Ереже" әзiрлендi" деген сөздер "Осы Нұсқаулық" әзiрлендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 4-тармағындағы "коммуналдық меншiк департаментi" деген сөздер "облыс қаржы департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және баланс ұстаушысының келiсiм бойынша" деген сөздер "немесе баланс ұстаушысының ұсынысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кейбiр жағдайларда облыс қаржы департаментiнiң алқа шешiмi негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар Жалға берушi бола алады.";
көрсетiлген ереженiң 22-тармағындағы 7)-тармақша алынып тасталсын;
көрсетiлген ереженiң 28-тармағындағы 1)-тармақшада "бiр күн бұрын" деген сөздер "үш күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 49-1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетiлген ереженiң 50-тармағы "ведомстволық қорғауға" деген сөздерден кейiн "немесе баланс ұстаушыға" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген ереженiң 52-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"52. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) облыс қаржы департаментi берген жағдайда жалдау төлемi жергiлiктi бюджетке немесе жалға берушi шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын болғанда кәсiпорын кiрiсiне аударылады.";
көрсетiлген ереженiң 56-тармағындағы "Осы Ережемен" деген сөздер "Осы Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов